Жаңа сабақтар

Оспанғалиева Маншук Кайргазиевна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы «Құлыншақ» балабақшасы II санат тәрбиеші: Оспанғалиева Маншук Кайргазиевна

Балабақша Бақыт баспалдағы.

«Еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында» Н. Ә. Назарбаев.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала болама?»,-деп айтқандай,баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады.Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді,ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек,өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.Балабақша-білім мен ортаға биімделудің тірегі,бастамасы десек,ал тәрбиеші-сол балабақшаның жүрегі,яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады.Қарап отырсақ,сол зиялылардың ой-пікірлері бүгінгі күні өте қажет болып табылуда.

М Дулатов: «Балқыған жас баланың ойына,қанына,сүйегіне ұлт рухын сіңіріп,ана тілін анық үйретіп шығару керек» десе,М Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»деген.Тәрбиешінің басты мақсаты-жалғыз білім үйрету емес,біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беруі керек» деген екен М Дулатов. «Балаға ең бірінші білім емес,тәрбие керек.Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»-деп ұлы ғалым,философ Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай,балаларға жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз.Қай елде,қай заманда болсын,бала тәрбиесіне ерекше мән берілген.Бала тәрбиесі өте күрделі құбылыс.Оның күрделілігі бесіктен бастау алып,үнемі уақытпен,бала көңіл-күйімен,жеке қабілетімен,икемділігімен,тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғынылады.Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол-күн сайын көз алдымызда өсіп,дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу.Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай,келешек заманына лайық қылып шығару керек» Иә,Мағжан аталары айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды.Өйткені,елдің ертеңгі тірегі-жастар.Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр.Бала тәрбиесі-баршаның ісі.Отбасының да, балабақшаның да,мектептің де мақсат-мүддесі біреу,ол заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасынан бастап барлық туған туыстардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі.Әр отбасында тәлім-тәрбие алып,ата-аналар жүректерінің бір-бөлшегін сеніп толықтай бір күнге балабақшаға әкеліп тапсырады.Сол орайда ананың орнына ана бола білетін ол-балабақша тәрбиешісі.Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы.Балалар-біздің болашағымыз.Сондықтан балаларды ерекше күтіп,тәрбиелеу керек.Әсіресе,ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз керек.Және баланың үйде отырмай,балабақшаға барғаны жөн.Өйткені,бала сыртқа шықса,айналадағы ортаға үйренеді,мінезі тұйық болмайды,адамдармен тез араласады.Балабақшада алдымен баланы тәртіпке,жауапкершілікке үйретеді.Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз.Ата-бабамыз айтқандай,баланың тәрбиесі бесіктен басталады,яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады.Балабақша,одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптастыруына көмектеседі.Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып,әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады.Балабақшадағы оқу қызметтері бес сала бойынша іске асып барлығы ойын түрінде балалар бойына білім нәрін сусындатады.Тілін дамытып ортаға биімдеп қарым-қатынасқа икемдейді,Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру арқылы оң мен солын,ұзын қысқа үлкен кішісін ажыратуға,жапсыру,мүсіндеу,сурет салу арқылы шығармашылығы дамып,түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді,қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақынырақ танысады.Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып,салмақтауды үйренеді,сонымен бірге шынығып,салауатты өмір салтын ұстап өсуі жолында да берілетін осы балабақша жұмысының еңбегі ұшан теңіз.Тәрбиеші балаларға білім беру үшін баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын,таным белсенділігін арттырып,көздеген мақсатқа жеткізуші.Қиыны мен жеңілі,қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым-үнемі жаңалыққа ұмтылып,алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып,бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.Бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып,балабақшаны-болашақтың қақпасынан деп білуіміз керек.Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім,жүректерінде патриоттық сезімдерді жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс.Қазіргі заман талабына сай өнерлі,шығармашылыққа бай,жан-жақты дамыған,өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін,өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәриелей отырып,мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін.Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ,кімнің пікірімен бөліссек те бақшаға барған баламен,бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей.Қай жағынан болмасын-адамдармен қарым-қатынас жасағанда да сөйлеу мәнерлерінде де,өз ойларын жеткізе білуде де тағысын сол сияқты көптеген құбылыстарда да айырмашылықты байқап жатамыз.Сондықтан тәрбиешілер бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай,үнемі ізденіс үстінде жүру керек.Халық «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны ілер»,-дейді.Жас шыбық иілгіш болатыны тәрізді,жас адам да жақсыға да жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді.Сондықтан жақсы,жаман әтетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы өте зор.Ата-ана мен ұстаздың нәтижелі еңбегі өтпелі жас кезеңінде қоршаған орта ықпалынан аспай қалатын кезі де болады. «Білімді ата-ананың дарында баласын тағыларға қосып жіберсең,одан тағы өсіп шығады»,-дейді А.Бебель.Ал ұлы Абай: «Баланың жақсысы қызық,жаманы күйік»,-деу арқылы ащы шындықтың бетін ашады.Адам мінезін тәрбиелеуге болады деген ой тұсында Абай мен Сухомлинский үндеседі.Адам мінезін өзі де,өзге арқылы да түзеуіне болады екен,тек есте болсын, «Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамшысы-жақсы тәрбиеленген адам»деп Эпиктет айтқан екен.Ж.Аймауытов пен М.Жұмабаевтың бала тәрбиесі туралы сонау алмағайып заманда айтқан сындарлы,салиқалы сөздері қазіргі ұрпақ тәрбиесіне арнап айтылғандай.Бала тәрбиесінде бірінші-ата-анасы болса,екінші ұстазы екені хақ.Балабақша-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта.Әрбір жеткіншек-зерттелмеген құпия.Әрбір жеткіншек ұрпақ,ең алдымен,туған халқының әдеп-инабат тағалымын бойына сіңіріп өсуі тиіс.Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке,жауапкершілікке үйретеді.Бала тәрбиесі бесіктен басталады.Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып,әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады.Әр баланы зерттеп,басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу,ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.Ана тілінің қадір-қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар,таза,пәк,инабатты,биязы болып өсетініне өмір тәжірибесі куә.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»деп бекер айтылмаған.Сондықтан,алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік.Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы,баланың болашағы.

Балаларды тәрбиелей отырып,ата-аналар еліміздің болашақ тарихын,демек,дүниенің де тарихын тәрбиелейді. А.С.Макаренко

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.