Жаңа сабақтар

Жакупова Маржан Дүйсенбековна

Қарағанды облысы Нұра ауданы А.Асылбеков атындапғы ЖОББ мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Маржан дүйсенбенковна

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Әдебиеттік оқу Мектеп:А.Асылбеков атындағы ЖОББ мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар

бөлімі: Менің отбасым және достарым

Қатыспағандар Қатысқандар:

Күні: Сынып: 2

Сабақ тақырыбы Сүйікті әжем
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.2.6.1 — кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы : «Айгүлдің әңгімесі» мәтініндегі кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалайды

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Айгүл мен әжесіне тән ортақ мінезі бар жерді мәтіннен тауып оқиды

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Мәтіндегі кейіпкерлердің суретін салады

Бағалау критерийі Мәтінді оқиды, түсінеді. Мәтіндегі кейіпкерлердің сыртқы келбетін, мінез –құлқы мен іс-әрекетін анықтайды.
Тілдік мақсаттар Тіркес сөздер: зейнетақы, турашыл, іркесіп-тіркесіп
Құндылықтар Алған білімдерін өмірде қолдана алады
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі, бейнелеу өнері
АКТ қолдану дағдылары Слайд
Бастапқы білім Мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажыратады
Сабақтың жоспары
Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы : Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Ширату жаттығуы

Оқушылар бір-бірімен амандасып сәттілік тілейді.

  • Біз қандаймыз,қандаймыз?
  • Талабы биік таудаймыз.
  • Әжемізді сыйлаймыз,
  • Ақылын тындаймыз.
  • Айтқан тілін аламыз,
  • Біз әдепті баламыз.

Топтастыру: «Қағаз қиындылары»

Бірнеше ашық хаттарды топ құрамындағы оқушылар саны бойынша қиып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беремін. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы 3 топқа бөлінеді

Таспа арқылы

көңілді әуен қосып қою.

Сабақтың ортасы Таспадан Қ.Әбілдинаның «Асыл әжем» әнін тыңдату

(Б) «Сұрақтар қою және талқылау» әдісі

— Балалар, сіздерге ән ұнады ма?

— Бұл ән кімге арналған?

— Сіздердің әжелеріңіз бар ма?

— Әжені сүйесіз бе?

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сүйікті әжем».

Сабақтың мақсаты: Марат Қабанбайдың «Айгүлдің әңгімесі» мәтінін оқимыз, талдаймыз, мәтіндегі кейіпкерлердің сыртқы келбетін, мінез –құлқы мен іс-әрекетін анықтаймыз

МК (Б) «Түсіндіру және сипаттау» әдісі

Мәтіннің авторы туралы оқулықтағы сызба бойынша қысқаша хабарлама жасаймын. М.Қабанбай –жазушы,аудармашы, Шығыс Қазақстан обылысында туған.

« Оқу әңгімелері» тәсілі

«Айгүлдің әңгімесі» мәтінін оқу, түсіну

Мәтіндегі кейіпкерлерді атаңыз

— Әжесі балауса қыз кезінде қандай болған?

— Әжесі дүкеннен Айгүлге не сатып алады?

— Оқиға кімнің атынан баяндалады?

«Бірлескен оқу» тәсілі

(С) «Тапсырма» әдісі

(МК. Т) 1-топкейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2-топ: мәтіндегі отбасына қатысты аяулы сөздерді жазу, суреттерді сәйкестендіру

3-топ: әженің ерке келін болған кезін тауып оқы

ҚБ. «Бас бармақ» әдісімен бағалау

(С) «Қарқын» әдісі

(МК) «Түймедақ» ойыны

1-топ: түймедақтың ортасына «Сүйікті әжем» сөзі жазылып тұрады.Оқушылар әр жапыраққа әжесіне қатысты сөздер жазып, әңгімелейді

2-топ: әжесінің суретін салады

3-топ: мәтіндегі әже мен Айгүлдің дүкенге барған сәтін сахналайды

(ҚБ): «Шапалақ» әдісімен бағалау

Бағалау критерийі Дескриптор
кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез –құлқы мен іс-әрекетін анықтау Кейіпкердің мінез –құлқы мен іс-әрекетін анықтайды

мәтіндегі отбасына қатысты аяулы сөздерді жазады

әженің ерке келін болған кезін тауып, оқиды

мәтіндегі әже мен Айгүлдің дүкенге барған сәтін сахналайды

(МК. Ж) «Жұптас, ойлан, бөліс» тәсілі арқылы оқулықта берілген жоспар талқыланып, оқушылар өз пікірлерін айтады. Жоспар бойынша мәтін әңгіміленеді

Кері байланыс

(Б) (С) «Қорытынды шығару және есте сақтау» әдісі

  1. Бүгінгі сабақта біз нені білдік?
  2. Айгүдің әжесі қандай екен?
  3. Әже сізді қалай еркелетеді?

ҚБ: ауызша мадақтаймын

(Б) «Бекіту және қолданысқа еңгізу» әдісі

Үйге тапсырма: «Менің сүйікті әжем» тақырыбына эссе жазып келу

Таспа

http://adebiportal.kz/kz/authors/view/2431

Оқу құралы,

суреттер

Түймедақ суреті, маркер, қағаз, түсті қарындаштар, орамал, қуыршақ

Оқу құралы

55 бет

Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия (сандар беремін№1,2,3)

  • Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1
  • Әлі де сұрақтар бар деген оқушы №2
  • Еш нәрсе түсінбедім деген оқушы №3
Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
«Тапсырма» әдісі

«Қарқын» әдісі

«Қорытынды шығару және есте сақтау» әдісі

Бағалау критерийі Дескриптор
кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез –құлқы мен іс-әрекетін анықтау Кейіпкердің мінез –құлқы мен іс-әрекетін анықтайды

мәтіндегі отбасына қатысты аяулы сөздерді жазады

әженің ерке келін болған кезін тауып, оқиды

мәтіндегі әже мен Айгүлдің дүкенге барған сәтін сахналайды

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Рефлексия сандар арқылы жүзеге асады

  • Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1
  • Әлі де сұрақтар бар деген оқушы №2
  • Еш нәрсе түсінбедім деген оқушы №3
Қорытынды бағамдау

Қандайт екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: 2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: 2:

Сабақбарысында мен сыныпнемесежекелегеноқушылартуралыменіңкелесісабағымды

жетілдіругекөмектесетінне білдім?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.