Жаңа сабақтар

Қандай кәсіби мерекелер бар?

Мектеп: Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, «Амангелді орта мектебі» КММ
Пәні: Дүниетану
Сабақ тақырыбы: Қандай кәсіби мерекелер бар?
Күні Мұғалімнің есімі: Дауытова Динара Ермекбаевна бастауыш сынып мұғалімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: 4.1.6.1 – зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің

тарихын шығармашылық түрде таныстыру.

4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтау

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:

«кəсіп», «мамандық», «кəсіби мереке» түсініктерінің мағынасын түсіндіреді;ауыл, қала тұрғындары айналысатын кəсіп түрлерінатайды.

Көптеген оқушылар:

кəсіби мерекелердің тойлану себептерінатайды;мемлекеттік жəне кəсіби мерекелерді бір-бірімен салыстырады, ұқсастықтар мен айырмашылықтардытабады;өз пікірін дəлелдейалады.

Кейбір оқушылар:

кəсіби мерекелердің тарихынзерттейді;

кəсіби мерекенің біріне арнап құттықтау ашық хатын жасайды.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  • кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстырады;
  • түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтайды;
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар:

кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстырады;

Терминология:

Мамандық, кəсіби мереке сөздерінің анықтамасына мəн беру. Түсіндірме сөздік.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Кəсіби мерекелердің күнтізбесі. Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні. Мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің күні, көлік қызметкерлері күні жəне т.б.

Диалогке/жазылымға қажетті сөйлемдер:

Кəсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды.

Барлық мамандық құрметке лайық.

Талқыланатын сұрақтар:

құрылысшы күні, геолог күні, мұғалім күні, медицинақызметкері күні секілді кəсіби мерекелердің шығу тарихықандай?

адамдар өз мамандығына қатысты мерекелерді неліктенжақсы көреді?

неліктен мұғалімнің еңбегіне үлкен құрметпенқарайды?

Жазылым.

Оқушы дəптеріне ұлттық, мемлекеттік жəне кəсіби мерекелердің атауларын жазу.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Оқушылар өз міндеттерін, топтық спорт түрлерін, бір немесе басқа спорт түрлерімен айналысуға арналған деректерді мысалдар негізінде дәлелдеп бере алады.
Саралау: Оқушылар мерекелерге қатысты тапсырмаларды өз бетінше орындайды
Бағалау: Сурет, дескрипторлық бағалау арқылы, өзін- өзі бағалау арқылы
Ресурстар: Түрлі түстісуреттері баржурналдар,флипчарт, желім

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
Басталуы Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

1-топ «Бақыт жалаулары»

2-топ «Арман жалаулары»

3-топ «Қуаныш жалаулары»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты,дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

(Ж, Ұ) Жұмбақты тап.

– Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ, қалай ойлайсыңдар?

Компьютер тілін біледі, Жəрдемге əрдайым келеді. Тазартты файлды вирустан, Бізге де керегі сол еді.

Сұраныс көп түсетін,

Мамандықтың ол иесі. (Бағдарламашы)

Білімнің дəнін тереді,

Балаға тəлім береді. (Мұғалім)

Өрнектеп, сəндеп, Тігістерін бүгетін. Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігетін? (Тігінші)

– Балалар, бүгін біз мамандық, кəсіп жайында сөз ететін боламыз.

Сабақтың тақырыбын оқыңдар:

«Қандай кəсіби мерекелербар?»

Мақсатты тұжырымдау.

Сабақтың тақырыбы жайында не білесіңдер? Нені білгілерің келеді?

Бүгінгі сабақта зерттеулер жүргіземіз, соның негізінде кəсіби мерекелердің шығу тарихын шығармашылық түрде көрсететін боламыз.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын толықтай игердің бе, əлде түсініксіз тұстары болды ма? Осы сұраққа «білім термометрі» шкаласына көк түсті нүктені белгілеу

арқылы жауап береміз. Нүкте неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сабақты жақсы түсіндің дегенді білдіреді.

