Жаңа сабақтар

Роза Әбдіқадырова. Кешірім.

Сабақтың тақырыбы:

Роза Әбдіқадырова. Кешірім.

Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 2 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.1.2.1*- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау

2.2.3.1 — мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.2.2.1 — мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Бүгінгі тақырыпты меңгереді. Мәтіннің негізгі ойын, тәрбиелік мәнін түсінеді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Тақырыпты меңгеріп қана қоймай, өз ойын көпшіліке дәлелдей алады. Топтық жұмысқа белсене қатысады. Мәтін кейіпкерлерін анықтап, оларға сипаттама береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Мәтінді бөліктерге бөліп оқу барысында басқа топ мүшелеріне оқыған бөлімдерін толық жеткізе алады. Толық мәтін бойынша өз түсінгендерін,ойларын жеткізеді. Сұрақтар құрастырады және сұрақтарға дұрыс, әрі белсене жауап береді. Тақырып аясындағы сөздерді үш тілде толық біледі.

Бағалау критерийі Мектептегі қамқор жандар туралы түсінік қалыптасады.

Мәтіннің неліктен «Кешірім» деп аталғанын түсіндіріп бере алады.

Мәтіндегі негізгі кейіпкерлерді анықтайды;

Мәтін мазмұнын баяндайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, кері байланыс, смайликтер, АКТ.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Дүниетану,ағылшын,орыс тілі
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Ресурстар
Басталуы

5 минут

Топтарға бөлу.

Оқушылар теріс қаратылып қойылған қима қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлініп отырады.

1-топ «Ұстаз»

2-топ «Аспазшы»

3-топ «Тазалықшы»

4-топ «Дәрігер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Талпын жақсы болуға,

Күндей сәуле шашатын.

Білім іздеп,өнер тап,

Түнді күндей ашатын.

Всем, всем — добрый день!
Прочь с дороги, злая лень!
Не мешай учиться,
Не мешай трудиться!

Good afternoon!

Good afternoon!

Good afternoon to you!

Good afternoon, good afternoon!

We are glad to see you!

Топ аты жазылған қима қағаздар
Үй тапсырмасын сұрау

7 минут

Міржақып Дулатовтың «Мектепке», «Мектептен» өлеңдерін жатқа сұрау.

Сұрақ – жауап:

1.Өлеңдер не туралы?

2.Өлеңдерде қай мезгіл туралы айтылған?

3.Авторы кім?

Мектеп суреті, Міржақып Дулатов суреті
Жаңа білім

7 минут

Білу және түсіну

Асхана суретін көрсету.

1.Суретті қалай атар едің?

2.Бұл жер саған ұнай ма? Неліктен?

Мәтінмен жұмыс

Роза Әбдіқадырова. Кешірім.

Мәтінді мұғалім 4 топқа 4 бөлімнен бөліп береді. «Джигсо» әдісі арқылы бір – біріне түсіндіреді.

Асхана суреті

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

Қолдану

Дәптермен жұмыс. Роза Әбдіқадырова. Кешірім.

Роза Әбдіқадырова – балалар жазушысы. Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. О.Меңаяқов атындағы орта мектепті 1995 жылы бітірген.

Талдау

Топтық тапсырма.

1 –топ.

2 –топ. Мәтін неліктен «Кешірім» деп аталады? Басқаша қалай атауға болады?

3 –топ. Тұрсынның іс-әрекетіне өз көзқарастарыңды білдіріңдер.

4 –топ. Мәтіннен аула сыпыратын қарттың сөзін тауып, дауыстап оқыңдар.

Оқулық

Топтық тапсырмалар

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті

Балалар бүгін біз «сақина салмақ» ойынын ойнаймыз. Сендерді осы ойынның шартымн таныстырып өтейін:

-Мұғалім сақинаны қолдарын жайып тұрған оқушының кез келгеніне салады.

-Шық сақинам, шық дегенде егер оң жақтағы көршісі сақина кімде екенін дұрыс анықтап ұстап алса, онда сақина салған адамға достары сұрақ қояды.

-Шық сақинам, шық дегенде оң жақтағы көршісі сақина кімде екенін таба алмаса, онда достары сұрақты ұстай алмаған оқушыға қояды.

Сақина
Аяқталуы

Сабақты бекіту

7 минут

Синтез
Бағалау

1-2 минут

Кері байланыс

3 минут

Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.

Топтық жұмысты бағалау үшін басқа топ мүшелері комментарий(өз ойын) айтады.

«Тазалық» әдісі

Смайликтер

Комментарий әдісі

Кері байланыс «Тазалық»

Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі суреттері

Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын айтуға дайындалу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.