Жаңа сабақтар

Оразбек Ақзер

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы Мектеп:О.Әлібаев атындағы орта мектеп

Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:Оразбек Ақзер

Сынып:6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы Қазақ хандығының құрылуы
Зерттеу сұрағы:Неліктен қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет болып саналады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес) 6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау
Сабақтың мақсаты Барлығы:Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;
Көпшілігі:Қазақ хандығының саяси ерекшелігін талқылау;
Кейбірі:Қазақ хандығы құрылуының территориялық ерекшелігін талдау;
Бағалау критерийі Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтай алады;
Қазақ хандығының саяси ерекшелігін талқылайды;
Қазақ хандығы құрылуыныңтерриториялық ерекшелігіне талдау жасайды;
Тілдік мақсаттар Жәнібек пен Керей –алғашқы хандар;
Әбілхайыр хандығы-Жәнібек пен Керейдің бөлінген хандығы;
М.Х.Дулати-қазақ хандығы туралы дерек беруші;
Жетісу,Қозыбасы-хандығының алғашқы мекені;
Үйсін,найман,қыпшақ т.б –қазақ хандығындағы тайпалар;
Құндылықтарға баулу Ұлтжандылық.Көшбасшылыққа құрмет,
ынтымақтастыққа,бірлікке баулу;
Пəнаралық байланыс География – қазақ хандығының жер көлемі,ресурстары;
Әдебиет – қазақ хандары туралы көркем фильм,әдеби шығармалар;
Алдыңғы білім Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы
САБАҚ БАРЫСЫ
Уақыты Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Сабақтың жоспарланғанкезеңдері: Ресурстар
2 минут

5 минут

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу,оқу –құралдарын тексеру,топқа бөлу);

«Тарихи жылдар» әдісі арқылы топқа бөлу.
Керей Сұлтанның таққа отырған жылы (1458ж).
Әбілқайыр ханның Ойраттардан жеңілген жылы (1457ж).
I топ – Әбілқайыр хандығы
II топ – Қазақ хандығы

2.«Қар кесегі»тәсілі. Үй тапсырмасын орындау
(Ұжымдасып өз ойларын ортаға салу)
Мақсаты:сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын еске түсіру
1) «Этнос» «Этногенез»ұғымының мағынасы?
2)Қазақ халқының қалыптасуына қандай тайпалар негіз болды?
3) «Қазақ» атауының шығу тарихын айтыңыз
4)Этностың қалыптасу үрдісін тежеген жағдай?
5)Қазақ тілі қай ғасырда қалыптасты?

Кері байланыс: Оқушылардың қойған сұрақтары мен берген жауаптарына қарай кері байланыс .

Н.С.Бакина Н.Т.Жанақова Қазақстан тарихы Алматы «Атамұра»
2017 159-162б
12 минут

7 минут

5 минут

Сабақтың ортасы

3. «Тірек- сызба» әдісі.
Мақсаты: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын түсіндіру.

4. Мәтінмен жұмыс. «Кластер» әдісі.Тірек –сызбаны пайдалану(Топтық жұмыс).

Мақсаты:Мәтінді оқып,берілген тапсырма бойынша ойларын тұжырымдап жазады.

Әбілқайыр хандығының саяси билігінің әлсіреуі
Қазақ хандығын құрудағы Керей мен Жәнібек Сұлтандардың рөлі

Критерий: 1. Керей мен Жәнібек сұлтандардың тарихи орны
2. Әбілқайыр ханның әлсіз тұстарын көрсету
3.Қазақ хандығын құрудағы ерекшелігін тірек-сызбаға түсіру.

5.Картамен жұмыс (Жеке жұмыс) Интербелсенді тақтаны пайдаланып контур картаға түсіру.
Критерий: 1)Әбілқайыр хандығының территориясын белгілеу
2)Қазақ хандығының алғашқы территориясын белгілеу

В. Ф. Шаталов

М.А.Табынбекова
Қазақстан тарихынан әдестемелік құрал.
Қарағанды ,2015. 8-9 б

С.Жолдасбаев орта ғасырдағы қазақстан тарихы.Алматы Атамұра,2012.
151-154 б

7 минут

2 минут

Сабақтың соңы
6.Рефлекция:
«Stop-кадр» тәсілі (топтық жұмыс)Мақсаты:қазақ хандығы туралы бейнефильм көрсету арқылы жаңа тақырыпты бекіту;
Сұрақтар: Әр топқа үш сұрақтан
Кері байланыс:Алған әсерлерін түйіндету

5.Үй тапсырмасы: 40-41, 167 беттегі тапсырмаларды орындау

Шығармашылық жұмыс: Алғашқы хандар Керей мен Жәнібек туралы деректер жинау.

https://www.youtube.com/watch?v=xhvMBVDOC0A

Қосымша деректер

беріледі

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау
Саралаудың диалог тәсілін пайдалана отырып, оқушылардың тапсырманы ашуы үшін сұрақ беремін.

Оқу мақсатына жетуде саралаудың тапсырма тәсілін ескердім. Яғни, мәтінмен жұмыс, картамен жұмыс, бейнефильм көрсету және Шаталовтың тірек сызбасын қолдануды жоспарладым;

Саралаудың қорытынды тәсілін негізге ала отырып оқушыларға тапсырмаларды орындау барысында кері байланыс беріліп, оқушылардың білімін дамытып отыруды жоспарладым.

Қалыптастырушы бағалау :

Сабақты пысықтауда «Қар кесегі» тәсілін пайдаланыпКері байланыс арқылы бағалау;
1)Қазақ халқының қалыптасуына қандай тайпалар негіз болды?
2) «Қазақ» атауының шығу тарихын айтыңыз
«Кластер» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасап, тірек – сызба арқылы тапсырма беріп,критерийлер арқылы бағалау жүргіземін.
Критерий:
1. Керей мен Жәнібек сұлтандардың тарихи орны
2. Әбілқайыр ханның әлсіз тұстарын көрсету
3. Қазақ хандығын құрудағы ерекшелігін тірек-сызбаға түсіру.

Рефлекция«Stop-кадр» тәсілі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Бөлменің таза,жарық болуын және топта жұмыс жасағанда парталардың дұрыс қойылуын , оқушылардың дұрыс отыруын қадағалаймын.
Сабақ бойынша рефлексия Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.