Жаңа сабақтар

«Маңғаз Маңғыстаудың Әбіші»

Төлеп ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, шебер қаламгер Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған «Маңғаз Маңғыстаудың Әбіші» атты балабақша бүлдіршіндеріне арналған көрме өтті.

Көрмеге балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілер, кітапхана қызметкерлері қатысты. Көрме барысында жазушының өмірінен сыр шертіліп, шығармашылығы туралы айтылды. Көрмеде балалар Әбіш аталарының туған жері, өскен ортасымен танысты. Сонымен қатар кітап-журналдарын қызыға қарап, көбірек білуге ұмтылды. Балалар көрмеден алған әсерін бір-біріне жарыса айтып, көтеріңкі көңіл-күймен топқа оралды.

Болашақ өз елінің қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушыларының өмірі мен тарихын терең білетін білімді жас ұрпақ тәрбиелеу — басты борышымыз.

«Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
«Құлыншақ» ересек тобының тәрбиешілері: Еділова Ғ. Қарайдарова Л.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.