NIS

НЗМ оқушыларының Тәуелсіздік күніне тартуы

7 сынып оқушылары Тәуелсіздік күніне сахналық тарту жасады

Еліміздің Тәуелсіздік күніне мектеп театрының жас актерлері көрермендерге «Томирис» тарихи қойылымын тарту етті. Тарихи деректерге сүйеніп, қойылымның сценариін 7 сынып оқушылары Айдана Абдулахатова, Дина Сейтқазы, Камила Шайқым шығармашылық бірлестіктің жетекшісі Бауыржан Айтжановтың басшылығымен жазып шықса, туындыны сахнада қойған «Dream Team» шығармашылық бірлестіктің жас буынын құрайтын 7 сынып оқушылары болды.

Қойылым Рустам патшаның Персия қолбасшысы Кирдың қолынан уланған жерінен бастап, Томырыс патшайымның патшалықтың басында тұрып, Кирмен соғыста жеңіске жеткен кезеңдерін қамтыған. Жас актерлердің тарихи беттерге үңіліп, кейіпкерлердің мінез-құлқын зерттегендері шынайы ойындарынан байқалып, көрермендердің ыстық ықыластарына бөленді.

Томырыс патшайымның ролін 7 сынып оқушысы Дина Сейтқазы, Рустам ханның ролін — 11 сынып оқушысы Сакен Қаржавов, Кир патшаның ролін 7L сынып оқушысы Қойшыбаев Даулет сомдап шықты.

Қойылымның соңында мектеп директоры Гүлмира Бақытбекқызы шығармашылық бірлестікті жаңа туындымен құттықтап, келешекте табыстарға жете берулерін тіледі. Жас актерлердің ойынын тамашалаған мектеп оқушылары, мұғалімдері, ата-аналар ұзақ қол-шапалақпен ризашылықтарын білдіріп жатты. Ата-аналар әсерлерімен бөлісіп, мектеп ұжымына балаларды шығармашылыққа, өнер арқылы эстетикаға , адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеп жатқанына өз ризашылықтарын білдірді.

Театральный дебют семиклассников в канун Дня Независимости

Ко Дню Независимости Республики Казахстан на сцене актового зала НИШ ХБН Алматы состоялась премьера исторической пьесы «Томирис». Авторами сценария выступили ученицы 7-го класса Айдана Абдулахатова, Дина Сейтказы, Камила Шайқым под руководством руководителя творческого объединения Бауыржана Айтжанова. А сыграли главные и второстепенные роли в пьесе все паралели семикласников, самые юные участники театра «Dream Team». Постановка охватила сакский период в истории — отравление царя Рустама по приказу предводителя Персии Кира, начало царствования Томирис и ее победа в войне с персидским царем.
Роль царицы Томирис талантливо исполнила ученица 7 класса Дина Сейтказы, роль Кира -ученик 7L класса Койшыбаев Даулет. Единственная роль, которая досталась старшеклассникам в исторической постановке, была роль царя Рустама. Ее сыграл одиннадцатиклассник Сакен Каржавов.

В конце спектакля директор школы Гульмира Бахытбековна Мункеева поздравила творческое объединение с новой постановкой и пожелала дальнейших успехов. Родители 7ых классов, поделились своими впечатлениями о пьесе и выразили благодарность коллективу школы за привлечение учащихся к творчеству и воспитание через искусство эстетике и нравственности.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.