Жаңа сабақтар

«ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ МЕН МУЗЫКАСЫНЫҢ 1000 ЖЫЛЫ»

19 желтоқсан күні М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасының «Дала фольклорының антологиясы» онтомдығының алғашқы 5 томының, «Ұлы даланың көне сарындары» үштомдығының 1 томының, сондай-ақ «Ұлы дала жауһарлары» бестомдығының 1 томының тұсаукесер рәсімін ұйымдастырады.

Іс-шараға шетелдік және отандық ғалымдар, оқытушы-профессорлар қауымы, шығармашылық ұжым өкілдері қатысады.

Тұсаукесер аясында институт басшысының жыл қорытындылары бойынша қоғам алдындағы есебі тыңдалады. Сонымен қатар, осы басқосу қорытындысы барысында Қазақстан фольклортанушылары, әдебиеттанушылары және өнертанушыларының республикалық форумын өткізіп «Мұрагер» қауымдастығын құру жоспарланып отыр. Жаңа қауымдастық қоғамдық ғылымның аталған салаларындағы түйінді мәселелерді зерделеуге күш салатын болады.

Өтетін уақыты: 19 желтоқсан, сағат 10.00, тіркеу сағат 09.00.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін: ү.ж. 18 желтоқсанына дейін moldir_0312

Өтетін орны: Достық үйінің дөңгелек залы (Алматы қаласы, Құрманғазы, 40)

Қосымша сұрақтар бойынша: 8 702 145 22 31

moldir_0312

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.