Жаңа сабақтар

Ардагерлер ардақтымыз

Соғыс… Өзімен бірге мұң мен қайғы әкелетін сөздердің бірі. Сан мың адамның төккен қаны мен тері. Осындай қан төгілген сұрапыл соғыстардың бірі — Ауған соғысы. Көп халықтың хабары жоқ, бірақ баласын күткен ананың көзінде жас ұялатады. Халықтың бәрі ардагерлерін көзге білмесе де, хабардар болуы тиіс. Қазіргі таңда, Ұлы Отан соғысы ардагерлері саусақпен санарлық, ал Ауған соғысы ардагерлері Қазақстан Республикасында 10 мыңға жуық. Ауған соғысына (1979-1989) КСРО-дан 22 мың боз бала аттанған. Оның 761 қаза тапқан болса, 21 із түссіз жоғалған. Қайтып келген сарбаздардың 3000 мыңы мүгедектер. Ардагерлерге Қазақстан Республикасы әртүрлі жеңілдіктер мен жәрдемақылар тағайындаған. Бұл олардың өміріне көмек беруге негізделген мемлекеттік шара болып табылады.

Соғысқа қатыспаған адам оның қасіреті мен қиындығын сөзбен айтып жеткізе алмайды. Соғыстағы адамдардың атқан таңы қарудың үнімен басталып, батқан түні құлақ жарар айқай және көзден аққан мөлдір жаспен аяқталады. Ел үшін соғысқа аттанып, өмір мен өлімнің сан түрлі торабынан өтіп, еліне оралған ардагерлерімізді қастерлеуіміз тиіс. Жас ұрпаққа патриоттық өнеге беру мақсатында, Ауған соғысы ардагерлері оқу орындарына көптеп барады. Осындай жоғары оқу орындарының бірі — Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. 2019 жыл КСРО әскерінің Ауғанстан шекарасынан шығуына 30 жыл аталып өтілуінің себебінен, Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қазақстан тарихы факультетінің профессоры С.Смагуловтың ұйымдастырылуымен “Ауған соғысының ақиқаты” атты ақпараттық білім беру жобасы өткізілген. Ауған соғысы тек ардагерлердің қасіреті емес, Ауғанстан халқының, ардагерлердің жақын туыстарының қайғысы.

Есекеева Айнаш Акимсаловна

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультетінің аға оқытушысы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.