Жаңа сабақтар

Тұрлыбекова Баянсұлу  Аллахиярқызы

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Шорнақ ауылы

«Шорнақ» жалпы орта мектебі шағын орталық тәрбиешісі

Тұрлыбекова Баянсұлу Аллахиярқызы

Білім беру саласы: Таным. Қатынас.

Бөлім: Тіл дамыту. Сенсорика.

Тақырыбы: Жеміс –жидектердің пайдасы

Мақсаты: Балаларға дәрумендер туралы түсінік беріп, қызығушылығын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, жемістердің, көкөністердің аттарын дұрыс атай білуге үйре-ту. Балалардың тілін дамыту. Түстерді, пішіндерді ажырата білуге үйрету. Ұсақ қол мато-рикасын дамыту.

Көрнекіліктер: жемістер мен көкөністер туралы бүктеме, жеміс –жидектердің қиынды суреттері, ойыншық қоян,алма мен сәбіз т.б.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ — жауап, ойын.

Сөздік жұмыс: Дәрумен, бақша, бақ, жеміс, көкөніс.

Билингвалдық компонент (қостілдік меңгерту): дәрумен-витамин, алма-яблока, коян-заяц, сәбіз-морковь.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жанұя-ның қатысуы
Мотивация-лық –қозғау-шылық

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

.

Рефлексия-

лық-түзету-шілік

Шаттық шеңбері!

«Алақанның жылуы» — жылу-лықты қонақтарға сыйлайды. Балалар қонақтармен аманда-сады.

Есік тақылдап, (ауырып) қоян келеді

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

— Мен ауырып қалдым.

— Маған көмектесіңдерші!

Тәрбиеші: -Балалар қоянға дә-румендер керек.

— Қоян не жейді?

— Олай болса балалар қоянға дәрумендер керек.

— Дәрумендерге не жатады?

Балаларға бау-бақша туралы түсінік береді.

Сергіту сәті:

Алақанды соқ,соқ

Аяғымыз топ-топ

Көзді ашып жұмамыз,

Иығымызды бұрамыз.

Ойын: «Жемістер мен көкөніс-терді жинау»

-Алманың түсі қандай?

— Пішіні ше?

— Сәбіздің түсі қандай?

— Пішіні қандай?

— Қиярдың түсі қандай?

— Пішіні ше?

-Балалар, жемістер, көкөністер туралы жаттаған тақпақтары-мызды қоянға айтып берейікші.

Қостілдік меңгерту:

Дәрумен-витамин, алма-ябло-ка, қоян-заяц, сәбіз-морковь, қияр-огурцы.

  • Балалар, бізге не келді?
  • Қоянға не болыпты?

-Қоянға қандай көмек бердік?

-Қоян не жейді екен?

-Балалар, жемістер мен көкөн- істер денсаулыққа өте пайда-лы. Оларда дәрумендер өте көп. Жеміс-жидектерді жуып жеу керек.

«Денсаулық-зор байлық»

Балалар қоянға «Күз жомарт» әнін айтып берейік. Қоян қоштасып шығып кетеді.

Қорытынды . оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар шеңбер бойына тұрып, қонақтарға жылулық сыйлайды.

Балалар қоянмен амандасады.

  • Иә
  • Сәбіз

-Алма, алмұрт, сәбіз, қияр т.б

Балалар жемістер мен көкөніс-терді жинайды.

  • Қызыл

  • Домалақ

  • Сары
  • Сопақ
  • Жасыл

  • Сопақша

Алма:

Мен алмамын, алмамын.

Таңдай жұлар бар дәмім.

Алмұрт:

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Өрік:

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Жүзім:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Сәбіз:

Мен сәбізбін, сәбізбін,

Емделемін десең әзірмін.

Қарбыз:

Мен қарбызбын, қарбызбын,

Ауырса бүйрек, бауырың,

Көмегімді беремін.

Балалар сөздерді орысша,қазақ- ша қайталайды. Қоян келді

Ауырып қалыпты.Жемістер мен көкөністерді жинап бердік.

Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: Жемістер мен көкөністерді және олардың түсі мен пішіндерін ажыратуды

білді. Балалардың тілін дамыту барсында шағын берілген тақпақты жатқа

білді.

түсінеді: Жаңа сөздер мен ізгі сөздерді игерді. Көкөністердің аттарын дұрыс атай білуге

үйренді.

қолданады: Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетінін меңгерді. Ұсақ қол мато-рикасын дамытты.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.