Жаңа сабақтар

Баткалова Гулнар Тулегеновна

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы «№ 14 Алғабас ЖОББМ» КММ

Химия пәнінің мұгалімі Баткалова Гулнар Тулегеновна

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

Мектеп: «№14 Алғабас ЖОББМ»КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Баткалова Г.Т.

Күні: Қатысқандар саны:

Сынып: 7 -сынып Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Элемент, қоспалар және қосылыстар.

Лабораториялық тәжірибе №1 «Заттардың қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру салыстыру»

Оқу мақсаттары 7.4.1.1 элементті бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсінеді

7.4.1.2 таза заттың құрамы тұрақты екенін біледі

7.4.1.3 элемент – жай зат, қоспа және қосылыс түсініктерін ажыратады

Сабақтың мақсаты
  • Барлық оқушылар білу керек:
  • элементті бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсінеді.
  • таза заттың құрамы тұрақты екенін біледі, қауіпсіздік ережесін біледі.
  • Көптеген оқушылар білу керек:
  • Қоспаларды жіктейді, кесте толтырады, экспериментке сүйене отырып, процесті түсіндіреді
  • Кейбір оқушылар білу керек:
  • Элемент – жай зат, қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алады
Бағалау критерийі
  • элементті бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсінеді.
  • таза заттың құрамы тұрақты екенін біледі, қауіпсіздік ережесін біледі.
  • Элемент – жай зат, қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алады
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:

  • Заттардың түрлі агрегаттық күйлерін сипаттау бойынша түйінді терминдерді дұрыс пайдалана алу;
  • Күй өзгерісіне қатысты өз бақылауларын көрсету және түсіндіру;
  • Химиялық зертханада жұмыс қауіпсіздігін талқылай алады

Қауіпсіздік техника ережелерін құрастыра алады

Пәнге қатысты лексика мен терминолагия

элемент,қосылыс, қоспа, химиялық реакция, түрлі/тұрақты пропорция, атомдар, ажырату, қайтымды, қайтымсыз, дәлел, араластыру, жағу

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер

Х-ты бөліп алу У-пен салыстырғанда көбірек/азырақ қиындық туғызады, себебі…

Қоспалар қосылыстардан қалай ажыратылады?

У қарағанда Х бөліп алу анағұрлым/азырақ қиындық туғызады, неге?

Егер араластырған/жаққан/ қыздырғанда A және B бірге C болып табылады,онда Д не болғаны

Құндылықтар Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын топта орындау арқылы өзара қарым-қатынас жасау қабілетін дамытатын тұлғаны қалыптастыру
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану,биология
АКТ қолдану дағдылары таныстырылым
Алдыңғы білім жаратылыстану (химиялық қосылыстардың қолданылуы)
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Топтық жұмыс

(4 мин)

  1. Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
  2. Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберді құру арқылы бір-бірінің бойындағы жақсы қасиетті табиғат құбылысына теңеп жылы лебіздерді білдіреді.
  3. Топқа бөлу. Сан мен әріптер жазылған әртүрлі фигуралармен топқа бөлу.
  4. «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы өткен материалды қайталау.
  1. химия ғылымы нені зерттейді?
  2. Химия пәнінің мақсаты қандай?
  3. Химия пәнінің міндеттері?
  4. Химия кабинетіне жұмыс жүргізілу кезінде, қауіпсіздік техника ережелерін сипаттап беріңдер?

ҚБ : « Бағдаршам әдісі»

Әртүрлі фигуралар

Қызыл, сары, жасыл түстері бар бағдаршам

«Ой қозғау»

(3 мин)

«ой қозғау» әдісі (сыныппен жұмыс)

«Жаңа сабақ тәжірибе » арқылы ашылады

Темір мен күкірт үгінділерін араластыру.

1. Мына заттарды атаңдар: (Темір мен күкірт)

2. Осы екі затты қосқанда не пайда болады?

ҚБ: жауап берген оқушыларды фишкамен ынталандырам

Фишкалар
Сабақтың ортасы

(20 мин)

Сурет .ойлан ,тап»әдісі жұптық жұмыс

  1. тапсырма Төменде берілген суретте А, В, С, D әртүрлі заттар берілген:

(а) Қандай суретте тек элемент берілгенін анықтаңыз ________________________

(b) Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз ________________________________________ ____________________________________________________________________

Дескриптор Білім алушы — суреттен химиялық элементті көрсетеді; — өзінің таңдауын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

  1. тапсырма «сиқырлы куб әдісі»

а) Элемент дегеніміз не?

