Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектеп: Мичурин ЖОББМБК
Мұғалім: Садыкова Ақгүл Төлепбергеновна
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: 7 саны
Мақсаты:
Білімділік: 7 саны және цифрымен таныстыра отырып қазақ халқының әдет-ғұрып
жөнінде мағлұмат беру. Дамытушылық: ауызша есептеуге,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: қазақ халқының әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,машықтық.
Қажетті көрнекі құралдар:қалталы полотно, суреттер, кеспе сандар.
Қостілділік компонент:7 саны–цифр семь – seven.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі | -Балалар өткен оқу іс-әрекетінде қандай санмен таныстық?
6 дейін тура және кері санау. 6 санының құрамын білесіңдер ме? 6 санының көршілерін атаңыз? 6 санын 3 тілде атай аласыз ба? |
6 саны және цифры.
1,2,3,4,5,6 6,5,4,3,2,1 6 6 6 6 5 1 3 3 2 4 1 5 5 және 7сандары. Алты-шесть-six |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде 7 саны және цифрымен танысамыз.
7 саны өте киелі сан. Себебі 7 күн,7 ата, 7 шелпек, 7 түс, 7 қазына. Балалар әр адам өзінің 7 атасын білу қажет. 7 саны неге ұқсайды? Қалталы полотнодағы нәрселерді санау арқылы 7 санын шығарып аламыз. 6+1=7 7-1=6 7=7 7 7 7 7 6 1 4 3 1 6 3 4 7 санының көршілерін білесіңдер ме? Сергіту сәті: 1,2,3 бойға жинап күш, Қолға қалам аламыз. Әдемі етіп жазамыз. Дәптермен жұмыс. №1 тапсырма: сурет бойынша жұмыс. Шаршадағы сандарды тауып боя. №2 тапсырма: 7 санының құрамын табу. 4 санының құрамын табу. №3 тапсырма:Тиінге жаңғақтарды бөліп салуға көмектес. №4 тапсырма: 7 санының жазылуын меңгерту. Ертегі «Жеті лақ». Сурет бойынша ретімен санауға үйрету. Дидактикалық ойын. «Қай сан жоқ». Мақсаты: Сандарды рет ретімен санап, ажырата білуге үйрету. Жүру барысы: педагог тақтаға көздерін жұмуды ұсынады. Тақтадағы санның арасынан алып қойып, балалар қай сан ауысқанын тауып айтады. |
Балалар қалталы полотнодағы нәрселерді санау арқылы 7 санын шығарып алады.
7 санына байланысты ұғымдардың мағынасын түсінеді. Жеті-семь- seven. 7 санының құрамын табады. 6 және 8 сандары. Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді. Дәптердегі тапсырманы өзбетімен орындайды. 7 санын ауада жазып, дәптерге жазады. Ертегінің мазмұнын айтып, ертегідегі лақтардың санына назар аударады. Ойын ойнауда білсеңділік танытады. |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | Бүгінгі оқу іс-әрекетіндеқандай санмен таныстық?
7 санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер? 7 санын 3 тілде атай аласыңдар ма? 7 санының құрамын атап біріңіздер? Жарайсыңдар. |
Қойылған сұрақтарға нақты жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 7 санына байланысты ұғымдардың мағынасын біледі.
Қандай түсініктерді игерді: 7 санының жазылуын, құрамын, заттар тобын
салыстыруды меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұғымталдыққа, білімділікке,
ұйымшылдыққа тәрбилеу.