Жаңа сабақтар

Садыкова Ақгүл Төлепбергеновна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мектеп: Мичурин ЖОББМБК

Мұғалім: Садыкова Ақгүл Төлепбергеновна

Білім беру салалары: Таным

Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: 7 саны

Мақсаты:

Білімділік: 7 саны және цифрымен таныстыра отырып қазақ халқының әдет-ғұрып

жөнінде мағлұмат беру. Дамытушылық: ауызша есептеуге,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: қазақ халқының әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,машықтық.

Қажетті көрнекі құралдар:қалталы полотно, суреттер, кеспе сандар.

Қостілділік компонент:7 саны–цифр семь – seven.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі -Балалар өткен оқу іс-әрекетінде қандай санмен таныстық?

6 дейін тура және кері санау.

6 санының құрамын білесіңдер ме?

6 санының көршілерін атаңыз?

6 санын 3 тілде атай аласыз ба?

6 саны және цифры.

1,2,3,4,5,6

6,5,4,3,2,1

6 6 6 6

5 1 3 3 2 4 1 5

5 және 7сандары.

Алты-шесть-six

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде 7 саны және цифрымен танысамыз.

7 саны өте киелі сан.

Себебі 7 күн,7 ата, 7 шелпек, 7 түс, 7 қазына.

Балалар әр адам өзінің 7 атасын білу қажет. 7 саны неге ұқсайды?

Қалталы полотнодағы нәрселерді санау арқылы 7 санын шығарып аламыз.

6+1=7

7-1=6

7=7

7 7 7 7

6 1 4 3 1 6 3 4

7 санының көршілерін білесіңдер ме?

Сергіту сәті:

1,2,3 бойға жинап күш,

Қолға қалам аламыз.

Әдемі етіп жазамыз.

Дәптермен жұмыс.

№1 тапсырма: сурет бойынша жұмыс. Шаршадағы сандарды тауып боя.

№2 тапсырма: 7 санының құрамын табу. 4 санының құрамын табу.

№3 тапсырма:Тиінге жаңғақтарды бөліп салуға көмектес.

№4 тапсырма: 7 санының жазылуын меңгерту.

Ертегі «Жеті лақ».

Сурет бойынша ретімен санауға үйрету.

Дидактикалық ойын. «Қай сан жоқ».

Мақсаты: Сандарды рет ретімен санап, ажырата білуге үйрету.

Жүру барысы: педагог тақтаға көздерін жұмуды ұсынады. Тақтадағы санның арасынан алып қойып, балалар қай сан ауысқанын тауып айтады.

Балалар қалталы полотнодағы нәрселерді санау арқылы 7 санын шығарып алады.

7 санына байланысты ұғымдардың мағынасын түсінеді.

Жеті-семь- seven.

7 санының құрамын табады.

6 және 8 сандары.

Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді.

Дәптердегі тапсырманы өзбетімен орындайды.

7 санын ауада жазып, дәптерге жазады.

Ертегінің мазмұнын айтып, ертегідегі лақтардың санына назар аударады.

Ойын ойнауда білсеңділік танытады.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі Бүгінгі оқу іс-әрекетіндеқандай санмен таныстық?

7 санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

7 санын 3 тілде атай аласыңдар ма?

7 санының құрамын атап біріңіздер?

Жарайсыңдар.

Қойылған сұрақтарға нақты жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 7 санына байланысты ұғымдардың мағынасын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: 7 санының жазылуын, құрамын, заттар тобын

салыстыруды меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұғымталдыққа, білімділікке,

ұйымшылдыққа тәрбилеу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.