Жаңа сабақтар

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, «Жылыбұлақ негізгі

жалпы білім беру мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Манаспаева Айгүл Қабдоллақызы

Ұлттық мектептің ұлы мұраты ұрпақ тәрбиесі. 12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешуде нақты қадам болып табылады. Білім беру құрылымы мен мазмұнын түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал етуде. Оқытудың төл технологиясын оқу бағдарламасына енгізу арқылы, Қазақстанның өркениетті ел ретінде дамыған елу елдің қатарына жеткізетін жас ұрпақтың қажеттілігі, қызығушылығы мен қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетіні сөзсіз.

Әр елдің білім көкжиегінде өзіндік ізденісі, сүрлеуі болуасақажет нәрсе. Тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев: «…Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қалмайды. Бұлұзақ үрдіс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі.

Сонымен қатар, егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенетін болсақ, бізө өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмшалап, технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелділікте боламыз. Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек» деген болатын.

Қазақтың ұлттық тілін сақтап, дамыту үшін ұлттық менталитетімізге жақын төл технология қажет.[1]

Ұлттық төл технология дегенімізқазақ тілін оқытудан бастау алып,халқымыздың әдебиетін,тарихын,жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Төл технологияны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар қазақ халқының төл ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады. Төл технологияның көшбасында қазақ тілінің тұруына дәлел: «Мұғалім тіл сабағында сөйлеуге, жазуға, оқуға,қысқасы, әңгімеге жаттықтырады екен. Ал басқа пәндерді оқытқанда не істемек? Физиканы, жағрафияны, тарихты оқыту дегеніміз осы пәндердің құбылысы туралы әңгіме ету емес пе? Ендеше, тілге төселдіру ғой. Есеп үйретусан туралы ойлау ғана емес, есеппен айтылған ойды ұғу, ұққанын айта білу ғой. Тереңірек қарасақ,әр пәннің ісі баланың ойын қозғау, ойлағанын ауызша я жазумен сыртқа шығару. Олай болса, тілсіз оқылатын, ұғылатын пән жоқ екендігі анық»деген Ж.Аймауытовтың айтылған осы пікірі болмақ. Сондықтан да біз сатылай кешенді оқыту технологиясын [2]

Ғалым зерттеуші, яғни жоғарыда аталған төл технологиялардың авторы Н.А.Оразахынова былайша тұжырым жасайды: «Сатылай кешенді оқыту технологиясы ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге, оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп, күнделікті өмірде қолдану аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту. Сатылай кешенді оқытутек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі»[3].

Сатылай кешенді оқыту дегеніміз оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, комплексті меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандырып оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді оқыту технологиясының басты қағидаларының бірі жоғары қиындықта оқыту.

Сатылай кешенді оқытуда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының,тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Сатылай кешенді оқытуқазақ тілінің төл технологиясы дейтініміздің өзі біріншіден, технологияның теориялық негізі А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Т.Шонанов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдарын басшылыққа алады; екіншіден, ағартушылық негізі Ыбырай, Абай, Шоқан тағы басқалардың ағартушылық ұстанымдарын негіз етеді; үшіншіден, теория мен практиканы ұштастыруда ғалым-әдіскер Ф.Ш.Оразбаевның тілдік қатынас (айтылым,жазылым, тыңдалым, оқылым, сөйлесім) теориясына негізделеді; төртіншіден, ұрпаақтың тілін дамытуға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйрету үшін ауыз әдебиетінің бай мұрасынан бастап бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің әдеби ой-толғамдарын жаттату, мәтін, тіл дамыту, тіл ұстарту материалдары етіп алу аталған талапқа сай келеді.

Егер сатылай кешенді талдау төл технологиясын оқу-тәрбие процесіне оқытудың жаңғыртылған жүйеісінің жобасы ретінде енгізетін болсақ,онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқушылардың дамуына бақылау жасауға соған сәйкес бағалауға болатынын дәлелдеп отыр. Мұндай жағдайда төл технология компьютерлік техниканың тиімді пайдалануына мүмкіндік туғызады. Олар:

1.Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістер мұғалімдердің күнделіктіжұмыста пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Демек, біздің жағдайымыздағы « оқыту әдістемесі»деп отырғанымыз оқушы-мұғалім деген өзара тығыз байланыстағы қолданысты қарастырады. Бұл жағдайда алдыңғы орында оқушы тұрады және оның өз білімін алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

2.Жаңаша оқытудың негізіне оқытудың дербес және топтық түрлерін жатқызамыз. Оқытудың бұл түріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім, оның өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Оқытудың фронтальды түрі көбінесе бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

3.Төл технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет. Оқу құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-әрекетін жүзеге асыра алатындай құралдар болуы керек.

4.Оқыту үрдісінде сатылай кешенді талдау технологисын бірінші сыныптан бастап белгілі жүйемен сатылап, деңгейлеп жүргізіп отыру тиімді.

5.Екінші сыныптан бастап оқушылардың жас ерекшелігіне сай барлық пәндер бірте-бірте осы технология арқылы оқытылу қажет.

6.Қазіргі оқыту жүйесіндегідей кез келген технологияның кейбір элеметтерін емес, барлық элеметтерін жүйелі түрде қолдану керек.

Түйіндей келгенде, сатылай кешенді талдау технологисының басты ерекшелігі төмендегідей болып сараланады:

-оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі;

-табиғилығы;

-дағдыға басым бағыт беруі;

-білімның базалық деңгейінің барлық оқушы үшін міндеттілігі;

-оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;

-оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

-оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейде кем емес білім алуға еріктілігі;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Ал, оқу оқушының білім алу, іскерлік және дағдылану үрдістері, яғни оқушының өзіндік қызметі.

Алаш арыстарының педагогика, психология, әдістеме саласындағы еңбектері бүгінгі қоғамның білім беру талаптарына толық жауап бере алады. Сондықтан оларды білім беру жүйесіне мақсатты түрде енгізу біздің азаматтық борышымыз болуы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.К.Исламгулова «Оқу үрддісін технологияландыруға жаңаша көзқарастар» Алматы-2010ж

  2. Н.А.Оразахынова «Қазақ тілі сабағында сатылай комплексті талдау жүргізу» алматы-1997ж

  3. Н.А.Оразахынова «Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері» Алматы-2007ж

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.