Жаңа сабақтар

Тулегенова Айжан Хакимовна

Тақырыбы: «Қар ханшайымында қонақта»

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін

қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру.

Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

Қар ханшайымы: Роза.О

Аяз ата: Жұлдыз

Ақшақар: Айнур. Е

Фиксики: Жанар. Б , Айнур .К Тышқан: Кулбаршын .М

Балалар әуен ырғағымен залға кіреді.

Жүргізуші: Жаңа жылмен барлығыңды құттықтаймын! Ол барлық адамдарға мейірім, шаттық, бақыт әкелсін. Сіздердің барлықтарыңызға денсаулық, қуаныш және мерекелік жақсы көңіл күй тілейміз.

Құттықтау сөз «Айнагүл» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Нұрмағамбетова Алия Темирболатқызына беріледі.

Жүргізуші: Балалар бізді бүгін бізді ертегімен керемет кездесу күтіп тұр. Ертегі біздің есікті қағып тұрған сияқты, оған «Кір!»деп айтамыз.

Ертегіде бәрі болады, алдымызда не болады екен?

Мәртебелі Қар ханшайымы залға кіріп, өзінің тағына отырады.

Жүргізуші: Сәлем бердік сізге аса мәртебелі Қар ханшайымы!

Қар ханшайымы: (тұрады) Сендерді өз мұз сарайымда көргеніме өте қуаныштымын. Мен көркем, әрі нәзік Қар ханшаймымын. Мен мұз сұлуымын! Мен суықтың, мұздың ханшайымымын.Аяз бен суықты ұнатамын. Өте тамаша кезең десеңші! Барлығың менің бұйрығымды тыңдаңдар.Сіздер кешіктірмей ойын -сауықты бастаңыздар!

Қол ұстасып шыршаның жанында ән айту.

Жүргізуші : Ән: «Шырша»

Қар ханшайымы: Балалар, міне жаңа жыл мерекесі келді.Жаңа жыл мерекесі жылына бірақ рет келеді. Жаңа жыл мерекесінің сәні: Аяз ата мен Ақшақар сол кісілерімізді ортаға шақырайық.

Аяз ата, Ақшақар (3рет)

Әуен ырғағымен Аяз ата мен Ақшақар залға кіреді

Аяз ата:Амансың ба,ұлдарым

Амансызба қыздарым.

Қандай жарқын жүздерін

Қандай әсем билерін

Аяз ата сендерге

Шаршап келді алыстан

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, қоңақтар мен балалар. Өздерің де аман-есенсіңдер ме,менің балғын достарым.Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп,әсем ән айтып,би билеңдер,таңдайларынды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер.Аяз атаның дорбасында барлығыңа жететін сыйлық бар.Ой,шыршаларың қандай әдемі ,керемет!

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар сендерді көптен күттік.Қош келдіңіздер! Мына шырша қандай әдемі, балалар қандай сүйкімді.Мына ортада тұрған шыршамыздын шамдары жанбай тұр.Біздер бүгін жаңа жыл мрекесін тойлауға жиналдық. Шырша шамдарын жағайық.

Қар ханшайымы: Мен әр түске боялып шыршаның жарқырағанын қалаймын.

Аяз ата: Абрыка-дабрыка!

Шырша тезірек жана ғой,

Әр түрге сен ене ғой,

Жасыл сұлу шыршамыз!

Шырша шамдары жанады, балалар шапалақтайды.

Қар ханшайымы:Мен енді балалар сендерге ойын ала келдім.Сендермен ойын ойнағым келіп тұр. «Мұз жинау»

Шарты: Кім қарды корапқа тез жинайды және көп жинайды.

Жүргізуші:

Сарайдың шамы жарқырап ,

Жаңажылдық мерекені бастады,

Ән төгіліп жан жақтан,

Баршаны биге шақырады !

Қар ханшайымы:

Керемет, керемет! Мерекеміз басталды!

Әншіміз біздің қайда екен,

Сендермен билесем болар ма екен?

Би: «Алға қадам,артқа қадам»

Әуен ырғағымен Фиксики кіреді

Фиксики : Симка мен Нолик теледдардан түсіп қалады.

-Ой біз қайда келдік. Балалар қандай әдемі сүйкімді.Сендерде қандай мереке болып жатыр. Аяз атадан көмек сұрайды.

Жүргізуші: Сендер балабақшаға келдіңдер,бізде жаңа жыл мерекесі болып жатыр.

Фиксики: Енді біз өз теледидарымызға қалай қайтамыз.

