Жаңа сабақтар

«Әке жолы – ізгі жол» пікір сайыс

Тараз қаласы, ОБМСДБМИ-ның аға тәрбиешісі Абдикаримова Мұғалима Керімбайқызы

Тақырыбы: «Әке жолы – ізгі жол» пікір сайыс

Сабақтың мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой — пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.

уақыты Сабақ кезеңдері Жұмыс түрі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3 мин Ұйымдасты-

ру кезеңі

Кіріспе бөлім

Психологиялық дайындық

(топқа бөлу)

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Кіріспе сөз:

«Ана – сая болар бағың болса,
Әке — асқар тауың» дейді халқымыз, бүгінгі кешімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке шаңырақтың тірегі. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше

Сәлемдеседі.

Суретпен жұмыс

15 мин Негізгі бөлім Көрініс көрсету.

Пікір алмасу

Ұлағатты ұлттық ұғымдар
(Бұл кезеңде халықтың кие тұтқан сандарының құпиясын ашамыз)

1.(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?)

Әке мен бала әңгімесі деп аталатын көріністі тамашалаңыздар.Баласы: – Ата, онда маған сұрақ қойыңызшы.әкесі: — Балам, үйдің алтын қазығы кім? Баласы: әке, үйдің алтын қазығы – бала.әкесі: – Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.Әкесі – Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?Баласы: – әке, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке.әкесі: – Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.Әкесі:- Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет? Баласы: -Әке, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.Әкесі: – Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тіршіліктің нәрін береді, от – өмірге жалын береді, тұз – астың дәмін келтіреді, қыз – өмірдің сәнін келтіреді, ақыл – өмірдің мәнін келтіреді.
1.Көрініс бойынша пікір алмасу
2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай жауап берер едіңіз?

2.Балаларға сұрақ:
1.Сен әкеңді мақтан тұта аласың ба? Әлде ол жайлы ештеңе айта алмайсың ба?
2.Әкенің туған күні, айы, жылы?. 3.Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?

4. Әкенің ізгі қасиеттері

5. Әкенің пікірі сен үшін?

3 кезең Презентацияны тамашалаңыздар
Баланың жас ерекшелігі мен әкесі туралы ойлары

5 жасында: Әкем бәрін біледі
10 жасында: Әкем көп нәрсе біледі
15 жасында: Әкемнің білетінін мен де білемін
20 жасында: Шындығына келсек, әкем негізі көп ештеңе білмейді
30 жасында: Әкемнің де пікірін білсем, артық болмас
40 жасында: Әкем, не де болса, кейбір нәрселерді менен жақсы біледі
50 жасында: Әкем барлығын біледі.
60 жасында: Қайран әкем, өмірде болса, өзінен сұрар едім

3 саны Үш жүз. Үш жұрт.Үш асыл.Үш даусыз Үш жүз-Ұлы,Орта,Кіші
Үш жұрт-Өз жұрты (ағайын), Нағашы жұрты, Қайын жұрты.

4 саны Төрт тұлға. Төрт құбыла.
Төрт тұлға-От,су,жел,жер
Төрт құбыла-Шығыс, Оңтүстік,Батыс,Солтүстік

5 саны Бес асыл. Бес қару.
Бес асыл- Талап, еңбек,ой,қанағат, сөз Бес қару-Садақ, мылтық,найза,қылыш,айбалта.

6 саны Алты алаш.Алты игілік. Алты асқар.Алты амал.
Алты алаш-қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрікмен, қырғыз, ноғай.
Алты игілік- Денсаулық, қазына, дос, әйел(жар), білім, бала(ұрпақ)

7 саны Жеті ата. Жеті қазына.
Жеті ата-ата, әке, бала ,немере, шөбере, шөпшек, немене
Жеті қазына-Ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім, жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық, жүйрік тазы.

3,4,5,7 саны Үш би.Төрт түлік. Бес кесепат. Жеті ғалам.
Үш би-Төле би,Қаз дауысты Қазбек,Әйтеке би
Төрт түлік-Түйе пірі ойсылқара,жылқы пірі қамбар ата, сиыр пірі зеңгі

Тапсырмаларымен танысады.

Пікір алмасады.

Көрініс

Плакаттар

Презентация

7 мин Қорытынды: Қорытынды:
Шешесін ұқпайтын
Әкеден ықпайтын
Ұл болмайды.
Шешеге тартпайтын,
Әкеге жүк артпайтын
Қыз болмайды-деп тегін айтпаған.

Әке өзінің баласын қандай күйде көргісі келетінін күні бұрын ойластырады. Әрине, ешбір әке өз баласына жамандық тілемейді. Ең асылын, ең жақсысын баласына беріп, «мен көрген қиындықты балам көрмесінші» деп тілейді. Мұны сезіп, сол ойды ақылына қондырып, санасындағы терең түйсікпен біліп жатқан бала болса, ондайдан айналып кетесің ғой. Бірақ өмірде олай бола да бермейді. Әке мен шешенің айтқанын тыңдамай, «өзімбілемге» салып қателікке бой алдырғандар аз ба? Сөйтіп жүріп жарық күнде адасқандар аз ба? Мұның бәрі отбасындағы рухани дағдарысқа әкеледі. Оның ар жағында отбасының құлдырауы жатыр. Әке әр қашанда қара шаңырақтың иесі болып қалуы керек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.