Жаңа сабақтар

Аяулы ұстаз

Ақтөбе қаласы № 44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп

10 «А» класс оқушысы Мүсірәлі Дана

Жетекшісі: Тлеулиева Гульсара Кемаловна

Өмірде көп мамандықтар бар. Соның ішінде мейірімділікті, шеберлікті, икемділікті, білімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандығы. Ұстаздың ұлылығын қалай бағалауға болады?

Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Ол тек балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен қатар оларды тәрбиелейді. Мұғалім қандай болса, шәкірттері де соған қарай бейімделеді. Яғни, мұғалім білімді болса, тәлім алған оқушылары да білімді болмасына кім кепіл.

Өмірімдегі менің ең асыл, ең ардақты ұстазым – Берманова Сәуле Тағыбергенқызы. Ол кісінің шәкірті болғанымды мақтанып айта аламын. Шәкіртке берері өте көп дегенім аздау болар, мен апайымды алтынға толған қазына дер едім. Мамандығы — тарихшы. Бойындағы бар білгенін шәкірттеріне беруден ешқашан шаршамай, тынбай еңбек етумен келеді. Берген әр бір сабағы мен үшін үлкен олжа деп білемін. Себебі, менің үйренгенім, әліде үйренерім өте көп. Сол ұстазымның арқасында мен қазір дамып келе жатырмын.

Мұғалім белгілі бір сыныпта оқушының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын әрі жауапты, міндетті іс.Сәуле апайым өз уақытын аямайды, түсінбегенімді қайта түсіндіруден жалықпайды. Өте қарапайым болып көрінгенімен баламен тіл табысуы, керек жерінде қайсарлы мінезін көрсетуі ол бір бөлек дүние. Бізді мектеп бітіргенше тәрбиелеп адам қылатын да, жоғары оқу орнын бітіртіп шебер маман қылатын да осы Сәуле апай секілді ұстаздар екенін ұмытпауымыз керек. Көптеген ұстаздардың алдында болдым, бірақ Сәуле апайымды ешкімге ұқсата алмадым, ол кісі бөлек болып жаратылған жан дер едім.

Қазіргі мұғалім балаға тек ғылым негіздерінен ғана емес, дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика салаларынан мағлұмат беріп, өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей, өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Мамандықтың бәрі жақсы, бірақ ұстаздық мамандықтың орны ерекше. Мен де өскенде тарихшы болғым келеді. Сәуле апайымнан үйренген барлық білімімді өскелең ұрпаққа бергім келеді. Білімді ұрпақ тәрбиелеп қоғамға өз үлесімді қоссам деймін.

Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» деген. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға. Ұстаздық ұлы қасиет. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, — дейді.Осы сөздің барлығы Сәуле апайыма айтылғандай. Сабағында түсінемін, шабыттанамын, қиялға беріліп арманмен бірге самғап ұшқандай күй кешемін. Әр сабағын асығып күтемін. . Оның мейірімді жүрегі оқушының талай қателерін кешіре алады. Әр баланың жан-дүниесін біледі, әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастыруда үлкен тер төгіп жүрген ұстаз. Қазіргі біздер – еліміздің болашағымыз.

Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа жол сілтеуші ақылшысы әрбір оқушы өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.

Әрбір шәкірттің жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі жүрек түбінде сақталу – заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.Сәуле Тағыбергенқызындай ұстазы бар адам әр кез бақытты. Себебі әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірегінде, жүрек түбінде сақталады.

Ойымды қорытындылай келе, қырық бес жыл хан сарайында шалқып өмір сүрген патша болсақ та , әкім болсақ та , тілімізден бал тамған ақын болсақ та, қырық бес минутта білім мен тәрбие дәруменін бойымызға дарыта білген ұстазға қарыздар екенімізді ұмытпайық

Ұстаз ұлы тұлға,біз оның алдында әрдайым шәкірт болып қала бермекпіз. Сәуле Тағыбергенқызының шәкірті болғанымды баға жетпес құндылығым деп айтар едім.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.