ә) Қоспа дегеніміз не?Қоспаның қандай түрлерін білесіздер?

б) Таза зат дегеніміз не? Таза зат пен қоспаның айырмашылығы?

в) Қоспа мен қосылыстың айырмашылығы?

3-тапсырма «ойлан,жұптас,талқыла» әдісі (топтық жұмыс)

1-топ Мыналардың :

а) ауа

ә) оттек

б) теңіз суы

в) өзен құмы

г) мыс

қайсысы таза зат,қаисысы заттардың қоспасы екенін көрсетіңдер.

2-топ төменде берілген :

а) су буы

ә ) гранит

б ) полиэтилен

в ) тіс тазалайтын паста

қайсысы химиялық қосылыс,қайсысы қоспаға жатады

3-топ қоспалар арасында берілген бір артық сөзді көрсетіңдер:

а)ауа ,түтін , оттек, тұман

ә)мұнай , спирт, су,ацетон

б)өзен құмы ,қант, темір кені, цемент.

Суретпен жұмыс

Дескриптор

6мин 1-зертханалық тәжірбие. Заттарды және олардың қосылыстарын салыстыру

Темір, күкірт,темір-күкірт қоспасы және темір сульфиді үлгілерін көрсету

қасиеттері темір күкірт темір-күкірт темір сульфиді
түсі
агрегаттық күйі
баяу қыздырылуы
суда ерігіштігі
хлор сутек
магниттік қасиеті
Қ.Б

мадақтау

Сабақтың соңы

5 мин

Үйге тапсырма: Элемент, қоспалар және қосылыстар.

2-4 тапсырма

Саралау

«Қорытынды» тәсілі (сыныппен жұмыс) сабақтың мақсатына сәйкес оқушылардың деңгейлерін анықтадым

Төмендегі заттарды элемент, қоспа, қосылыстарға жіктеңіз: майонез, теңіз суы , ауа,сутегі, топырақ, темір, көміртек(графит)көмір қышқыл газы,пепси кола, қант, цемент,әктас, бром.

Элемент қоспа қосылыс
біртекті әртекті

Барынша қолдау:

Тәжірбиені ретімен жүргізу,эксперимент жұмысын орындауда

Орташа қолдау— эксперимент жұмысын орындауда.

Аз қолдау— не байқалғанын анықтауда.

Дескриптор Зертханалық тәжірибе нәтижесінде қатысты тұйын жасайды

Танымдық ойлау дағдыларын дамытады.

Қолжеткен сабақ мақсаты –олар қоспаны қыздырғанда химиялық реакция жүріп қосылыс түзетінін біледі.

Эксперимент, тәжірибе жасаған кезде қауіпсіздік техника ережесін сақтау
«Білемін, Білдім,Білгім келеді» әдісі арқылы оқушылар сабаққа рефлексия жасайды. Нәтижесінде оқушылардың ұсыныстарын ескере отырып келесі сабақты жоспарлаймын. Өз ойларын стикер қағазына жазып, тақтаға жапсырады Стикер
Саралау Сабақтың басында «есте қалған терминдер» әдісі арқылы оқушылардың өткен тақырып бойынша бүкісыныпты қамти отырып, білімдерін қорытындылауға бағыттау «қазына іздеу жолында» әдісі арқылы оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбын ашуға ынталандыру. Сабақтың ортасы «лабораториялық тәжірибе » арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты түсінуіне итермелеу, саралуау тапсырмаларын жеке оқушыға беру арқылы әр оқушының жеке білім деңгейлерін анықтау, Сабақтың соңында оқушылардың білімін

«4 сөйлем әдісін» пайдалана отырып бекіту, қорытындылау

Бағалау Оқушы білімінің жетістігін «бағдаршам көздері», «үш минуттық үзіліс», «миыңның суретін сал» сияқты қалыптастырушы бағалау әдістерін пайдалана отырып бағалаймын. Мақсатым-оқушылардың сабақ бойынша алған жетістіктері мен қиыншылықтарын анықтап, , оларды әрі қарай дамытудың жолдарын қарастыру Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«көршімнің суреті» сергіту сәті, шаттық шеңберін жасау

Сабақ бойынша рефлекция
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге

назар аудару қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.