Жүргізуші: Сендер біздің балалардың ән ,билерін тамашаландар, сосын өз теледидарларына қайтасыздар.

Фиксики: Қуанып, енді көңіл көтеретін болдық қой.

Жүргізуші: Ән: «Кішкентай шыршамыз

Фиксики: Жарайсындар балалар , өте көңілді ән екен. Көңілдеріміз көтеріліп қалды ғой.

Жүргізуші: Қызықты кешті жалғастырамыз .Ортаға бәрінізді шақырамыз. Бізбен бірге «Аппақ дала,аппақ қар» биін биленіздер.

Жүргізуші: Аяз ата сіз сыйқырлы таяғынмен фиксиктарды үйіне қайтарыңыз.Аяз ата сиқырлы таяғы мен Фиксиктерді

Аяз ата: Аяз ата сиқырлы таяғы мен Фиксиктерді теледидарға қайтарады. Жарқырайды шыршамыз,жарқырап тұр!

Уақыт келді сыйлықтарды тарататын!Қызым! сыйлықтарды шығара ғой!

(Ақшақар сандық ашса сыйлықтар жоқ)

Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық

толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,

жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?

(сол бір сәтте залға Тышқан кіреді.)

Тышқан : Сәлеметсіздер ме!Мен сендерді құттықтауға келдім осы жыл тышқан жылы.

Аяз ата: тышқан сен менінің қапшығымды жолда кездеспедін бе?

Тышқан:келе жатырсам алдымда қапшық .Сендердікі шығар деп, сендерге ала келдім.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! Рахмет саған тышқан сыйлықтарды алып келген үшін. Енді біздің балалармен көңіл көтеріп бірге ойын ойнайық «Ақшақарға қуып жету»

Қар Ханшайымы: Құрметті аса қадірменді қонақтар! Балл кешінің болғаны қандай жақсы! Рұқсат етемін барлықтарынды құттықтап ,сыйлықтар табыс етілсің!

Аяз ата: Достарым! қоштасу керек,мені басқа балабақша тосып отыр.

Маған өте өлеңдері мен билерін ұнады

Мен сендерге Жаңа жылда бақыт,денсаулық тілеймін!

Сендердің жүздерінен күлкі кетпесін деймін!

(Сыйлықтар таратылады)

Қар Ханшайыммен қоштасамыз; Балл кеші жабық деп жариялаймыз.

Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсың солай ,әрбір күнің әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын,балалар!

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!

Құрметті қонақтар,балалар,Жаңа жыл құтты болсын!

Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

08.02.2017ж «Гүлдер» ортаңғы топ Тәрбиеші: Тулегенова А Х

Білім беру саласы: Әлеумет.Шығармашылық

Ұйымдастырылғаноқуіс-әрекеттүрі:Қоршаған ортамен танысу /Аппликация

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтар.

Мақсаты: Балаларды ойыншықтармен таныстыру,оларды сапаларымен ,қасиеттері туралы түсінік жүйелеу және толықтыру.

Дамытушылық:Заттарды пішіндеріне қарай топтастыруға үйрету.Оларды сипаттай білуін меңгерту.

Тәрбиелік: Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: әртүрлі материалдан жасалған ойыншық түрлері.

Қажетті құрал-жабдықтар: Суреттер,музыка,құрастыруға арналған материалдар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше болып отыр.Бізге бүгін көптеген қонақтар келді.Қон-ақтармен амандасайықшы.

Үлкенгеде сіз.

Кішігеде сіз.

Үлкендерді құрметтеп.

Бас иеміз біз!

Тәрбиеші:балаларды шаттық шеңберге

шақырады.

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

.

Балалар қонақтармен

амандасады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.

йымдастырушылық – ізденістік Тәрбиеші: балалар мен сендерге жұмбақтар жасырғым келеді .жауабын тауып көрейікші.

Жұмбақ:

1.Аяғы бар ,жүрмейді,

Аузы бар,күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

2.Қалқиып ұзын құлағы,

Елендеп қорқып тұрады.

Қуыршақпен ,қоян қандай затқа жатады.

Ия,дұрыс айтасындар ойыншықтар затына жатады.Бүгін біз сендермен ойыншықтармен көбірек танысамыз.Балалар үстел үстіндегі ойыншықтарға назар аударындаршы.

-Ой, бізге қонақ келе жатқан сияқты.(музыка әуенімен буратина кіреді)

Қонаққа Буратино келеді. Үстел үстінде тұрған бірнеше ойыншықтарды көріп таңырқайды.