Ортасы (Ж, Ұ) Барлығымыз мерекені атап өткенді жақсы көреміз. «Мереке» деген сөздің мағынасы нені білдіреді? Иə, мереке деген – үздік оқиғаларға, дəстүрлі даталарға, белгілі бір мамандық қызметкерлеріне құрмет көрсетуге арналған күндер. Қазақстанда кəсіби мерекелерді көптеген мамандықтың иелері атап өтеді. Геолог, құрылысшы, шахтер, мəшине жасаушы, металлург, мұғалім, медицина қызметкері жəне тағы басқа мамандық иелерінің күндері күнтізбеде кездейсоқ белгіленген жоқ. Мемлекет осы мамандық иелерінің атқаратын қызметтерін жоғары бағалап, оларға құрмет көрсетіп отыр.

«Кəсіби мерекелердің қандай түрлері бар?»

бейнематериалын қарау (тапсырмаға дейін). (Т) Оқушылар топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.

1-топ.

Күнтізбеде қанша кəсіби мерекелер бар екенін санаңдар. Маусым айында қандай кəсіби мерекелер атап өтіледі?

Геолог күні – сəуірдің бірінші жексенбісі

Ғылым қызметкерлері күні – 12 сəуір

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр

Мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің күні – 21 мамыр

Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр

Химия өнеркəсібі қызметкерлерінің күні – мамырдың соңғы жексенбісі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері күні – 4 маусым

Эколог күні – 5 маусым

Қаржы полициясы күні – 6 маусым

Полиция күні – 23 маусым

Жеңіл өнеркəсіп қызметкерлерінің күні – маусымның екінші жексенбісі

Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі

Байланыс жəне ақпарат қызметкерлерінің күні – 28маусым

Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні – 13 шілде

Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі

Көлік қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі

Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі

Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі

Шахтер күні – тамыздың соңғы жексенбісі

Білім күні – 1 қыркүйек

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі

Қазақстан халқы тілдерінің күні – қыркүйектің үшінші жексенбісі

Атом саласының қызметкерлерінің күні – 28 қыркүйек

Əділет органдары қызметкерлерінің күні – 30 қыркүйек

Мəшине жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі

Мұғалім күні – қазанның бірінші жексенбісі

Құтқарушы күні – 19 қазан

Əлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні –қазанның соңғы жексенбісі

Статистика күні – 8 қараша

Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кəсіптік мерекесі – 15 қараша

Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні – қарашаның үшінші жексенбісі

Прокуратура күні – 6 желтоқсан

Кеден органдары қызметкерлерінің күні – 12 желтоқсан

Энергетик күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі.

2-топ. Сендердің ата-аналарың қандай кəсіби мерекелерді атап өтеді? Ол кəсіптің қоғамға беретін пайдасы туралы айтып беріңдер. Оларды күнтізбеден тауып, осы мерекелердің бірі жайында баяндаңдар.

3- топ.

Кəсіби мерекенің біріне арнап, құттықтау ашықхатын жасаңдар. Ашықхаттың мəтініне сол кəсіп иелерінің қоғамға қандай пайда əкеліп жатқанын жазыңдар.

4- топ.

Мемлекеттік жəне кəсіби мерекелерді салыстырыңдар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.

Сұрақтар Мемлекеттік мерекелер (айырмашылығы) Ұқсас- тықтары Айырма-шылығы
Мерекені өткізудің мақсаты не?
Бұл мерекені

кімдер атап өтеді?

Бұл мереке ресми болып санала ма, бұл күні демалыс

күніме?

Дескрипторы:

кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық

түрде таныстырады;

Аяқталуы (Ж) Екіден отырып тапсырма орындау:

оқулықтағы «Кəсіби мерекелер не үшін қажет?»деген кластердітолықтыру.

Мерекенің атауына қарап, ол мерекені қаймамандық иелері атап өтетінінанықтаңдар:

ауылшаруашылығы қызметкерлерініңкүні;

мəдениет жəне өнер қызметкерлерініңкүні;

көлік қызметкерлерікүні.

«Бас бармақ» кері байланыс.

Қосымша ақпарат
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.