Жаңа сабақтар

Какимбекова Зауре Капсултановна

Геометриялық фигуралар.

Мақсаты: Көпбұрыш, көпбұрыштың түрлері туралы түсініктерді нақтылау.Балаларға

Геометриялық фигураларды ажыратып , атай білуге үйрету, көріп тану,зейінін,есте сақтау қабілеттерін дидактикалық ойын арқылы дамыту. Бір- біріне деген достық

Қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын: « Кім шапшаң

Шарты: Балалар тақтадағы жануараларды столдың үстіндегі жемістермен тамақтандырады.

Тәрбиеші : Балалар, бізге қонақтар келе жатыр, кімдер екенін көрейікші.

Бізге қонаққа үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек келіпті

Мынау қандай фигура ? Төртбұрыш.

Мынау қандай фигура ? Дөңгелек.

Мынау қандай фигура ? Үшбұрыш.

Жұмбақ жасыру

Шуақ шашқан күнге ұқсайтын көбірек,

Менің атым ( дөңгелек )

Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,

Бірден білер құлақ асқан сөзіме. ( Үшбұрыш )

Теледидар таныс екен баршаға,

Ал пішіні ұқсайды ғой ( шаршыға )

Кім жылдам ойыны

Балаларды екі топқа бөліп, жарыстырамыз. Әр түрлі фигураларды қай топ көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

Геометриялық пішіндерді ата , түсіндіріп ажырат.

Түстері қандай түр түсін , пішінін дұрыс айтуға білуге үйрету .Балалар бү.гін қызықты өтті бәріңде жақсы атсалысып ойнадыңдар жарайсыңдар.

«Наурыздағы той»

Мақсаты: Баланың сөздік қорын молайту, салт дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Әдеп ғұрыптың тәрбиелік мәнін ұғындыру.Баланың бойына адапмгершілік қасиетін дарытып, халық өнегесін үйрету.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі біздің «Наурыздағы той» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер ! Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын!

Әуенмен ішке «Көктем» мезгілі кіреді.

Ата: Қыстан да аман –есен шықтық ауылымызға көктем мерекесі келіп жетті.Қандай керемет десеңші! Наурыз мерекесі құтты болсын.Әй кемпір.Наурыз тойы қарсаңында баламыздың тұсауын кесіп той жасайық. Ауыл адамдарын тойға шақыр.

Келін: Ерке бала сен қонақтарды тұсау кесер тойына шақырып кел.

Бала : Жарайды жеңге! Ау халайық тыңдаңыздар тұсау кесер тойына келіңіздер,

Қонақтар: Амансыз ба? Тойларыңыз құтты болсын! Осы тойға арнайы балаларымызды ертіп келдік.

Жүргізуші : Төрлетіңдер балалар.

Балалар:Ассаламағалейкум, ата, амансыз ба? Сәлеметсіздер ме?

Әкесі: Осы отаудың қуанышына , кішкентай баламыздың тойына келіпсіздер,қадамдарыңызға гүл бітсін. Ауыл ақсақалы өзіңізден тұсау кесер батасын сұраймын.

Ата: Жас ұрпақ ғұмырлы болсын.

Ақылды зерделі болсын

Абыройлы, беделді болсын.

Елінің қамқоры болсын

Мәртебесі биік болсын

Не тілесе,тілегі қабыл болсын.

Осы тілекке жететіндей,

Әрбір қадамы сәтті болсын. Әумин.!

Жүргізуші: Ендеше, жүріс тұрысымен,ақыл парасатымен үлгі бола білген апайымыз баламыздың тұсауын кесіп берсін ( баланың тұсауын кеседі )

Келін : Қадамың құтты болсын құлыным, бала өзіңізге тартып жақсылығыңыз жұғысты болсын.

Ата: Көпшілік қауым , қуанышымызды бөліскендеріңе мың рахмет ! Ал енді кезекті балаларға берейік ойын ойнасын.

Жүргізуші: БАЛАЛАР СЕНДЕР ҚАНДАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ білесіңдер?

Ойын:

Үш арсыз ( ұйқы, күлкі,тамақ )

Үш байлық ( денсаулық, ақ жаулық , он саулық )

Үш қуат ( ақыл, жүрек, тіл )

Кім жеті атаны айтып береді? ( Әке,бала, немере,шөбере,шөпшек,немене, туажат )

Жүргізуші : БА ЛАЛАР сендер наурыз туралы тақпақ білесіңдер ме?

( балалардың тақпақтары

БИ қыздар тобы.

Жүргүзуші : Жарайсыңдар балалар!Барлықтарың өнерлі екенсіңдер. Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда.

Наурыз тойына жайылған дастарханан дәм татыңыздар.

Эссе

Дос — ажарың

Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай жақсы. Олармен бірге жүргенде өзіңе – өзің сенімді боласың. «Көп боп көтерген жүк жеңіл», — дейді халық мақалы. Жалпы күш біріктірген- де қолдан келмес ештеңе жоқ, тіпті ең қиын істі де тындыруға болады. Сен бірде ауырып, оқуға бара алмай қалдың. Бірнеше күн өткеннен кейін зерігіп, жалғыссырай бастай — сың. Көңіліңе сағыныш ұялап, достарыңды көргің келеді. Бұл сезімің түсінікті де: өйткені бірде- бір жан жападан жалғыз өмір сүре алмайды. Ал достарың көңіл – күйіңді сұрауға келгенде төбең көкке жеткендей қалай – қалай қуандың десеңші.

