Жаңа сабақтар

Еділова Ғайша Кушербаевна

Тәуелсіздік ұлық той.

Бүгін туған еліміздің,туған жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына 28 жыл толыпты.

Құрметті қонақтар,қымбатты балалар тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол — Әнұран

Сезім биігі,төзім шыңы, ол — Әнұран
Әннің асылы,ұранның басымы, ол — Әнұран
Әнұран орындалады

Рахмет балалар.Сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
-Балалар,біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан

-Қ.Р.президенті кім?
-Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев.

-Ал енді балалар әр елдің өзінің заңдары,рәміздері болады.Сол сияқты біздің де өзіміздің заңдарымыз,рәміздеріміз бар.

Қане балалар өз еліміздің рәміздерін атайықшы.

Ту,елтаңба,әнұран.

Ту:

Мынау біздің туымыз аспан түстес көгілдір.Ортасында шуағын шашқан күн бейнеленген.Күннің астында қалықтай ұшқан қыран құсы бейнеленген.

Елтаңба:
Қараңыздаршы балалар елтаңбамыз қандай тамаша!

Ортасында қазақтың қара шаңырағы,шапағын шашқан күн сәулесіне ұқсайды.Екі жағында қанатты тұлпар орналасқан.Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз жарқырайды.

Әнұран:
Ал мынау әнұранымыз.Балалар әр мемлекеттің өзінің әнұраны болады.Әнұранды салтанатты жиындарды орындайды.Әнұран орындалған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып оң қолымызды,сол жақ жүрегіміздің тұсына қойып орындаймыз.

Балалар тақпақтары:

Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы. Бексұлтан

Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн Айназ
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.

Мерекеге шығады
Бүкіл халық біліп қой, Ясмина
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлық той.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын, Азиза

Жүрегімсің Қазақстан!

Отан асыл анамыз,

Ана сүтін ақтаймыз, Досымжан

Есейгенде ер болып
Елді жаудан сақтаймыз.

Атамекен ақ үйдің
Азат болған күні бұл. Айқаракөз

Құндақтағы сәбидің,

Қазақ болған күні бұл.

Би:Жаса Қазақстан

-Жарайсыңдар балалар,Қазақстан Республикасының еркіндік алып тәуелсіздікке жеткен күні ол 16желтоқсан.

Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ.1986 жылы 16желтоқсанда үлкен көтеріліс болды,оған қазақтың жас ұлдары мен қыздары қатысты. Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев,Сәбира Мұхамеджанова,Ләззат Асановалар болды.Олар Отан үшін,сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты.Осы аға-апаларымыздың арқасында ешкімге бағынбай,тәуелсіз мемлекет болдық.

16 желтоқсанда біздің елімізде тәуелсіздік мерекесі тойланады.

Тәуелсіздік құрбандары құрметіне балалар тақтаға гүл шоқтарын оргаластырады.

Хор:Көк тудың желбірегені.

Тамашалағандарыңызға көп рахмет! Заманымыз тыныш болсын! Балаларымыздың езуінен күлкі кетпесін!Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбірей берсін!

Берекелі алтын күз

Жүргізуші:Сары жібек көйлегін желбіретіп

Жапырағын ағаштың селдіретіп,

Тойға бөлеп елімді күзім келді

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Бүгінгі «Құлыншақ» тобы дайындаған «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Мінеки алуан түрлі жапырақтармен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді.

Ел байлығын арттырған мерекелі де,берекелі күз мереесі құтты болсын!

Құттықтау сөз кезегін балабақша әдіскері:Ертүгелова Зухраға береміз.

Топ бүлдіршіндерін музыка әуенімен ортаға шақыру.

Хор: «Алтын күз»

Балалар тақпақтары:

Біреу астық түсіріп,

Біреу астық ұшырып Болат Айназ

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Қыстың жақын қалғанын

Жапырқтар білгендей

Желмен ұшып барады Әмина

Жерге қонып үлгермей.

Алқаптан бидайды

Қоймаға жинайды. Жаннұр

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен.

Күздің қазан айында

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып Бексұлтан

Желмен бірге түседі.

Біз кішкентай балдырған

Қорықпаймыз жаңбырдан Ясмина

Төбемізде қолшатыр

Алдымызда жол жатыр.

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толған дәмді нан Альберт

Тәттісі көп не түрлі.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға Досымжан

Шақырады біздерді

Күзім,күзім,күзім ау

Мінезің бұзық ау

Жаңбырың сіркіреп, Айжұлдыз

Келгенің қызық ау.

Жүргізуші:Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы»келіпті.

Қошеметпен ханшайымды қарсы алайық.

-Сәлеметсіңбе «Күз ханшайымы».

Күз ханшайымының қолында достарына арналған хаты бар екен.Хатта былай жазылыпты: «Менің тапсырмаларымды орындасаңдар, мерекені сендермен бірге өткіземін»,-деп тұр.

Орындаймыз ба?

Олай болса хатты ашып тапсырмаларын орындайық.

Жұмбақ:Ағайынды бәрі

Шықса жасыл,

Түссе сары.

2.Күзде неше ай болады?

3.Күз мезгілінің ай аттарын атаңдар?

Жүргізуші:Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Күздің тойын тойлайық

Би билейік,ойнайық.

Би: «Мамбо» Наурыз Әмина

Жүргізуші: Ендігі кезекті ата-аналар арасында өткізілген күзгі өнімдерден жасалған «Күзгі қиял» атты сайысқа береміз.

Би: «Чунга чанга»

Ойын:Ата анамен

Би: «Мысықтар»

Ән: «Алтын күз» Болат Айназ

Ән: «Күзгі вальс» Наурыз Әмина

Марапаттау кезеңі

Кешімізді қортындыламас бұрын сөз кезегі ата анаға беріледі.

Осымен «Құлыншақ» тобы дайындаған «Берекелі алтын күз»атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Біздің балапандарымызды қолдап,қолпаштап келген ата ана, қонақтарға көп рахметімізді айтамыз

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.