Жаңалықтар

МЕМОРАНДУМ. Ақпараттық серіктестік туралы

«03» желтоқсан 2019 жыл

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (РЭжБӘИИ) мен «Қаламгер ТЕН» ЖШС қарасты бұқаралық ақпарат құралдары: http://www.45minut.biz Халықаралық Интернет ресурсы, «45minut.kz Республикалық газеті», «Білім жолы Нұрлы жол» Республикалық журналы (бұдан әрі жеке-жеке «Тарап» және бірге «Тараптар» деп аталатындар) арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды мойындай отырып, ақпарат тарату саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрі дамытуға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Жалпы шарттары
1. Тараптар осы Меморандумның және ҚР заңнаманың, қағидалардың, нормалардың шарттарына сәйкес ақпарат тарату мен білім беру саласындағы шеберлік пен шығармашылықты арттыруды, оқу орындары жүргізетін оқу мен зерттеулерді қолдаудағы ынтымақтастықты нығайтуға, ілгерілетуге, дамытуға ақпарат саласында кәсіби дамуына үлес қосуға келісті.
2. Қорғаныс министрлігіне қарасты барлық бөлімшелердің (оқу орындары мен әскери бөлімдері) ақпараттық материалдары, баспасөз хаттары РЭжБӘИИ баспасөз қызметі арқылы келісіліп, «Қаламгер ТЕН» ЖШС қарасты БАҚ-қа жолданады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.