Жаңа сабақтар

Жеке тұлғаға бағытталған тәрбие проблемалары

Алматы облысы, Сарқан ауданы «Қарауылтөбе орта мектебі мдшо» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Мамбетбаева Эльмира Рахимбергеновна

Жеке тұлға ұғымының әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: «жеке тұлға» дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс әрекеттің субъектісі ретінде индивид. Деке тұлғаның негізгі белгісі оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) атқаруы. Сондай ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие, яғни темперамент, мінез, қабілеттілік, мақсат, мүдде.

«Даралық» ұжымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады. Тәрбие барысында тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың, яғни отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестіктер балаға әсер етуші процестер.

Микроортадағы оқушылар ұжымнан даралап, бағытталған тәрбие, жекелей тәрбие беру біздің міндетіміз. Оқу бағдарламасы барлық оқушылар үшін стандартты бірдей болса, тәрбие барысында бірдей тәрбиелесең де, жекелей жұмыс жүргізуге тура келеді.

Тәрбие технологиясы барлық тәрбие алушыға ортақ, ол түлғаны жан-жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезендерімен толық қабылдануы тиіс. Оларды анықтап, нәтижеге жету бағыт-бағдарын көрсету педагогика ғылымының міндеті.
Қазіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт мәселесін шеше отырып бізге таныс болған мынадай талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта, яғни санасына, сезіміне және қылықтарына мейлінше адамгершілік тұрғыда әсер ету.
Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу. Тәрбие ісі мақсаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: этикалық, әлеуметтік бағдарлы (ӘБ), эстетикалық, танымдық, спорт және дене тәрбиесі, экология, еңбек және т.б. Қоғамдық маңызы бар қасиеттерді тәрбиелеу мақсатындағы Тәрбие ісін ӘБ деп атайды. Бұл бағыттағы Тәрбие істерінің негізгі мақсаты — оқушыларда әлеуметгік катынастар жүйесін қалыптастыру: қоғамға, мемлекетгік басқару және қүқықмекемелеріне.
Тәрбие ісі табысты болуына арқау тәртіптілік бағытындағы жалпы талаптар: 1) әрбір жаңа іс бүрынғыға негізделе отырып, сапалы тәртіп дайындығы процесін жоғары деңгейде жалғастыруы міндетті; 2) олар жалпы принциптерге сәйкес, бірақ стандартқа қатып қалмай, орын және уақыт жағдайларын ескеруі шарт; 3) тұлға тәрбие бөлшектеліп емес, біртұтас жүретіндікген, тәрбие істері де белгіленген нақты, жинақы жүйеде орындалуы қажет. Егер тәртіптілігін сапасы үнемі өзгеріп жатса, онда педагог мінез ауысуларының қайда, қашан басталғанын зерттеп үйренуі керек. Педагог шеберлігі тәрбие ісіне белгілі кезеңде жаңа сапаға бағыттай алуынан көрінеді. Тәрбие ісін дұрыс ұйымдастыруға кедергі жасайтын себептер: Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының нашар құрылуы. Тәрбие жұмысының бір жақтылығы, яғни тәртіптілік басқа сапалардан бөлініп қалады немесе оларды кезекпен дамыту ұстанымы белең алады. Тәрбие жұмыстарында науқаншылдықтың жеңіп,бірізділіктің болмауы. Тәрбиешінің оқушылармен қатынасындағы мәдениеттің кемдігі. Формализм, педагогтың тек әсіре көрсеткішке көңіл бөлуі. Тәртіпке шақыру жолдарын пайдаланудағы қателік: орынсыз төмен не асыра бағалау. Тәрбие ісінде әрекеттердің келісімді жүйелі болмауы, басты проблема тасада қалып, елеусіздеріне үміт арту.

Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттігінен көптеген өзгерістерге бет бүрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру лазым: 1) адамға ең қымбат — өмір; 2) балалар — өмір жалғасы; 3) тәртіптілікпен байланысқан еркіндік; 4) отансүйгіштік (патриотизм); 5) ұлтжандылық; 6) интернационализм; 7) борыш, ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау, кішіпейілдік ,қамқорлық,мейірімнің жетіспеушілігі және т.б.
Қазіргі тәрбие жүйесіңдегі ең маңызды да кекейтесті проблемалар — бүл оқушылардың жыныстық тәрбиесі және еңбекке қатынасы.
Тәрбие ісінің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы меліметтер ендіреді. Тұлғаның адамгершілік қажеттігін қалыптастыру — оның түйсік жүйесіне моральдық нормалар мен принциптерді қабылдату процесі.
Адамгершілікті қажеттіктің көмегімен ізгілік мораль негізі — еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалы тәрбиелік іс функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым (қарым-қатынас ережесі, жүріп-түру мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады (еңбекке дайындық және оны қажетсіну).

Қорытынды: Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, «мендік» белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
Тәрбие әдістері тәрбие процесінің бөліктері ретінде көрінеді, олар педагогикалық. Құралдар бірлігін құрайды. Әдістерден басқа да тәрбие құралдары баршылық, одар әдістермен тығыз байланыста, бірге қолданылады (көрнекі құралдар, өнер шығармалары, бұқаралық ақпарат қүралдары). Тәрбие құралдарына олармен бірге, әртүрлі іс-әрекет түрлері (ойьш, оқу, еңбек), педагогикалық техника (тіл, ым, қимыл т.б.), мұғалім мен оқушының қалыпты өмірлік іс-әрекетін жасауға көмектесетін құралдар жатады. Егер аталған жабдықтар белгілі бір деңгейде пайдаланылмаса, олардың маңызы еленбейді. Алайда осы жаңа жабдықтар әсері тәрбие әдістерін таңдауға негізгі ықпал жасайды. Тәрбиеші өзі білетін, жеке меңгерген әдістерді таңдайды. Көптеген әдістер қиын, әрі көп күш жүмсауды талап етеді: кейбір педагогтар бүл мәселені айналып өткісі келеді. Осыдан болатын кемшілік — тәрбиенің жетімсіздігі. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда «ықпалды әсер ету» әдісі қодданылады. Бұл әдіс әсіресе қысқа мерзімде қайта тәрбиелеу үшін қодданылады. Мектеп уақытының, тұлғаның тұрақты қасиеттерін қалыптастыруға жеткілікті болатынын мойындайтын біртұтас көзқарас жоқ.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.