Жаңа сабақтар

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабіл етін арттыру

ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылы

«Мақаншы орта мектеп-бақша» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кажыбаева Карлыгаш Мусаевна

Қазіргі кезде Қазақстан мұғалімдерінің алдында білім сапасын заман талабына сай көтеру міндеті тұр. Сол үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізіп, үнемі ізденуді талап етеді. Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпауы керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының ақыл-ойының дамуын ұйымдастырушы, балаға бағыт-бағдар беріп, басшылық жасауы тиіс. Сонда ғана білім сапасын жоғарылатып, қоғамға лайықты азамат тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальді, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқушы шығармашылығын шыңдауға «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының берер көмегі зор.

«Сыни ойлауды дамыту»жобасы авторының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады. — Күтілетін нәтижелерді нақты айқындау; — Жазба жұмыстарын жиі орындау; — Оқушының ой-өрісін белсенділендіретін сұрақтар қою; — Бірлесе оқу тәсілдерін қолдану; — Оқыту пәндерін әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру; Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейде ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бұндай тапсырманы оқушылар ерекше ынтамен орындап келеді. Нәтижесінде бала ойлай отырып, елестетеді, қиялдайды, болжам жасайды. Оқушыға тақырыптың мазмұнын толық меңгерте отырып, әсіресе, сурет салуға бейім балалардың ойын ұштай түстім. Сурет немесе шығарма жұмысы арқылы оқушының өзін-өзі тануына ықпал жасадым. Алдын- ала бірнеше сұрақтар дайындайдым. Сұрақтарды тақтаға жазып қоям. Оқушылар сұрақтарға жауап жазып, шағын әңгіме құрайды немесе суретті кіші тіректер таратып берем, әр оқушы сурет бойынша әңгіме жазады. Ертегігер құрастырудың тиімді тәсілі ойыншықтар немесе суреттер арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнесін пайдаланам. Мысалы: түлкі қасқыр, атай, әжей, қоян. Атай мен әжей орман шетіндегі кішкене үйде ұзақ жылдар өмір сүріпті. Бір күні атай аң аулауға орманға келе жатса, жолда… (ары қарай кейіпкерлерді қатыстырып, өздері құрайды) Бұл жерде, яғни, әңгіме құрастыру мен ертегі ойластыруда да оқушылардың көркем тілмен сөйлеуіне мән беріп отыру керек. Келесі тоқталатын жұмыс түрі- сахналық көріністерді ұйымдастыру. Оқушылардың өздері оқып танысқан ертегілер, мысалдардан шағын көрініс қоя білуі. Шығармашылық кейіпкерлерін сахналау үшін оны түсіну, оның образына үлкен саналықты талап етеді. Сахналау –тек кейіпкерлердің сөзін жаттап айтып беру емес, кейіпкерлердің бейнесін, айтар ойын жеткізе алу, сөзін сол тұлға ретінде сезіне білу болып табылады. Мысалы: «Не тәтті?», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Әке мен бала» тақырыптары сахналық көріністер ұйымдастырып отыру. Әрбір баланың еңбегін бағалап, мадақтау қажет . Өлең құрастыруда екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады. Дайын өлең жолдарын ұсынып, аяғын аяқтату. Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған «Нетке сұлу, неткен көркем. Осы менің көркем өлкем» деген жолдарын ары қарай жалғастыруды ұсынамын. Екіншіде дайын ұйқастарды «Күз»тақырыбына өлең құрастыру беріледі: _________________байлық _________________алдық ________________құс біткен _______________қалдық

Оқушының тілін, ойын дамытып, байланыстырып сөйлеуге жазу жұмысы басты рөл атқарады. Жазу арқылы оқушы тақырыпты тереңірек түсінеді, қызығушылығы артады, ойын дамытады және жазу дағдысын қалыптастырады. Ал жазуға дейін бала мәтінді оқып, тыңдап көңілге тоқып түсінеді. Мәтінді өз бетінше талдай отырып оның тақырыбы мен мазмұнын игеруде «Түртіп алу стратегиясы», «ЖИГСО» әдістерінің маңызы зор. Ой қорытып, жинақтап бір түйінді пікір жасау үшін «Эссе», «Бес жолды өлең» әдістерін пайдалануда оқушылардың қызығушылығы артып, қисынды ойлап, сабаққа деген белсенділігі де артатындығын байқадым. Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі тапсырмаларды түрлендіре беріп отырудың пайдасы көп. Мысалы: хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр немесе тірек сызба арқылы сөйлемдер құрастыр деген сияқты тапсырмаларды үнемі беріп отырса, оқушының ой қиялының дамуына әсер тиеді. Тірек сөздер беру арқылы жұмбақ құрастыру тапсырмасын да беруге болады. Мысалы, «Сын есім» тақырыбын өткен кезде мынадай дайын ұйқас беріледі де, балаларға жұмбақ құрау тапсырылады: _ _ _ _ _ жұмсақ, _ _ _ _ қорқақ.Балалар мынадай жұмбақ құрауы мүмкін: Тоны сондай жұмсақ, Өзі бірақ қорқақ. (Қоян) _ _ _ _ домалақ, _ _ _ _ _домалап.Резеңке домалақ,Тоқтамайды домалап. (Доп)«Сөз және оның мағынасы» тақырыбында мынадай тапсырма беруге болады: берілген сөздерді солдан оңға қарай оқы,жаңа сөз жаса: қыран – нарық, есек – кесе, сүт – түс.Ал, сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жұмыс түрлері: мұражайға апару; әртүрлі кездесулер өткізу; әртүрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру; балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуше зор әсерін тигізеді.

Бастауыш сынып мұғалімінің басты міндеті- әр оқушының жеке басының қабілетін дамыта отырып, олардың шығармашылығын, талантын ашу. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгерге білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады»-деп ұлы ғалым Д. Менделеев айтқандай, оқушыларымызды әлемдік деңгейдегі білім кеңістігіне шығару – әр мұғалімнің мақсаты.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.