Сендердің өз жолдастарыңмен бір – бірін жолдас дейтін себебі – Отанымыздың игілігі үшін бірлесе отырып, ортақ іс атқарады, коммунизм орнату жолындағы мақсаттары да ортақ. Адамзаттың жарқын болашағы жолында бізбен бірге күресуші шетелдік комунистерді де біз жолдас дейміз. Дос деген – өзіңмен мақсат – мүддесі, арман – тілегі, талап – талғамы бір адам. Одан жасырар сырың жоқ. Ол да досынан ештеңесін іркіп аямайды. Қашан да жан – күйіңнің бәрін түсінеді. Егер сенің осындай досың болса, оны қадір тұтып бағала, ұсақ – түйекке бола онымен ренжіспе, орайы келгенде оған жәрдем етуге әрқашан да әзір бол. Адалдық – достық – тың ұлы заңы. Нағыз дос сеннің басыңа түскен қасіретті бөлісіп алып,қайғыңды екі есе азайтады да, ал қуанышыңды екі есе көбейтіп жібереді. Оның үстіне, шынайы дос сенің кемшіліктеріңді кешіріп, осалдығыңды байқамайды. Достықтың басты шарты – теңдік. Мұнда құлда, қожада болмау керек. Сонымен, адам неге ұдайы біреумен достасқысы келіп тұрады деген орынды сауал туады. Шынайы достық екі жағдайда қажет екен. Адам өз бойындағы зиянды заттарды организмнен сыртқа шығарып жіберу үшін алуан түрлі дәрі – дәрмектер ішеді. Ал, адамның жан жүрегіне жиналып қалған зіл батпан қасірет – қайғысын ол тек сенімді достарымен сырласу арқылы ғана сыртқа шығарып, көптен бері арқалап жүрген ауыр жүгінен жеңілдей алады екен. Өйткені адам бойындағы қуаныш, қайғы, күдік сезімдерін сыртқа шығарып жіберудің доспен сырласудан басқа тәсілі де, дәрісі де, мүмкіндігі де жоқ. Мұндай дәріні әлі ешкім іздеп тапқан емес. Әйтеуір әрбір адамның мұңын шағатын, қуанышын бөлісетін кемінде бір шынайы досы болуы керектігі хақ. Дана халқымыз «Досыңды көрсет, кім екеніңді айтайын» дейді. Сондықтан дос дегеніміз – сенің айнаң, екінші бейнең тәрізді. Адам мен адам өз ниетіне, арман – тілегі, талғамы мен мақсатының ұқсастығы арқылы достасып кетеді. Достықтың ең бағалы қасиеттеріне – сыйластық, түсіністік, келісім мен көмек жатады. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты. Адал дос еш уақытта досын сатпайды. Ол тіпті сені ренжітпеуге тырысады. Сенімді досыңа өз басыңдағы қиындықты немесе қуанышыңды айтуға болады. Өйтені сен оған сенесің. Мақсат – мүддесі, арман – тілегі, талап – талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады. Адамдардың бір – біріне адалдығы мен сенімділігі достық қарым – қатынасты нығайтады. Достық – адамдардың бір – біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын ізгі қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлық – тың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос – жараңдардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Достыққа қарамақарсы ұғым – қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш – қызығын, ырыс – бағын көтере алмайды, дос дегенің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу – өмірлік мақсаттардың бірі. Достық — бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу қиын, ал оны сақтай білу одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан – тәнімізбен еңбектенуіміз керек. Сенім мен жарқын көңіл достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары көп болады. Ұлтымыздың қлы ұлы перзенттерінің бірі, қазақ поэзиясының Хантәңірісіндей бағаланған Мұқағали Мақатаев осы тақырыпта қалам тербеп, көңіл толқынын өз музасымен былайша ұштастырады. Дос болам десең, Досымды сыйла қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын. Дос болам десең, Мендегі доспен достасқың, Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын. Достықты теңізден терең, бұлттан биік бағалайтын адамдар оның қадір – қасиетін көңілге түйіп, жүрек — пен шынайы ұғына алады. Оның ыстығына күйіп, суығына тоңады. Сырласы болып жан жолдасының жай – күйін қабағынан түсінеді. Жеке басының мүддесі үшін мен – мендікке салынып мансабын көксемейді. Аталы сөзге тоқтаған қазақ халқы әрбір сөздің мағынасын терең ұғынып, байыппен бағамдай білген. Иманы берік, текті елдің ұрпағы жазылған жайдан жаңаша серпін алып, сүбелі сөзден орамды ой түйіп, дос деген киелі ұғымның қадірін қашырып алмаса екен дейміз. Иа, өмірде қанша адам болса, соншама ой – пікір, көзқарас болуы табиғи заңдылық. Алайда, достықты әркім әрқалай түсініп бағамдайды. Біреулер ер азаматтың арасында да шынайы адал достықтар болады деген пікір айтылады. Достық адамдар арасында ғана шектелмейді. Шекарасы жоқ шексіз шынайы достық елдер мен елдер, мемлекет арасында да болады, оларды өзара жақындастырып тұрады. Біз тәуелсіз ел атанғалы 27 жыл аралығында көптеген елдермен дипломатиялық тұрақты қарым – қатынаста, татулық пен ынтымақта жиі араласып тұрамыз. Сондай – ақ, мемлекетімізде көптеген ұлт өкілдері берекесі мен бірлігі жарасып, тату тәтті ғұмыр кешуде.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.