Жаңа сабақтар

Шиндалинова Нұржамал Куанышқызы

ШҚО Семей қаласы «№15 ЖОББИ» КММ

математика пәнінің мұғалімі Шиндалинова Нұржамал Куанышқызы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.3 В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп:
Күні: Мұғалімніңаты-жөні:
Сынып: 5 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы Ондық бөлшектерді дөңгелектеу
Осысабақтақол

жеткізілетіноқу

мақсаттары(оқу

бағдарламасынасілтеме)

5.1.2.32

ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеуді орындауды түсініп, айта алады;

Оқушылардың басым бөлігі: ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеуді артығымен, кемімен жуықтауды ажыратады;

Кейбір оқушылар: ондық бөлшектерді дөңгелектеуге берілген мәтіндік есептерді шығарып, талқылайды.

Бағалаукритерийі ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектейді
Тілдік мақсаттар ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеудің ережесін айта алады;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: разрядтар, ондық бөлшек, ондық үлес, бүтін бөлік, бөлшек бөлік, дөңгелектеу, артығымен, кемімен, жуықтау.

Диалогқа, жазылымға сәйкес тіркестер:

Егер … болса, онда оның сол жағындағы цифрды өзгертпеу керек.

Егер алынып тасталынатын бірінші цифр 5,6,7,8 немесе 9 цифры болса, онда …. керек.

Ондық бөлшекті бүтінге дейін дөңгелектеу үшін … керек.

Ондық бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелектеу үшін … керек.

Құндылықтарғабаулу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы негізінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану
Алдыңғыбілім Натурал сандарды дөңгелектеу, ондық бөлшектердің оқылуы мен жазылуы.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

( 3 минут)

(5минут)

Психологиялық ахуал: «Шеңбердегі тілек»

Үй тапсырмасы: «Элективті тест» әдісі арқылы үй жұмысы тексеріледі

1. 52,1356 санын ондық үлеске дейін дөңгелекте

А) 52,1356; В)52; С) 52,13; Д) 52,1; Е) 52,136

2. 52,1356 жүздік үлестерге дейін дөңгелекте

А) 52,1356; В)52,14; С) 52,13; Д) 52,1; Е) 52,136

3. 52,1356 мыңдық үлестерге дейін дөңгелекте

А) 52,1356; В)52,14; С) 52,13; Д) 52,1; Е) 52,136

Интерактивті тақта

Бес түсті стикерлер

Сабақтың ортасы

(30 минут)

Практикалық бөлім Егер үй тапсырмасына толық жауап болмаса, «Мылқау пікірталас» әдісі, толық жауап болса «Үш қадамды сұхбат» әдісі қолданылады.

Оқулықпен жұмыс:

Тапсырма №1(№983). Белсенді әдіс: «Мылқау пікірталас»

Жуық теңдіктерді оқып, қандай разрядқа дейін дөңгелектенгенін түсіндіріңдер:

  1. ;
  2. ;
  3. ;
  4. ;
  5. ;
  6. .

Белсенді әдіс: Үш қадамды сұхбат»

Тапсырма №2

Ондық бөлшек Дөңгелектеу разряды Жуықтап алынған мәндері
артығымен кемімен
2,36 0,1
16,783 0,01
3,8147 0,001

Дескриптор:

  • ондық бөлшектерді ондық үлестерге дейін артығымен дөңгелектейді;
  • ондық бөлшектерді жүздік үлестерге дейін кемімен дөңгелектейді;
  • ондық бөлшектерді мыңдық үлестерге дейін артығымен дөңгелектейді.

Кейбір оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін:

Тапсырма №3 (№999)

Жай бөлшектерді мыңдық үлестерге дейін дөңгелектенген ондық бөлшек түрінде жазып, кестені толтырыңдар.

Жай бөлшекпен
Ондық бөлшекпен

Дескриптор:

  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады;
  • ондық бөлшектерді мыңдық үлестерге дейін дөңгелектейді;.

«Бүгін үйренгенім»әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жасаймын.Конверт ұсынылады, ішінде сабақ тақырыбына сай сөйлемдер , сөз тіркестері, терминдер болады.Тілдік мақсат- академиялық тіл.

Денсаулықты сақтау технологиясы бойынша Сергіту сәті: «Күн сәулесі түседі … » әдісі

Шығармашылық тапсырма

Сыр дихандары 2015 жылы күріштің әр гектарынан 5,05 т өнім жинады, ал 2016 жылы одан 1,5 есе артық өнім жинады. Екі жылда барлығы қанша өнім жиналды? Жауабын бүтінге дейін дөңгелектеңдер.

Дескриптор:

  • қысқаша берілгенін жазады
  • өрнектерді жазады
  • есептеулерді жүргізеді
  • ондық бөлшекті бүтінге дейін дөңгелектейді.

Қалыптастырушы бағалау «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»

5-сынып Математика

Т.А. Алдамұратова,

Е.С. Байшоланов,

Қ.С. Байшоланова

85 б

5-сынып Математика

Т.А. Алдамұратова,

Е.С. Байшоланов,

Қ.С. Байшоланова

87 б

Стикер

Сабақтың соңы

(2 мин)

(5 мин)

Үйге тапсырма: §7.10 Ондық бөлшектерді дөңгелектеу. 85 бет, №989

Тақырыпты басшылыққа алып, математикалық сауаттылықты дамыту үшін өмірдегі қолданыс орнын анықтау.

Кері байланыс: «5-5-1» әдісі

5-сынып Математика

Т.А. Алдамұратова,

Е.С. Байшоланов

Қ.С. Байшоланова

85 бет, №989

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақтың басынан соңына дейін бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын. Деңгейлік тапсырмалар пайдаланып, көмекке мұқтаж оқушыларға қолдау көрсетіп, саралау жүргіземін. Үй тапсырмасын тексеру білу үшін «Элективті тест» әдісін қолданамын.

«Мылқау пікірталас» , «Үш қадамды сұхбат» әдістері арқылы оқушылардың біліктілігін дамытамын.

Тапсырмаларды орындау барысында «Бүгін үйренгенім», «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалау жасаймын.

Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту «Күн сәулесі түседі … » әдісі
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары қолжетімді болады деп есептеймін. Барлық оқушылар оқу мақсатына қажеттілік деңгейін қанағаттандыратындай сабақты жүргіземін деп ойлаймын. Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, оқушыларға берілетін тапсырмаларды қажет деңгейде саралап жүргізуге тырысамын.
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. «Элективті тест» әдісі бойынша үй тапсырмасының тексерілуі барлық оқушылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етеді.
  2. ««Мылқау пікірталас» , «Үш қадамды сұхбат» » әдістері бойынша тапсырмалар беру, әртүрлі деңгейдегі оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыра алады деп ойлаймын.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. «Бүгін үйренгенім» әдісінде жағымды пікір, сындарлы пікір және келешекке ұсыныс айтуда сөйлеу мәнерлері, сыни тұрғыда ойларын дұрыс жүйелеп тұжырымдай алуы қалыптаса бастайды деген ойдамын.
  2. «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдісі бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалауы нақты, дәлелді болады деп болжаймын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.