NIS - НИШ

ПРЕСС — РЕЛИЗ

Алматы қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде волейболдан Республикалық желілік спартакиаданың ақтық кезеңінің ашылу рәсімі өтті. Финалдық ойындарда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік командалары бақ сынайтын болады.

Іс-шара Жастар жылына орай, оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, спорттық рухты дамыту және спорттың әр түріне деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Ашылу рәсімінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» даму департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ ойыншыларға сәттілік тілеп, зияткерлер үздік ойындарды көрсетеді деген сенім білдірді.

  • Әр команда жақсы дайындықпен келіп тұр. Рухты, жігерлі спортшыларымыз НЗМ-нің мақтанышы. Желілік спатакиада еліміздің жастар жылын қорытындылап, жылдың ауқымды спорт шараларың бірі ,- деп айтып кетті Аида Төлендіқызы.

Ашылу рәсіміне ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров қатысып, оқушыларға тек биіктен көрініп, әрдайым қазақтың туын желбірете берулерін тіледі. Әлем чемпиондары мектеп қабырғасынан шығады. Бүгінгі кіші жеңістер келешекте үлкен жетістіктерге әкеледі,- деді танымал спортшы.

Мектеп директоры Гүлмира Бақытбекқызы желілік спартакиаданы ашық деп жариялады.

Біріншіліктің ашылуы мектеп оқушыларының әсерлі велошеруімен басталып, он мектеп командасы ортаға шақырылды. Біріншіліктің ашылу рәсіміне «Алатау» өнер театрының ұлт аспаптар оркестрі қолдау көрсетіп, Рустем Күлшебаевтың «Көшбасшы» күйін тарту етсе, Алматы қаласы химия-биология бағытындағы НЗМ-нің шығармашылық топтары ән-би шашуын ұсынды.

Ойындардың бас төрешісі Айтбай Әдина ойыншыларға өз кеңестерін берді.

Алғашқы болып спорт алаңына Қызылорда Зияткерлік командасымен Ақтаудың Зияткерлік мектептері спортшылары додаға түсті.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Сегодня в Назарбаев Интелектуальных школах г.Алматы состоялось торжественное открытие Республиканской сетевой олимпиады по волейболу и баскетболу. В финальных играх встретятся лучшиекоманд НИШ, которые в течение четырех дней будут бороться за звание Чемпиона Республиканской спартакиды – 2019.

Мероприятие приурочено к Году молодежи, с целью приобщения учащихся к здоровому образу жизни, развитию спортивного духа и повышения интереса к различным видам спорта. На официальном открытии первенства перед спортсменами выступила заместитель департамента по развитию АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Аида Агадил, двухкратный чемпион мира по смешанным единоборствам Ардак Назаров. Уже сегодня встретились на волейбольной арене 8 команд. Интеллектуалов ожидают в течение трех дней яркие игры. Потому что в Алматы собрались чемпионы школьных сетевых игр.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.