  • Балалар, мына үстел үстіндегі жатқан заттар не?
  • Ойыншықтарды жеуге бола ма?
  • Ал мына қарбызды қараңдар, қызық, өзі жеп-жеңіл екен (допты көрсетеді).

Тәрбиеші:Ол қарбыз емес, ол — доп, бірақ қарбызға ұқсастығы бар. Өйткені ол домалақ. Бірақ қарбызды жерге ұрсаң бөлініп қалады, ал допты жерге ұрсаң ыршиды.

Доппен қалай ойнауға болады?

Ол неге секіреді?

Тәрбиеші:— Доптың секіретін себебі: оның ішінде ауа бар, ал жеңіл болатын себебі, оны резеңкеден жасаған.

Буратино қолына енді қуыршақты алады.

  • Мына қыз менің Мальвина деген досыма ұқсайды екен.

Тәрбиеші:

Ол — қуыршақ, оның аты — Әйгерім. Қуыршақтың қыздан айырмашылығы сол, ол сөйлемейді, өзі жүріп-тұра алмайды, киімін өзі кию білмейді.

Буратино:

-Қуыршақ сонда ауырып қалған ба?

Тәрбиеші:

— Жоқ, ол ауырып қалған жоқ. Ол ойыншық қой

  • Сонда оны кім шомылдырып киіндіреді?
  • Бәсе, киімдері тап-таза, өзі де мұнтаздай. Бірақ түкке түсінбей тұрғаным, сонда қуыршақты сендер өздерің жасап қойдыңдар ма? Неден жасадыңдар?

Буратино өзіне ұқсайтын жұмсақ ойыншықты көреді.

  • Балалар, мынау маған ұқсайды екен. Бірақ денесі, мұрны, барлығы да жүп-жұмсақ. Міне, ұстап көріңдерші.
  • Енді түсіндім, допты резеңкеден, қуыршақты пластмассадан, ал Буратиноны мата мен мақтадан жасайды екен. Дұрыс айттым ба?

Педагог:

Кішкене қателестің. Допты, қуыршақ пен Буратиноны әртүрлі материалдан да жасауға болады деп мата мен мақтадан, резеңкеден, ағаштан жасалған қуыршақтар мен буратино және т.б. ойыншық түрлерін көрсетіп түсіндіреді. Қосымша құрылыс ойыншықтары мен мозаика ойыншықтарын көрсетіп, оның неден жасалғандығын, бұл ойыншықтармен қалай ойнауға болатындығын айтып, ақпарат береді. Ойыншықтармен ойнау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін ескертеді.

Балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға машина, қуыршақ, кірпі, күшік, робот, автобус, құрылыс материалдары, т.б. әртүрлі материалдан жасалған ойыншықтардың ішінен өзіне ұнаған ойыншықтың біреуіне сипаттама жасауды, екінші орталықтағы балаларға ойыншықтарға арнап үй құрастыруды тапсырады.

Екі орталықта жұмыс істеген балалардың жұмыстарын бірікжандып, сергіту сәтін жасауға шақырады.

Сергіту сәтін өткізу.

Сағаттың тіліндей солға бір оң аяқ,

Сол аяқ жаттығу оңай-ақ.

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары төмен қарайың,

Орнымызды табайық.

Алақанды ұрайық.

Педагог дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.

Жұмбақтың жауабтары

Қуыршақ

Қоян

Олар ойыншықтар

заттарына жатады.

Балалар Буратиноның келгеніне қуанып, онымен амандасады.

  • Олар — ойыншықтар.
  • Жоқ жеуге болмайды. Ойыншықтармен ойнайды.

Балалар доппен ойнап көрсетеді.

Ол қуыршақ.

Сол себепті сөйлей алмайды.

шомылды- рады және киімдерінде жуып, үтіктеп киіндіреді.

Біз жасаған жоқпыз, қуыршақты барлық ойыншықтарды жасағандай арнайы зауыт, фабрикаларда үлкен ағалар мен тәтелер пластмассадан жасайды.

Бірінші орталықтағы балаларөздеріне ұнаған бір ойыншыққа зерттеу жүргізіп, сипаттап (қандай ойыншық, қандай материалдан жасалған, онымен кімдер ойнайды т.б) береді. Екінші орталықтағы балаларойыншықтарға арнап үй құрастырып, соңынан барлық құрастырған үйлерді біріктіріп қалашық (городок)жасайды.

Рефлексиялық — түзетушілік Буратино.

