Жаңа сабақтар

Еслямова Нүргүл Нұрболатқызы

Мичурин ЖОББМБК Бастауыш сынып мұғалімі Еслямова Нүргүл Нұрболатқызы

Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Жер және ғарыш Жер. Ғарыш. Кеңістік пен уақыт.

Күні:15.02.19

Сынып: 2А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Уақытты қалай өлшейміз?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

2.4.3.1 — негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажырату;

2.4.3.2 — ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру;

2.1.2.7 — эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Біздің белгілі бір кеңістікте өмір сүретінімізді, уақытты есептейтімізді біледі.

Бағалау критерийлері Бөлім контексінде оқушылар кеңістік пен уақыт өлшем бірліктері туралы біледі, Ғарыштағы қашықтық пен уақыт рөлін түсіндіреді.
Тілдік мақсаттар Келесі терминдер мен тіркестер қамтылған:

Ғаламшар, Жер, эллипсоид, шар, ось, экватор, полюстер

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Математика пәнінен алған білімдерін қолданады.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, т.б
Бастапқы білім Бөлім контексінде оқушылар кеңістік пен уақыт өлшем бірліктері туралы біледі, Ғарыштағы қашықтық пен уақыт рөлін түсіндіреді.
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір,таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Сұрақ-жауап сандығы.

«Кір жаятын жіп» әдісі

«Суреттер сөйлейді»

Оқушы шығып ғаламшарлар туралы түсінік береді.

Меркурий — ең жеңіл әрі күнге жақын
Шолпан — қызғылт сары дақтары және екі серігі бар ғаламшар
Жер — таңға жуық және кешке қарай көрінетін жұлдыз
Марс — тіршілік бегілері бар жалғыз ғаламшар
Юпитер — ең үлкен ғаламшар
Сатурн — сақиналар жүйесі бар ғаламшар
Уран — негізінен мұздан тұратын, көгілдір түсті ғаламшар
Нептун — күннен ең алыс орналасқан өте қатты жел болып тұратын ғаламшар

Дескриптор:
— Ғаламшарлардың аттарын біледі
— Ғаламшар туралы түсінік береді

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бір-бірін бағалау.

Тақтаға уақытты өлшейтін негізгі өлшем бірліктерінің атауларын жазып қойып,оқушылардан сұрау.Осы сөздерді бір сөзбен қалай атауға болады?

-Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз?

-Сабақтың соңында қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар?

минут;

сағат;

тәулік;

апта;

ай;

жыл.

Оқушылардың жауабын тыңдағасын жаңа тақырыппен таныстыру.

Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Уақытты қалай өлшейміз?

Уақыт-время-time , сағат-часы- clock

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Ғаламшарлар

Уақыт-время-time , сағат-часы- clock

Сабақтың ортасы Тақырыпқа ену:»Уақыт өлшемдері» бейнеролигін тамашалайды.

Жаңа сабақ түсіндіріледі.

Оқушыларға келесі үдерістер немесе құбылыстар жүзеге асуы үшін қанша уақыт қажет болатынын анықтауды ұсыну

Тәжірбиелер

Үш литрлік банканы ағын сумен толтыру;

Тамыр лүпілі арқылы есептелетін жүректің 100 рет қағуы;

Екінші сынып оқушысының 10 рет отырып тұруы;

Бір балауыз шамның жанып бітуі (тортқа қойылатын мерекелік шам).

Тәжірибе барысында нәтижелерді кестеге жазу.

Тәжірибе аяқталған кезде топтардың нәтижелерін салыстырыңыздар.

Кері байланыс

Бұдан не байқаймыз ?

Уақыт өлшемдерінің әр түрлі екенін білеміз.Әр құбылыс уақытпен өлшенеді.Бірақ,әртүрлі өлшем бірліктер арқылы.

Топтық жұмыс

1-топ «Семантикалық карта»Топта оқушылар тапсырма бойынша ай аттарын жазады.

Оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Жыл мезгілдерін және ай аттарын үш тілде айтады

2-топ Қолдану «Кластер» әдісі

Топта оқушылар апта күндерін жазады.Апта неге жеті күннен тұрады?

3-топ Суретпен жұмыс

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бір-бірін бағалау.

Сергіту сәті «Менің Қазақстаным»

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Уақыт өлшемдері» бейнеролигі

А3 форматы

суреттер

Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

1.Тақтада жазылған сөздерді мұқият оқы. Оқушының қатесін тауып, уақыт өлшем бірліктеріне жатпайтын сөздерді сызып таста.

2.Уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен теріп жаз:

Бағалау критерийі

Уақыт өлшем бірліктерін атайды

Дескриптор

уақыт өлшем бірліктерін ажыратады;

уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен жазады.

Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды.

1.Барлық уақыт өлшем бірліктерін атай аламын білемін дегендер бағдаршамның жасыл түсін таңдайды

2. Атауларын білемін, бірақ кейбір уақыт өлшем бірліктерін білмеймін дегендер бағдаршамның сары түсін таңдайды.

3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер бағдаршамның қызыл түсін таңдайды.

Қорытынды.

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Сендер үшін не маңызды болды?

-Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе?

(ҚБ)Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық.

Кері байланыс:

Жасыл түсті сағат «Бұл тақырып маған
өте қызық болды…

Сары түсті сағат «Маған бәрі
түсінікті…»

Қызыл түсті сағат «Маған көмек
қажет…»

Үйге тапсырма

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.