Жаңа сабақтар

Рамазанова Лаура Қанатқызы

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Көздіғара ауылы

Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рамазанова Лаура Қанатқызы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: «Өнер»

Күні: 21.01.2019 жыл

Мектеп:ЖББ Көздіғара НМ

Мұғалімнің аты-жөні:Л.К.Рамазанова

Сынып: 3 Қатысқандар:3

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы Өнер туралы не білемін?Зат есім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.

3.1.1.1.тыңдалған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу,ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: зат есімнің түрлерін ажырата алады,өз бетінше мәтіннің тақырыбын анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:жалпы және жалқыесім туралы мысал келтіре алады.

Кейбір оқушылар: мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын таба алады.

Бағалау критерийлері — Жеке топтық тапсырмаларды орындай алады.

— мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап бере алады;

— Сызбаға қарап жалпы есім мен жалқы есімді ажыратады;

Ойлау деңгейлері Білу,түсіну,қолдану.
Тілдік мақсаттар Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Зат есім, жалпы және жалқы есім.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Зат есім дегеніміз не?

Жалқы және жалпы зат есімді ажырата аласың ба?

Суретші-художник-painter

Құндылықтарды дарыту Мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану, өзін-өзі тану,музыка,көркем еңбек.
АКТ қолдану дағдылары Слайд,бейнежазба тыңдату.
Алдыңғы меңгерілген білім Зат есім тақырыбына негізделіп меңгертіледі.
Саралау Оқушыларға бір тапсырма беріледі,алайда оны орындауда оқушыларға әртүрлі қолдау жасалады.
Бағалау Смайликтер,кубик,түрлі жазудағы жапсыратын смайликтер,мөрлер.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері Сынып топтық жұмысқа ыңғайлы түрде жабдықталады.Оқушыларға түрлі әрекеттермен жұмыс жасау ұсынылады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

2 минут

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

«Ыстық лебіз». Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Қайырлы күн, досым!

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн біз үшін

Сәттілікке толсын!

Алдыңғы білімді бекіту.

«Ақыл текше» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.

  • Сөз таптарының түрлерін ата?
  • Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  • Оқушылар сөзіне сұрақ қойып, жекеше және көпше түрін ажырат.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақтың тақырыбын мақсатын, бағалау критерийлерін таныстыру.

Сабақтың ортасы

22 минут

Негізгі бөлім

3.1.1.1.тыңдалған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу,ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

Жаңа сабақ. Білу және түсіну.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі.

Оқулықта берілген мәтінді түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады.Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

18-жаттығу. Мәтінді оқу.

Мәтінге ат қою.

Мөрлермен өз-өздерін бағалайды.

Үштілділік.

Суретші-художник-painter

Әбілхан Қастеев туралы шығармашылығынан бейнежазба тыңдату.

«Жарайсыңдар!», «Бәрекелді!»

Қолдану.

Жазылым.

19-жаттығу.Нақыл сөздерді қатесіз жаз.

Талапты бала талпынған құстай,

Құмары қанбас аспанға ұшпай.

Бас-бармақ арқылы бағалау.

Айтылым.Слайдтан көрсету.

20-жаттығу.Кестені тиісті сөздермен толықтыру.

Шапалақтау арқылы бағалау.

Сергіту сәті.

Жалқы есім атасам, көзді ашып,жұму.

Жалпы есімді атасам,қолымызды ашып,жұмамыз.

Жеке жұмыс.

Қалыптастыру бағалаудың тапсырмасы.

Мәтінді мұқият оқып,мазмұнын айту және Жалқы есімді теріп жазу.

Би үйірмесінде

Қазақ халқының би өнері жақсы дамыған. Ол ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Қазақ халқының бишілері де көп болған. Менің де биші болғым келеді, сондықтан би үйірмесіне барып жүрмін.

Сахна – бишілер үшін ең қастерлі, ең қасиетті орын. Би өнерінің жолы жеңіл емес екен, сондықтан би үйірмесіне жұма сайын барып тұрамын. Біздің Орал қаласында би үйірмесі ашылды.Үйірменің жетекшісі – Майра апай өз уақытын аямай аптасына төрт рет бізге сабақ береді. Сабақтары өте қызықты.

Би өнері – өте қиын өнер екен, сондықтан оны ұзақ үйрену керек.

Дескриптор: —Мәтіннің мазмұнын айтады.

-Мәтіндегі жалқы есімді

анықтайды.

Смайликпен бағалау.
Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

Бағалау парақшалары арқылы оқушылар өз өздерін бағалайды.

Бағалау критерийі Қолымнан келеді Көмек қажет етемін
Жеке топтық тапсырмаларды орындай аламын.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере аламын.
Сызбаға қарап жалпы есім мен жалқы есімді ажырата аламын.
Үлестірмелі қағаздар арқылы бағалау.
Қосымша ақпарат
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқуларорын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.