Жаңа сабақтар

Ихсанова Багдагул Казбековна

САБАҚ:

Жұрнақ пен жалғау

Қажымұқан Мұңайтпасов

Қазақ тілі
Күні: Мұғалімнің есімі: Мичурин ЖОББМБК Бастауыш сынып мұғалімі Ихсанова Багдагул Казбековна
СЫНЫП: 2 Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу

мақсаты

2.1.2.1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Суреттер арқылы қосымша түрлерін ажыратады.

Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды

Дескриптор

лар

— Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы жайлы түсінік айтады

— берілген суреттерге қосымшаларды жалғап жазады

— «Синквейн» құрастырады

— әріптердің мөлшерін, көлбеулігін сақтап жазады

— сөздегі әріптердің байланысын дұрыс көрсетеді

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі,дүниетану
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы 5 минут Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып тыныш.

Жалқулықты тастаймыз,

Біз саьақты бастаймыз.

Топқа бөлу 2 минут

Оқушыларды спорт түріне қарай, жіпте ілінулі тұрған суреттерді таңдату арқылы топқа бөлемін.

1-топ

« Боксшылар»

2-топ

« Қазақша күрес»

3-топ

« Еркін күрес»

Оқушылар суреттің келесі бетінде берілген тапсырманы орындап, жеке жұмысты көрсетеді.Орын-далған тапсырманы көрші отырған оқушыға тексеруге беріп, жұппен жұмысты көрсетеді.

Оқушылар алдына мозайкалар беріледі, мозайкаларды құрастырып жұрнақ, жалғау, түбір белгілерін қарастырып, төменгі жағына атауларын жазады.

Жұрнақ Жалғау Түбір

А-3 форматына орындалады.
Ортасы 25 минут Білу және түсіну 10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Дәптермен жұмыс.

67. Мәтінді түсініп оқы.

Қолдану 8 минут

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

  • Палуан қандай болуы керек?
  • Қандай палуандарды білесің?
  • Қажымұқан туралы тағы қандай ақпараттарды білесің?

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілге нҚажы Мұқан бабамыз.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі Вейланд айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Интерактивті тақтадан Қажы Мұқан Мұңайтпас

ұлына байланысты слайдтар көрсетіледі сонымен қатар қазіргі заман палуандарына байланысты слайдтар көрсетіледі.

Топпен жұмыс.

Берілген суреттерге көптік жалғауын жалғап жазамыз

Берілген суреттерге жалғау жалғап жазамыз

Мына сөздерге жұрнақ жалғап жазыңдар

Топпен жұмыс.

Оқушылар берілген суреттерге жалғау, жұрнақ, көптік жалғауларын жалғап жазу қажет.

67. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Қажымұқан – қазақтың тұңғыш палуаны. Ол – дүние- жүзінің бірнеше дүркін жүлдегері.

• Сөйлемдегі қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талда.

68. Өлеңді көшіріп жаз.

Палуан-ау, палуан,

Әдіскерсің* алуан.

Жекпе-жекке шығасың,

Қайсың бұрын жығасың?

Тұрысбек Еділбаев

• Қарамен берілген сөзді сөз құрамына талда.

• Палуан сөзіне бірнеше жалғау жалғап айт.

Үлгі: палуандар, …

69. Берілген әріптерден торкөзге жемістер мен көгөністердің атауларын құрап оқы. Артық әріптерді келесі жаққа орналастырып, қандай сөз шыққанын айт.

ЗПМҮІЖ

ІАЖНІР

НАНБАЛ

НОМУИЛ

МҰАҚАР

НЫНУАҚ

Дәптермен жұмыс

«Кім шапшаң» топпен жұмыс (уақытқа)

Аяқталуы 5

минут

«Синквейн» әдісі

Зат есім

Сын есім

Етістік

Сөзге сөйлем құрау Оқушылар « Оқушы», « Мұғалім», « Палуан» сөздеріне синквейн құрастырады.

Топпен жұмыс

А3 парағын қолданылады

Сергіту сәті

3 минут

«Мен қазақпын»биі

Синтез

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

Қар ұлпалары жапсырылған табиғат суретінен үш топтан оқушылар шығып кәрзеңкеге қар ұлпаларын жинап,әр топқа бағалауға береді.

Үйге тапсырма: №71,30-бетте.

Саралау –67 жаттығу бойынша тақырыпқа байланысты слайдтар көрсетемін.

Қабілеті жоғары оқушылармен «Ыстық орындық» әдісін пайдалана отырып ережелерді сұраймын.

Бағалау – оқушылар бірін –бірі «Бас бармақ»,

« Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақта интерактиті тақтасынан слайдтар көрсетемін.

Рефлексия

«Ақылды үкі»

Оқушылар кір қыстырғышқа өз есімдері жазып тақтада ілінілулі тұрған үкінің біріне қыстырады. Бірінші үкі мен бәрін түсіндім, өзгеге түсіндіре аламын. Екінші үкі мен бәрін түсіндім. Үшінші үкі маған әліде дайындық қажет.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.