Жаңа сабақтар

Джуманазарова Муножат Шакировна

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылы «Науайы атындағы жалпы орта мектебі» КММ. Бастауыш сынып мұғалімі Джуманазарова Муножат Шакировна

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Білімді ел – мәңгілік ел!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Жас өрендерді Президент Қ.Тоқаевтің халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, Отанын сүюге, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақта, газет, компьютер.Жолдау туралы слайд және Нұр — Сұлтан туралы слайд көрсету.

Түрі: ашық тәрбие сағаты.

Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.

Тәрбие сағатының барысы:

Әнұран орындалады.Оқушыларды сапқа тұрғызып, бәріміз бірге әнұран орындаймыз.

  1. Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа ынтасын аудару.
  2. Психологиялық тренинг. «Шаттық шеңберін» жасау.

Шаттамын мен де!

Шаттанасын де!

Шаттанамыз бәріміз!

Арайлап атқан күнге!

Бәрімізге сәттілік серік болсын!

  1. Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі жаңа оқу жылы құтты болсын!Деніміз сау болып, жаңа белестерге жете берейік! Бүгінгі «Білімді ел – мәңгілік ел!» атты

тәрбие сағатымызды ашық жариялаймын! Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге тырысайық.

4.«Ой қозғау» .Сұрақтар қойып, жауап алу.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

  1. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?

3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?

  1. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?
  2. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?

6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.

  1. Қазақстан қандай табысты елдермен ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс жасауды? Қытай, Малайзия, Түркия елдерімен.

5. Сөзжұмбақ шешу. Қызығушылықтарын ояту.

1.Әлемдік сөзінің синонимі қалай аталады?

  1. Туған ел, туған жер сөздерін тағы да басқалай қалай айтамыз?
  • “ Кім- бауыр етің?” (мақал.)

  • “Бірінші байлық- не?” (мақал.)

  • 5.Қазақстанның астанасы?

    1. “Не –инемен құдық қазғандай?” (мақал)

    6. Жолдау туралы айту.

    Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек!Елбасының «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы — болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы — елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

    7.Сабақты қорытындылау:

    -Балалар, Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ ретінде не істеуіміз керек?

    Өз ойларымызды ортаға саламыз!Өз білетін,дайындап келген өлеңдеріңізді, әндеріміз бен рухты сөздерімізді айтуға рұқсат.

    Қарақат: «Елім, менің!»әнін орындайды.

    Шапағат: «Елбасына»
    Ауыр күнді артымызға тастауы –
    Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
    Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
    Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
    Кәусар: Туды ұстап тура жолға түсіріп,
    Жас Отанның өмірін де түсініп,
    «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
    Бір керемет жасады — ау кісілік!
    Нұртас:
    Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
    Үлкен — кіші, ағайындар – бәріміз.
    «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
    Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
    Халид
    Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
    Болашақтың қасиетті көзіміз.
    Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
    Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз!
    Нұрасыл: Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
    Алишер: Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
    Дінмұхамед: Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
    Інжу: Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
    Риза: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
    Тимур: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

    -Мен 21 — ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
    -Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
    -Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
    -Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
    -Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
    -Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! — деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.
    Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет!

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.