Жаңа сабақтар

Бастауыш сыныпта жазба жұмыс арқылы сауттылықты дамыту

ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы

«Мақаншы орта мектеп-бақша» КММ. Бастауыш сынып мұғалімі

Байрбаева Лаура Бакаевна

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта жазба жұмыс арқылы сауттылықты дамыту.

Қазіргі заман-білімді ұрпақтың заманы. Бастауыш сынып мұғалімінің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Өйткені алдымыздағы оқушыларды озық ойлы, өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан тұлға етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Бастауыш сыныпта оқушыны шығармашылық жұмыс істеуге бейімдесек, жоғары сыныпқа барғанда ешқандай қиындықсыз кез келген щығармашылық жұмыстың түрін еш қиындықсыз орындайды. Оқушыға тек түрткі салу арқылы проблемаларды өздігінен шешу жолдарын таба біледі. Бастауыш сынып мұғалімінің ең бірінші міндеті оқушының алғаш қалам ұстағаннан бастап, жазу каллеграфиясына көңіл бөлуі керек. 1 сыныптан бастап әріп элементтерін жазуда оңға қарай көлбеу және арақашықтықтарын сақтап жазуға үйретеміз.

Келе –келе жазу жылдамдығын артырамыз. Оқушыға жазған қате әріптерін міндетті түрде түзеп, қадағалап отыру керек. Бастауыш сыныпта сауаттылықты жете меңгерсе, келешекте солай қалыптасады. Күнделікті сабақта оқушының партада дұрыс отыруына, дәптерді дұрыс қоюына, қаламды дұрыс ұстауына ескертіп отыру қажет. Сабақ басында көркем жазу минутын өткізу керек. Көркем жазудың көлемі 1 сыныпта-2 жол, 2 сыныпта-3 жол, 3 сыныпта-4 жол, 4 сыныпта- 5 жол болады. Бастауыш сыныпта оқушының жазба тілін дамыту үшін мазмұндама, шығарма, реферат, мәтін көшіруді пайдаланам. Диктант жазғанда белгілі бір грамматикалық ережелерге сай жүргізіледі.

Шығармашылық диктантты көптеп алуға тырысам. Себебі бала біріншіден өзә ойланады, екіншідер өзін тексере отырып орындайды.

Терме диктантта текст ішінен өтілетін ережеге сай сөздер мен сөз тізбектері немесе сөйлемдерді теріп жазу үшін қажет. Терме диктант фонетика, лексиканы және грамматиканы пысықтау үшін өте қажет. Баланың ақыл — ойын дамытуға көмектеседі. Өздік диктант. Бұрыннан белгілі мәтінді жазу үшін қолданылады. Бұл сын жұмысын жазу оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Еркін диктант. Оқыған текстің мазмұнын оқушылардың өз беттерімен жазу үшін беріледі. Сын жұмысының бұл түрі оқушылардың тілін байытады, дұрыс, қатесіз жазуға төселдіреді. Оқушыларға тексті бір рет оқып беріп, біреуіне мазмұнын айтқызып, содан кейін еркін диктантты жаздыру керек. Еркін диктант жаздыру шығарма, мазмұндама жаздыруға үйретеді. Шолу диктанты. Бұрын оқып кеткен тақырыптарды пысықтау үшін қолданылады. Бақылау диктанты. Орфография мен пунктуациясын және грамматикасын, оқушылардың білімін сынау үшін, олардың қандай дәрежеде сауатты екенін білу үшін жүргізіледі. Сын жұмысының тексті балалардың білім дәрежесіне сай болуы керек.
Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстарының тағы бір түрі — мазмұндама. 1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Бұл мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жазылады. 2. Сурет бойынша мазмұндама. Мұндай мазмұндаманы жазу балаларға сурет мазмұнын үйретеді. Мақсаты: бірізділікке баулу, оқиға желісін ауыстырмай, ретімен жазу. Суретті мазмұндама оқушы шығармашылығын дамытуды жетілдірер бір құрал.

  1. Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм оқушының оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ең күшті құрал. Өйткені жүз рет естігеннен, бір рет көрген абзал. Сонымен бірге, есту, көру, есте сақтау қабілетін дамытуға да әсерін тигізеді. Оқушылардың жазба тілін дамытудың тағы бір түрі — шығарма. Шығарма белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспар арқылы баяндау. Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа бөлуге болады: 1. Экскурсия бойынша
  2. Оқушылардың естіген, оқыған әңгімесіне байланысты.
  3. Өнер саласына байланысты.
  4. Суретке қарап жазу.

Ең тиімдісі экскурсия бойынша шығарма жазу. Экскурсия бойынша шығарма жазу табиғатқа саяхатқа шығып, ондағы құбылыстар мен жыл мезгілдеріне байланысты жаздырылады. Мысалы: қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны, шаңғы, коньки, шанамен сырғанау сияқты қызық ойындары туралы жаздырылады. Шығарманың бұл түрінің тиімділігі балалардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамытудың, сонымен бірге табиғаттың сұлулығын қызықтай білуге, аялай білуге, эстетикалық тәрбие беруіне бүгінгі заман талабына сай оқытудың дұрыс нәтиже беруіне бүгінгі заман талабына сай оқытудың жаңа жүйесі, жаңа технологиясының алатын орны ерекше.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бастауыш мектеп Алматы, 2001 №3
2. Бастауыш сыныпта оқыту Алматы, 2011 №1

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.