-Сонда оны кім шомылдырып, киіндіреді.

Тәрбиеші:

-Қуыршақты қыздар ойнаған кезде шомыл-дырады және киімдерінде жуып үтіктеп киіндіреді.

Буратино: Бәсе ,киімдері тап-таза,өзі де мұнтаздай.Бірақ түкке түсінбей тұрғаным.

Сонда қуыршақтың сендер өздерің жасап қойдыңдар ма?

Неден жасадыңдар?

Тәрбиеші:

Қуыршақты барлық ойыншықтарды арнайы зауыт, фабрикаларда үлкен ағалар мен тәтелер әр түрлі құрлыс материалдардан жасайды.

Буратино жұмсақ ойыншық аюды көреді.Маған ұқсайды екен.

Тәрбиеші:

-Балалар аю ,буратинаға ұқсайды ма?

Аю жұмсақ матадан жасалған ба?

Буратино:

-Енді мен түсіндім,допты резеңкеден,

қуыршақты пласмассадан,ал аюды жұмсақ матадан жасайды екен. Дұрыс айттым ба?

Тәрбиеші:Осы үстел үстіндегі ұнаған ойыншықты алуға болады.Сол ойыншық туралы тақпақ айтып беріндер.

1.Отырғызып мысықты,

Машинаға сүйредім,

Қорқақтығын мысықтың, Мирас

Бірақта мен білмедім.

2.Қоңжығым жерге құлады,

Жұлынып қалды құлағы.

Сақтаймын енді биікте,Ерасыл

Мен үшін қымбат тұрады.

3.Қатты жаңбыр астында,

Қоян иесіз қалыпты. Зарина

Орындықтан түсе алмай,

Бас-аяғы суға малныпты

4.Қолдан ұшқан ала доп,

Су бетіне тоқтайды. Алдияр

-Тыныш,қызым,жылама !

Добың суға батпайды.

5.Добым,добым,дюмалақ,

Қайда кеттің домалап. Азиза

Секіртейін келе ғой,

Маған билеп бере ғой.

Балалар енді сендер осы ойыншықтарды сипаттап беріндер.

Енді осы қолдарындағы ойыншықтарды сындыруға бола ма?

Сергіту сәті:

Біз ойыншықпен ойынаймыз,

Қоян сияқты секіреміз.

Аю сияқты қорбандап,

Қу түлкідей жүгіріп,

Қуыршақпен дос болып,

Бір керіліп аламыз.

(Көліктің дауысы шығады)

Тәрбиеші:Балалар бізге тағы біреу қонаққа келе жатқан сияқты.(Көлік кіреді)

Маквейн:-Сәлеметсіздер ме!

Менің атым маквейн.Мен сендерден көмек сұрап келдім.

Тәрбиеші:Балалар біз көмектесеміз бе?

Маквейн: Менің досым қоңаққа шақырды. Бірақ онда барлық көліктер,әдемі,көрікті сәнделген.

Мен ғана осындаймын ешқандай сәнім жоқ.

Сендер маған көмектесе аласындар ма?

Рахмет балалар сендерге,менің көңілімді көтердіңдер.

Ойын: « Орнында не жоқ?»

Тәрбиеші:бізде саған балалардан тағы сыйлығымыз бар.

Өлең: «Ойыншықтар»

Маквейн: Рахмет, менде де,сендерге сыйлығым бар!

Балалармен қоштасады.

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Балалардың жауабы қыздар жуындырып, киіндіреді.

Біз жасаған жоқпыз.

Жоқ ұқсамайды.

-Иә.

Балалар буратино

ағаштан жасалған

Дұрыс.

Қолдарына алған ойыншықтар неден жасалған екенің сыйпаттап береді.

Балалартар жауабы ойыншықты сындыруға болмайды.

Өлең жолдарына қатысты қимыл-қозғалыс жасайды.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.

Иә.

Балалар маквейн көлігін әдемілеп наклейкалар жапсырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықтардыңкөлемі, түсі, материалы жағынан алуан түрлі болатынын, бір ойыншықтың бірнеше материалдан жасалуы мүмкін екендігін; ойыншықтарға зер салып, әрекет ету жолдарын.

Игереді: ойыншық түрлері, олардың жасалу жолдары, оларды жасайтын адамдар туралы әңгімелеуді.

Меңгереді: өздеріне ұнаған ойыншықтарды зерттеу арқылы зерттеу жүргізудің қарапайым тәсілін; ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарауды; достарымен ойыншықтарды бөлісіп ойнауды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.