Жаңа сабақтар

Есмаганова Дария Масалимовна

Пәні: Сауат ашу Мен және табиғат. Үү дыбысы мен әрпі
Күні: 12.12.2019 ж Мұғалімі: Есмаганова Дария Масалимовна

Мичурин ЖОББМБК

Сынып: 1 «А»
Cабақтың тақырыбы Мен және табиғат. Үү дыбысы мен әрпі
Осы сабақтың оқу мақсаттары 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру(ұнайды/ұнамайды).

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Бағалау критериі Барлық оқушылар:

әріпті танып, ажыратып, оны дыбыспен сәйкестендіре алады; тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіре алады (ұнайды/ұнамайды); оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдана алады; берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айта алады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоя алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Есептің шешуін дұрыс тауып, өлеңге қатысты өз ойларын білдіре алады; сөздерді қатесіз оқып,топпен белсенді түрле бірлесіп жұмыс атқара алады;

Кейбір оқушылар:

Салыстыру, сипаттау сөздерін жүйелі,нақты,толық түрде айта алады; сөздерді 3 тілде еркін аудармасын айта алады;

Осыған дейінгі меңгерілген білім Ү ү әрпін таниды, баспа түрде жазады.
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Кері байланыс

Ынтымақтастық атмосферасы

Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын!
Сәттілікке толсын!
— Сәлеметсіздерме!
— Здраствуйте!
— good morning!

Ширату «Дұрыс-бұрыс» ойыны

Ойын шарты: дұрыс айтылған ақпарат болса,қолдарын жоғары шапалақтайды, бұрыс болса, төмен шапалақтайды.

1. К қатаң дауыссыз дыбыс (д)
2. Немере сөзі 2 буыннан тұрады (б)
3. Еркін, Дулат, Ырысты сөздері бас әріппен жазылады, өйткені бұл кісі аттары (д)
4. «ауа» сөзінде у жуан дауысты дыбыс болып тұр (б)
5. Мереке мектептен ерте келді. Сөйлем 4 сөзден құралған. (д)
6. Анам,әкем, Арман сөздері кім? сұрағына жауап береді (д)
7. ұн, ұшақ, ұршық сөздері о әрпінен басталып тұр
8. «мысық» сөзінде 2 дауысты дыбыс бар (д)

Суретпен жұмыс

Аулада достар ойнап жүрген. Арман 3 достарының есепке қалай екендерін білгісі кеп,мынандай сұрақтар қойды.

1. Күлшеқызға 2 тиін және 1 қоян қонаққа келді. Күлшеқызға барлығы неше қонақ келді? (3)

2. Қызыл телпек әжесіне 5 тәтті тоқаш әкеле жатқан. Кейін жолдан азық таппай жүрген қоянға кезігіп қалып,оған тоқашының 2 данасын беріп кетеді.Қызылтелпек әжесіне қанша тәтті тоқаш апарды?

3. Суретші қорабынан 6 бояуды шығарды .Ол осы бояудың 3-еуін қолданған жоқ, Суретші қанша бояу қолданған? (3)

Тыңдалым

«Қандай жақсы» (Жәркен Бөдеш)

— Өлең сендерге ұнадыма балалар? Неліктен? (балалардың жауабы тыңдалады)
— Ал балалар біз есептің жауабы болған санды айтайықшы, бұл қандай сан? (үш)
— Үш сөзі қай әріптен басталып тұр?
— Ү-ү-ү (хормен айту)
— Ү қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
— Ү жіңішке дауысты дыбыс,созылып айтылады.
— Ү дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп,алға жылжиды,тіл артқа жылжиды,иек көтеріледі.
— Ү қай әріпке ұқсас?
— Ұ Ү әріптерін салыстыру

Бейнематериал «Ү ү» әріпі

Бейнематериал «Ү ү әрпінің жазылуы»

Мұғалім:

Балалар мен бүгін сіздерге түрлі-түсті кәмпиттер әкелдім.

Олар сондай дәмді екен.

— Ал сендер кәмпит алғыларың келе ме?

— Ендеше біздер мына алмасын бөліп жеген достар секілді тәтті кәмпитімізді де бөліп жейік. Ол үшін кәмпитте берілген тапсырмаларды орындауымыз керек. Бір қызығы балалар біз осы кәмпиттер арқылы әлемдегі ең үлкен, үлкен дүниелермен таныс болады екенбіз. Жасыл түсті кәмпитті таңдап, оның бізге қандай тапсырма дайындағанын көрейік.

