Жаңа сабақтар

Сарсембаева Алия Болаткановна

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы

«Асубұлақ орта мектебі» КММ

Физика және математика пәнінің мұғалімі

Сарсембаева Алия Болаткановна

Пәні:физика

Сабақтың аты § 10 Физикалық шама және оларды өлшеу
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты
  • Физикалық шама және оларды өлшеу жайлы мағлұмат беру
  • Физикалық шама және оларды өлшеуді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету
  • Топта бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
  • Физикалық шама және оларды өлшеу жайлы мағлұмат алады
  • Физикалық шама және оларды өлшеуді күнделікті өмірде қолдануға үйренеді
  • Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.

Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қосаөлшем бірлігі.

Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.

Тапсырмалар Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс
Тапсырмалар Топтық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу
    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Табиғатты зерттеу әдістерін ата?
  2. Физикалық теория әдәсінің маңызы неде?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Физикалық құбылыстарды не нәрселер арқылы белгілеуге болады?
  2. Физикалық шама дегенді қалай түсінесіңдер?
  3. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс (5 минут)

Берілген суретті түсіндіру

1)

2)

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Топтық жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)

  1. Физикалық шамалар:…………………………………………………
  2. Физикалық шалардың өлшемдері ………………………………………………………

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар № табиғат құбылыстарына байланысты эссе жазу
Кейінгі оқу §10 физикалық шама және оны өлшеу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.