Жаңа сабақтар

Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.

Бекітемін: ___________

Оқу ісінің меңгерушісі:

Күні: 20.11.2019 жыл

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мектеп: БҚО; Сырым ауданы, жалпы білім беретін Абай орта мектеп балабақша кешені
Мұғалімнің аты – жөні: Орынғалиева Айсұлу Қайырболдықызы бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

1.1.9.2. Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.

Сабақтың мақсаттары
  • І дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.
    — І дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың ой-өрісін,тілін дамыту.
    — Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, әдемі жазуға, оқуға тәрбиелеу.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Математика, Дүниетану, т.б.
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , бейнебаян. таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік І дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Көңіл – күйлерін сұрау.
  • Балалар қазір қай жыл мезгілі.
  • Ауа райы қандай?

Жарайсыңдар балалар, олай болса ортаға келеге қойыңыздар.

Оқушыларға шеңбер құрғызылып, өткен сабақтар бойынша дыбыс және әріптері қолдарына үлестіріледі. Ол әріптердің артында суреттер жасырылады. Кейін оқушылар сол әріптер бойынша жасырынған тапсырмаларды қимыл-қозғалыс және дыбысын салу арқылы айтады.

А – ара – дыбысын салады.

Н – нөсер – дыбысын салу.

Л – лақ – дыбыстайды.

Р – риза болған түрін көрсетеді.

О — отырады7

Т – тауық- дыбысын салады

У – уқалайды

Ш – шыбын дыбысын салады.

С – сағат – дыбысын салады7

Д — Дем алады.

Ы – ымда

М – мысық – дыбысын салады.

Қ – қарға — дыбысын салады.

Ұ – ұшақ бол.

Мұғалім: Ұқыпты болайық!

Ұйымшылда болайық!

Ұғымды болайық, — деген жақсы тілекті сіздерге тілей отырып, орнымызға жайғаса қояйық.

  1. Өткен материалды бекіту.

Оқушылар қолдарындағы әріптерге дыбыстық талдау жасайды.

Шаттық шебері
Сабақтың ортасы

15 минут

Жаңа материалды меңгерту.

Суреттер жасырылып қойылады.

(ілгіш, ілгек, із, ірімшік,тіс, тіл, піл,бір ).

— оқушылар табады.Екі топтың оқушылары алған суреттерінің атын айтып, І дыбысының сөздің басында немесе соңында келуін анықтап екі топқа бөлініп отырады.

№1 Тыңдалым. Тыңдалым бойынша есте сақтаған заттардың суретін тақтаға жапсырады.

Менің отбасым. Оқулық 65 бет.

Сұрақ: — Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

№2 Оқылым.

Ін іні іс тіс іл шіл ірі тіл.

Мақал

Ақылды іс тындырады,

Ақымақ тіс сындырады.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті

1 минут

«Сиқырлы қалам» ойыны.

І дыбысы бар сөздерді қоршап, екі топ оқушылары жарысады.

Қызықты тапсырма

3 минут

ҚБ 3 минут

Дәптермен жұмыс. 5 мин

Сергіту сәті

1 мин

№3 Қай сурет сызбаға сәйкес келеді..

Картинки по запросу ключ

І дыбысынан із, ін, тіл, тіс, піл сөздерін қима әріптерден құрастыру.

  • І дыбысын басып жазу.
  • Түсіп қалған әріптерді жазып, дыбыстық талдау жасайды.

Жаздық,жаздық бәріміз,
Шаршап қалды қолымыз,
Аз ғана дем алайық
Сосын қайта жазайық.

Оқулық
Сабақтың соңы

2 минут

— Бүгін қандай дыбыс және әрпімен таныс болдық?

— І дыбысы қандай дыбыс?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.