«Жасыл кәмпит» тапсырмасы

Оқылым

Топпен берілген сөздерді оқып шығу

үн/үш/сүт/күшік/түлкі/

күн/күш/күт/күміс/күлкі

Қызықты дерегі: «Ең үлкен әрі ауыр мысық»

Әлемдегі ең үлкен әрі ауыр мысық Америкалық «Спанч Боб» атты сары түсті мысық. Оның салмағы 15 кг. Бұл мысықтың салмағы төрт жасар баланың салмағымен бірдей екен. 9 жасар Спанч Бобтан артық салмаққа байланысты ешқандай маңызды ауру табылмаған.

Қызыл кәмпит тапсырмасы

Топпен жұмыс

1-топ: Ү ү әрпі кездесетін сөздерді әріппен сәйкестендіру

2-топ: Сөздерден ү әрпін тауып,астын сызу

3-топ: Ү ү әрпінен басталатын сурет атауын а3-ке жапсыру

4-топ: Түсіп қалған әріпті жазу

Қызықты дерегі: «Ең үлкен ит»

Әлемдегі ең үлкен ит — АҚШ-тағы Геркулес есімді ит. Оның бойы 96 см, салмағы 128 кг. Бар болған үш жастағы ол өзі секілді иттерден өте ірі және ауыр. Оның иесі Г. Флинн: Мен оны күтіп-баптадым, ал ол өсе берді, өсе берді, өсе берді,-дейді

Сары кәмпит тапсырмасы

Ұжымдық жұмыс

Үкі мен үйректі салыстыру

Қызықты дерегі: «Ең үлкен жылан»

Әлемдегі ең үлкен жылан Малайзиядан табылды. Малайзияда құрылыс алаңындағы жұмысшылар әлемдегі ең үлкен жыланды ұстап алды. Алып питонды жұмысшылар құрылыс алаңының қақ ортасынан тапқан. Жыланның ол жерде қалай тап болғаны белгісіз. Оны ұстау қиынға соқты. Бірнеше ер адам алдымен оның аузын байлап, арқанмен буындырып, әрең дегенде қолға түсірген екен. Салмағы 250 келіге жуық, ал ұзындығы 8 метр болып шықты.

Жазылым

-Ү ү әрпін алдымен ауада.кейін дәптерге жазу

Ширату

Жұмбақ

Көлде жүрген көп сиыр,
Жетіп барсаң, жоқ сиыр. (үйрек)

Үйректер қимылын музыканың сүймелдеуімен көрсету

Көк кәмпит тапсырмасы

Жұмбақтарды шешіп, жауабын 3 тілде айту

— Аппақ сұйық,
Қалса ұйып,
Шөлiң қанады,
Iшсең құйып.
(Сүт-молоко- milk)

— Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын?
(Түлкi-лиса- fox)

Адамға серік,
Күзетке берік
(Күшік-щенок- puppy)

Қызықты дерегі — «Ең үлкен гүл»

Әлемдегі ең үлкен гүл таяуда ғана Швейцарияда пайда болды. Гүлдің аты – Титан Арум. Гүлдің биіктігі 2,27 метр болса, салмағы 100 келіні құрайды. Мамандар гүлдің жапырақтары 6 метрге дейін өсетіндігін айтып отыр. Титан Арум – әлемдегі ең үлкен ғана емес, ең сасық гүл де болып табылады. Гүлдің маңына жолай қалсаңыз, шіріген еттің иісі мұрныңызды жарып жіберуге шақ қалады.

— Балалар бұл жұмбақтардың жауабы болған сөздерді ортақ әріп қай әріп екен?

— Ү-ү-ү. Ү ү жіңішке дауысты дыбыс, ол сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл–күйді бет–әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Аудио-үнтаспа

Дид.материал

Бейнематериал

Кәмпит салынған қорап және кәмпиттер

Жасыл түсті кәмпит және оқулық

Қызыл түсті кәмпит, а3, маркер, қима суреттер

Сары түсті кәмпит, а3, қима суреттер

Слайд

Дәптер

Жұмбақ

Көк түсті кәмпит

Слайд

смайликтер

Дифференциация Бағалау АКТ, пәнаралық байланыс
Ү ү әрпі қатысқан сөздерді жазуды ұсыну Дескриптор:

1. Әріпті танып, ажыратып, оны дыбыспен сәйкестендіреді; тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді (ұнайды/ұнамайды); оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады; берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды.

2. Есептің шешуін дұрыс тауып, өлеңге қатысты өз ойларын білдіреді; сөздерді қатесіз оқып, топпен белсенді түрле бірлесіп жұмыс атқарады;

3. Салыстыру, сипаттау сөздерін жүйелі, нақты, толық түрде айтады; сөздерді 3 тілде еркін аудармасын айтады;

Математика, дүниетану, көркем еңбек пәндерімен байланысы;

Саралау, талдау, сын тұрғысынан ойлау, дәлелдеу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.