Жаңа сабақтар

Смайыл Қаршыға Оспанқызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылы №193 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Смайыл Қаршыға Оспанқызы

Сабақ тақырыбы: «Менің отбасым және достарым» Д дыбысы мен әрпі.

Сауат ашу

Күні:11.11.19 ж

Сынып: 1

Мұғалім:Қ.Смайыл

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы «Менің отбасым және достарым»

Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,

дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері Д дыбысы мен әрпін ажырата алады, сөзге дыбыстық талдау жасай алады, дауысты не дауыссыз екенін ажыратады. Сөздерде кездесу ретін анықтайды. Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі,математика сабағы
АКТ қолдану дағдылары Слайд, жазбалар,тыңдалым
Тілдік құзыреттілік Д дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қызығушылын ояту

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр таңымыз.

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Ерте-ерте-ертеде екі дос болыпты. Біреуі — дыбыс, екіншісі — әріп. Ешкім оларды айыра алмапты, қайсысы дыбыс, қайсысы әріп екенін?

— Ал сендер білесіндер ме?
-Кәне оны кім айтып береді?

-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?

-Енді дыбыстар екі түрлі болады екен. Қандай? (дауысты, дауыссыз).

-Дауысты дыбыс екенін қалай білуге болады?
-Дауыссыз дыбыс екенін қалай білуге болады?

-Балалар, біз қандай дыбыстарды өттік?
Аа Нн Лл Рр Оо Тт Уу Шш Сс

Шаттық шебері
Сабақтың ортасы

Сұрақ –жауап әдісі

Жеке жұмыс жүргізу дәптерімен жұмыс

Жаңа сабақ

Д дыбысы мен әрпі

Суретпен жұмыс. Топпен жұмыс

1-топ «Сөз тап,тез тап» ойын сөз табу суреттегі заттардың атын оқып табады ( дәрі,дәрігер,дүкен,дән,дөңгелек)

2-топ сол сөзді тақтаға жазу 1-топтың тапқан сөздерін жазады

3-топ сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау тақтадағы сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды

Қандай дыбыстан басталып тұр?

Д дыбысынан

Оқулықпен жұмыс

Д дыбысы доп

Ол сөз қай дыбыстан басталады?
Сонда бүгін қандай жаңа дыбыспен танысамыз? (Д)
2) Дыбыстың артикуляциясы
Д дыбысы қалай айтылады?
(Тілдің ұшы үстіңгі күрек тіске тиіп қашып отырады)
3) Дыбыстың сипаттамасы
Д дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Неге олай ойлансындар?
Оны қандай түсті текшемен белгілейміз?
4) Дыбыстық талдау жасау
Доп сөзіне
Неше буын?
1-ші дыбыс қандай? (д – дауыссыз, көк текшемен белгілейміз)
2-ші дыбыс қандай? (о – дауысты, қызыл текшемен белгілейміз)
3-ші дыбыс қандай? (п – дауыссыз, көк текшемен белгілейміз)
Неше дауысты дыбыс?(1)
Неше дауыссыз дыбыс? (2)
Барлығы неше дыбыс? (3)

№1 Тыңдалым.

Достары көп Мараттың,

Ойнайды олар аулада.

Ағасымен Болаттың

Барады олар тауға да.

-Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?

-Бұны балалардан сұрап көрелік.

№2 жазылым

Д д әрпін жазамыз жұмыс дәптеріне үлгі бойынша

Д дыбысына қатысты сөздерді жазып алады

( дәрі,дәрігер,дүкен,дән,дөңгелек)

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ
№2 Оқылым.

Дала аула Дана Дулат

Далада аулада Данада Дулатта

Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

Бас бармақтар
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтар

мен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.