Жаңа сабақтар

Сейдханова Шынар Парухкызы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Б.Аманшин атындағы қазақ орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейдханова Шынар Парухкызы

Сабақтың тақырыбы:Д. Қасенов. Жайлау күні

Сабақтыңмақсаты:1.Білімділігі:Оқушыларға тақырыптың мазмұнымен таныстыру. Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны меңгерту. Мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, өз бойындағы мінез – құлықтарға баға бере білуге баулу.

2.Тәрбиелілігі:Табиғатты сүюге,еңбексүйгіштікке баулу.Жағымсыз әдеттерден сақтанып, уақытты үнемділікпен пайдалана білуге үйрету.

Дамытушылығы:Оқушылардың зейінін, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау.Шығармашылық ізденістерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: жайлау суреттері, слайдтар, Венн диаграмма сызылған плакат, эмблемалар, смайликтер, интербелсенді тақта.

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес,жаңа сабақ. Сабақтың типі:топтық жұмыс.

Сабақтың әдістері: тест, топтастыру, түртіп алу, ребус шешу, Венн диаграмма сызбасы, бес саусақ ойтолғаныс, эссе жазу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен,қонақтармен амандасу. Оқушылардың сабаққа әзірліктері мен оқу құралдарын қадағалау.

Психологиялық дайындық.

Жарқырап күн де ашылады,

Айналаға нұр шашылады.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Топқа бөліну. 1-топ «Бәйшешек» 2-топ «Бақбақ» 3-топ «Қызғалдақ»

Әр топтың ортасына гүл түрлерінің суретін қоямын.

Үй тапсырмасын тексеру.Найзағай мәтіні бойынша тест жүргіземін.

Тест сұрақтары:

1.Найзағай жылдың қай мезгіліне суреттелген?

А)жаз Ә)күз

2.Адамдар жүгеріні отап жүргенде не құйып кетті?

А)бұршақ Ә) жаңбыр

3.Найзағай жарқылдағанда,Болаттың есіне не түсті?

А) металдың жай тартатыны

Ә )паналайтын жер іздеу

4.Кетпен-күректерге не түсіп,тесіп тастады?

А) тастар Ә) жасын

5.Болат кімдерден алғыс алды?

А) қарттардан Ә) достардан

6.Найзағай мәтінінің авторы кім?

А) Мұхтар Әуезов Ә) Дәулет Қасенов

Тест жауаптары: 1.А 2.Ә 3.А 4.Ә 5.А 6.Ә

Тесттің бағалануы. «5»- 1қате «4»- 2 қате «3»- 3 қате

1.Қызығушылықты ояту.Ребустың шешуін тап:

Жайлау + күн + і = Жайлау күні

-Ендеше,бүгінгі өтетін мәтіннің тақырыбы «Жайлау күні»-10-слайд.

-«Жайлау» дегеніміз не? -Көз алдарыңа нелер елестейді?

Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстаудеп атаған.
Жайлау — қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы. Жайлаудың шөбі шүйгін, суы мол, әрі тұнық. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады.
Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы өседі. Ол кезде жер беті кілем сияқты құлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып, семіреді. Адамдарда сергиді. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Мұндай атақты жайлаулар Қазақстанда өте көп. Олар — Қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы т.б.
Қарқара жайлауының үстімен бұрын «Ұлы Жібек жолы» өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге келіп қонады. Қар түскен соң қыстауға көшеді.

Жайлау көріністері. —Сонымен, балалар, жайлау сөзін топтастырыңыздар.

Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма:«Топтастыру»әдісі бойынша құрастырып, жұпта , топта талқылау арқылы орындайды.Оқушылар орындарынан тұрып,оқып береді.

Мәтіннің авторымен танысу. Автор туралы мағлұмат беру.

Дәулет Қасенов ( 1937-1967) Қарақалпақстанның Қоңырат ауданындатуды.1961 жылы шыққан жас ақын жазушылардың « Жас дәурен» жинағына кірді.Дәулет Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп көтерген азамат.

Мағынаны тану.

-Балалар,мәтінді 3 бөлімге бөліп оқимыз.Әр топ сол бөлім мазмұнын өзара талдап,бір оқушыдан тұрып айтыңыздар.

Мәтінді«Түртіп алу»әдісі бойынша тізбектей оқып, балалар жай қарындашпен түсініксіз сөздерді түртіп алады.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Сұрақтар:

-Мәтінді қандай бөліктерге бөлуге болады?

-Құрмаштың бойында кездесетін жақсы қасиеттерді ата.

-Жұмаштың бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттері туралы не айтасың?

Дәптермен жұмыс: 2-тапсырма:Жұмаштың сұрағы:Жайлаудың күні әртүрлі болады екен.Кейбір күндері қысқа,кей күні ұзақ.Бүгінгі күн неліктен ұзақ болды?

Сергіту сәті: Ән«Қошақаным қайда екен?»

Жазда апамның аулына Ақ маңдайлы ай ма екен,

Барып едім қыдырып. Шекер ме екен, бал ма екен?

Бір қошақан алдымнан Кеттім оны сағынып,

Шықты ойнақтап, жүгіріп. Қошақаным қайда екен? С.Асанов

Шығармашылық тапсырма.

1 — топ “Егер мен Жұмаш болсам” (эссе жазу).

2 – топ Еңбек, уақыт,еріншектік,жалқаулық туралы мақалдар айту.

3 — топ«Ойынның пайдасы мен зияны»

Бекіту . Венн диаграмма толтыру.Әр топ алдына венн диаграмма сызбасы сызылған плакат беріліп,толтырылады.Топтан шыққан оқушы қорғайды.

Ойтолғаныс. «Бес саусақ»

Бас бармақ-Не түсіндіңдер?

Балаң үйрек-Мақсатқа жету үшін қандай жұмыс түрлерін жасадыңдар?

Ортан терек-Достарына қандай көмек көрсеттіңдер?

Шылдыр шүмек-Кімнің жауабы ұнады?

Кішкене бөбек-Сабақ үстінде қандай сезімде болдыңдар?

Үйге тапсырма.Мәтінге 6- бөлімді жоспар құру.88-бет.

Бағалау.Оқушылар смайликтары арқылы бағаланады.


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.