ШҚО Семей қаласы (№15 ЖОББИ» КММ
Физика пәнінің мұғалімі Жакашев Бауыржан Берикжанович
Сыныбы: 9 Пәні: физика
Сабақтың тақырыбы | § 10 Ньютонның І заңы |
Сілтеме | Жоспар |
Жалпы мақсаты |
|
Күтілетін нәтиже |
|
Негізгі идеялар | Берілетін ұғымдар: санақ денесі, санақ жүйесі, Ньютонның бірінші заңы.
Қозғалмайтын деп қабылданған дене – санақ денесі деп аталады. Санақ денесі, онымен байланысқан координат жүйесі мен синхрондалған сағаттар жиынтығы санақ жүйесі деп аталады. Ньютонның бірінші заңы: егер денеге басқа денелер әсер етпесе, онда бұл дене түзусызықты және бірқалыпты қозғалады; оның жылдамдығы модулі бойынша да, бағыты бойынша да өзгермейді. Инерция заңы орындалатын санақ жүйелері бар.Мұндай жүйелерді инерциялық санақ жүйелері деп аталады. |
Тапсырмалар | Топтық жұмыс «Жигсо» |
Тапсырмалар | Жұптық жұмыс «Пилот — Штурман» |
Тапсырмалар | Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
-
- Сәлемдесу
- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
- Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
- Үдеудің қандай түрлерін білеміз?
- Дененің шеңбер бойымен қозғалысы барысында центрге тартқыш үдеу болады деп ойлайсыңдар ма?
- Олай болса центрге тартқыш үдеу дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
- Қандай санақ жүйесі инерциалық деп аталады?
- Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?
- Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
- Қандай санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесіне жатады
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ | Бағалау өлшемдері | Көш
басшы |
Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы |
1 | Тақырыптың ашылуына үлес қосу | ||||
2 | Міндетін атқару | ||||
3 | Топтық жұмысқа атсалысуы |
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот — Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Ньютонның І заңына мысал келтір?
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1 | Білу | Ньютонның І заңы дегеніміз не? |
2 | Түсіну | Санақ жүйесі мен денесі дегеніміз не? |
3 | Қолдану | Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірілуі тұрғанда бір қалыпты қозғалыс жасай ала ма? |
4 | Талдау | Вагон ішіндегі адамды екі санақ жүйесінде салыстыр? |
5 | Жинақтау | Ньютонның І заңына күнделікті өмірмен байланыстыра мысал келтір? |
6 | Бағалау | Дененің орын ауыстыруында Ньютонның І заңының маңыздылығы қаншама? |
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар | Шағын эссе жазу |
Кейінгі оқу | §10 Ньютонның І заңы |