NIS - НИШ

Баскетболдан ІІ Желілік Спартакиада/ ІІ Сетевая спартакиада по баскетболу

Баскетболдан ІІ Желілік Спартакиада жеңімпаздары анықталды

Бүгін Алматыда волейбол мен баскетболдан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы Желілік спартакиада өз мәресіне жетті. Ақтық мәреге спорттық жарыстың аймақтық кезеңінде топ жарған мектеп командалары қатысты.
Алматы қаласы физика-математика және химия-биология бағыттарындағы Зияткерлік мектептерде үш күн бойы жалғасқан спартакиада тартысты бәсекелер мен достық ахуалда өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар спортқа деген сүйіспеншілікті еселендіріп, командалық рух пен зияткерлердің өзара ынтымақтастығын нығайта түседі. [more]

Спорттық жарысқа жалпы саны 200-ге жуық оқушы қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар және арнайы дипломдар табыс етілді.
Баскетболдан ұлдар арасындағы I орынды Шымкент қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары иеленді. Жүлделі II және III орындарды Оралдағы физика-математикалық және Қарағандыдағы химия-биологиялық бағыттағы зияткерлік мектептердің спортшылары бөліп алды.
Ал қыздар арасында баскетболдан өткен тартысты бәсекенің жеңімпаздары болып Ақтөбенің физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп бұрымдылары танылды. Екінші орынды Қарағадының химия-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектеп арулары иемденсе, үшінші орын Нұр-Сұлтан қаласының IB мектебіне бұйырды.
«Ең алдымен, осындай шара ұйымдастырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымына үлкен алғысымызды білдіреміз. Осындай шаралардың арқасында біз басқа балалармен тығыз қарым-қатынас орнатып, жаңа достар таптық. Жеңісіміз біз үшін өте құнды. Әрине, оған жету оңай болған жоқ. Десе де, жеңіске деген сенімділік, жылдар бойғы дайындық бізге демеу болды. Сондай-ақ, бізге қолдауын аямаған Ақтөбе қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне алғысымыз мол!», — деп бөлісті өз әсерімен Ақтөбе қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қыздар командасының мүшесі Дильназ Жалмағанбет.
Сондай-ақ, спартакиада барысында жақсы ойын көрсеткен спортшылар арнайы номинациялармен марапатталды. Баскетболдан «Үздік ойыншы» аталымы елордалық Нұрасыл Жақанов пен ақтөбелік Медина Дюсембинаға берілсе, қарағандылық Владислав Несвельдин мен Валерия Сотникова «Үздік орталық ойыншылар» болып танылды. «Үздік шабуылшы» аталымын шымкенттік Әли Сүлеймен мен астаналық Сұлтанқызы Биназир алса, «үздік қорғаушы» аталымы оралдық Ердәулет Исманалиев пен шымкенттік Алина Боргульге бұйырды.
Волейболдан ұлдар арасындағы спартакиада чемпионы атағына Павлодардың, ал екінші орынға Петропавлдың химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп командалары ие болды. Үшінші орынға Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп спортшылары тұрақтады.
Қыздар жарысында волейболдан айқын жеңіске Нұр-Сұлтан IB мектебінің командасы жетті. Екінші орынды зияткерлерді өз алаңында қарсы алған Алматы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп командасы иемденсе, 3 орынды ақтаулық зяиткерлер қанағат тұтты.
Арнайы марапаттар мен дипломдарға командаларды спорттық жарысқа дайындаған бапкерлер мен зияткерлердің денсаулық жағдайын бақылауда ұстаған медицина қызметкерлері де ие болды.

Спортивные победы под занавес уходящего года
Пришло к завершению главное спортивное событие года в юношеском спорте – финальные игры Сетевой спартакиады по волейболу и баскетболу среди команд НИШ. В г. Алматы в конце декабря съехались около двухсот лучших игроков с 12 городов республики и в течение четырех дней боролись за звание Чемпиона в своем виде спорта. Арбитрами соревнований выступали судьи Федерации волейбола и баскетбола республики. В дни первенства преподаватели Казахстанской Академии спорта и туризма проводили мастер-классы для юных спортсменов по оттачиванию техники игры, улучшению показателей и совершенствованию мастерства.
По результатам Игр, абсолютным чемпионом среди юношеских команд по волейболу стала сборная НИШ ХБН г.Павлодар, второе место выиграла команда НИШ ФМН Петропавловск, третье место досталось команда НИШ ФМН Алматы. Среди девушек лучшей командой признана команда Нур-Султан IB. На втором месте – команда НИШ ХБН Алматы, на третьем месте – команда НИШ ХБН г.Актау. Все тренеры команд получили дипломы и памятные подарки от организатора соревнований НИШ ХБН г.Алматы.
Названы имена восьми победителей по четырем номинациям «Лучший игрок», «Лучший нападающий», «Лучший связующий», «Лучший защитник».
І место среди команд юношеской лиги по баскетболу заняла сборная Назарбаев Интеллектуальной школы химико-биологического направления города Шымкент. Призовые ІІ и ІІІ место разделили между собой НИШ ФМН Уральска и НИШ ХБН Караганды.
Абсолютным победителем по баскетболу среди девочек стала команда Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления города Актобе. Проиграв ей всего на два очка, второго места удостоилась НИШ ХБН Караганды. Третье место присудили школе ІВ города Нур-Султан.
«Этих девочек я тренирую с седьмого класса. После региональных соревнований у нас была поставлена цель – войти в первую тройку, стать призерами и принести кубок своей школе. Но девочки сделали невозможное. Конечно, бои были очень тяжелые. Здесь нужен был большой психологический настрой. Мои девочки с этим справились и даже превзошли все ожидания. Они показали очень грамотную игру», — поделилась своим впечатлением тренер команды-победителя среди девочек Базаргуль Сырымова.
«Мы очень рады победе в сетевой спартакиаде. С кубком победителя мы увозим с собой переходящий Кубок НИШ, который показывает спортивные достижения нашей школы во всей Спартакиаде, включая футзал, тогыз-кумалак, чемпионат по которым проходил еще осенью»,- не скрывая своей радости сказал тренер сборной Павлодара Тусупжанов Кылыш Орынбекович.
Так, под занавес уходящего года завершились Республиканские Игры среди Назарбаев Интеллектуальных школ, которые,несомненно прививают любовь к спорту, развивают командный дух и стремление к победе у подрастающего поколения.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.