Жаңа сабақтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қазақстандағы ең үздік Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне биыл 85 жыл толды. 1934 жылы қара шаңырағымыздың іргетасы қаланды. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. 15 факультеттен тұратын университетте үш мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді. ҚазҰУ қалашығы Алматы қаласының жоғарғы бөлігінде, таулы аймаққа жақын,таза табиғатта орналасқан.

Бір шеті – Ботаникалық бақ, екінші жағы Есентай өзенімен шектескен қалашықтың ауасы да тап таза. Жалпы алғанда, қалашықта студенттердің өміріне қажеттінің барлығы да бар. Оқу корпусы, жатақханалар, спорт және тамақтану кешені, Қазақстандағы кітап қоры мен ерекшеленетін Әл-Фараби атындағы кітапхана,Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы да қалашықтың ішінде. Ал елімізде әлі баламасы жоқ «Керемет» студенттерге қызмет ету орталығында білім алушыларға қажет төлқұжат столы, студенттің оқу үрдісін қадағалап отыратын тіркеу кеңсесі,тіпті медециналық көмек көрсететін білікті мамандарда бар. ҚазҰУ-дың басқа жоғары оқу орындарынан басты айырмашылығы – оның оқу жүйесінде. Әлем университетімен тығыз байланыста бола отырып, студенттердің өзара тәжірибе алмасуын жүзеге асырып отырады.Тәжірибе алмасу студенттердің кәсіби тұрғыда дамып,өз білімдерін жетілдіре түсуіне көмек береді. Бүгінгі күні қара шаңырағымыздың 85 жылдығына орай студенттер арасында ірі іс-шаралар өтіп,студенттеріміз білім кемесі мен қоса өздерін басқа қырынан осал еместігін дәлелдеуде. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің аға оқытушысы: Есекеева Айнаш Акимсаловна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.