Жаңа сабақтар

Джалгашева Нургул Тыныштыковна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы Облыстық санаторлық мектеп –интернаты балабақшасы II санатты тәрбиеші: Джалгашева Нургул Тыныштыковна

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күз сыйы»

Мақсаты: балаларға күз мезгілін таныстыра отырып, ауа- райында болатын құбылыстар туралы түсінік беру, көкөністер мен жемістерді бір-бірімен ажырата білуге үйрету. Адамдардың күзгі еңбегін айта отырып, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру сұрақ-жауап, Сто технологиясы, Мнемотехника әдісі.

Қолданылатын көрнекіліктер: Лэпбук, АКТ, күз мезгіліне байланысты үлестірмелі материалдар.

Оқу қызметінің барысы:

(музыка әуені)

Шаттық шеңбері:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсын кең аспан,

Мықты болсын іргеміз.

Бәрімізде біргеміз.

Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын.

Сәлемтсіздер ме, здравствуйте, good morning.

Балалар амандасу рәсімін жасайды.

Кәусар: — Достар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: — Күз мезгілі, осень, outumn.

Ғажайып сәт:

Тәрбиеші: Ой, балалар бір дыбыс естіледі, қараңдаршы бұл не болды екен?

Топқа алма арқалаған кірпі келеді.

Тәрбиеші:

-Сәлематсыз ба, не істеп жүрсіз?

Кірпі: -Мен күзгі орманымның жолын табалмай адасып қалдым.

Балалар, кірпі адасып қалған екен, оған күзгі орманға оралу үшін біз оның көптеген тапсырмасын орындауымыз керек екен. Балалар көмектесеміз бе?

Иә.

Ой балалар, қараңдаршы кірпі қызықты кітапша алып келіпті. Кітапшада тапсырмалар беріілген екен.

Осы тапсырмаларды орындасақ, кірпіні күзгі орманға жетуіне көмектеседі екенбіз.

-Ендеше «Алма» пішіндес кітапшадағы тапсырмаларды орындайық.-

Балалар бірінші тапсырмамызда жұмбақ шешу

Бұлттар төніп, жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала нұры қашады

Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады

Айтыңдаршы, бөбектерім бұл қай кездеболады? (Күз)

Балалар:

Күз мезгілі

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар дұрыс айтасыңдар.

Балалар екінші тапсырмамызда сиқырлы бағыттама арқылы ауа-райындағы және табиғаттағы өзгерістерді табу.

Тәрбиеші:Балалар 2-ші тапсырмамыз сиқырлы бағыттама арқылы Күз мезгіліне байланысты ерекшеліктерді көрсетеміз.

3 ші тапсрыма Мнемотехника әдісімен суреттер арқылы өлең құрастыру.

Күз мезгілі болғанда

Жемістер мол болады

Құстар қалқып көктегі

Жылы жаққа ұшады.

Балалар біз суреттер арқылы өлең құрастырдық, ал енді осы өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасап бойымызды бір сергітіп алайық.

4 ші тапсырма:

«Бау да ма, бақша да ма?» қимыл қозғалыс ойыны.

Ол үшін біздер алдымен екі топқа бөлінеміз

Міне балалар біз тапсырмаларды да орындадық. Ендеше осы жинаған көкөністеріміздің арасында ерекше көкөніс бар. Қане іздеп табайықшы.

Бұл қандай көкөніс екен? (Сарымсақ)

-Балалар ендеше осы сарымсақты иіскеп көрейікші.

Балалар иісі қандай екен?

-Жағымсыз.

Сарымсақ тың иісі жағымсыз болғанымен адам денсаулығына өте пайдалы екен.Күз мезгілінде ауа-райы салқын болғандықтан, жылы киініп, мол пайдаланып, денсаулығымызды күтуіміз қажает

Қараңдаршы балалар біз тапсырмаларды орындап кірпіні өзінің күзгі орманына алып келдік.

Күзгі орман қандай әдемі екен.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Жемістер мен көкөністердің айырмасы.

Игереді:Дидактикалык ойындар ойнап,өлеңді ұйымдастыру,жұмбақтар шешеді.

Меңгереді: Күз мезгілінің ерекшеліктерін түсінді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.