Жаңа сабақтар

Пангалиева Сагима Сайыновна

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Ұзақмерзімдіжоспар бөлімі

Бөлімше:

Мектеп :48 ЖОББМ

Табиғат физикасы.

5.3.Дыбыс

Күні:

Сынып: 1сынып

Мұғалімнің аты-жөні: Пангалиева.С.С

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы: Табиғи дыбыс көздері дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.5.3.1-дыбыстың таралу ерекшеліктерін түсіндіру

1.5.3.2- дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

Сабақмақсаттары дыбыстың таралу ерекшеліктерін түсінеді және табиғи,жасанды дыбыс көздерін атайды

табиғи және жасанды дыбыс көздерін бір-бірінен ажыратады,дыбыстың таралу ерекшеліктерін сипаттайды

зерттеу барысында дыбыстың таралу ерекшелігін анықтап ,дыбыс шығаратын түрлі заттарды қолдана отырып табиғи және жасанды дыбыс көздеріне тәжірибе жасайды.

Бағалаукритерийлері *Дыбыстың таралу ерекшеліктерін сипаттайды

*Табиғи және жасанды дыбыс көздерін атайды

Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология: дыбыс;дыбыс көзі, табиғи дыбыс көзі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Дыбыс деген не?

-Қандай дыбыстар болады?

-Дыбыстар қалай таралады?

Құндылықтардыдарыту Ынтымақтастық -ұжымдық, топтық тапсырмаларды орындау арқылы ынтымақтастық құндылығы жүзеге асады.

Ашықтық- айналадағы жасанды және табиғи дыбыс көздерін анықтау барысында ашықтық құндылығы қалыптасады.Oқушылapдa cұxбaттacу, әңгiмeлeу, тaлқылaу, пiкip тaлacу apқылы жүйeлi cөйлeу дaғдылapы дaмиды.

Құpмeт — жұптa , тoптa жұмыc icтeу apқылы oқушылap бip – бipiн тыңдaйды, құpмeттeйдi.

Пәнаралықбайланыстар Дүниетану — жануарлармен топқа бөлу кезінде

Музыка -түрлі дыбыс көздерін тыңдату кезінде

Бастапқы білім Жарық.Жарық көздері.Қараңғы қай кезде қажет?екендігін біледі.
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтажоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

10 мин

Психологиялық дайындық (Ұ)

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз керемет баламыз.

Оқушыларды топқа бөлу

1-топ:иттің суреті

2-топ:домбыра суреті

3-топ:сарқырама суреті

(Ұ.С.) «Сиқырлы қорапша» әдісі арқылы қорап ішінен сұрақ жазылған қима қағаздағы сұрақтарға жауап береді.

-Жарық қай кезде қажет?

-Адам жарықты қалай пайдаланады?

-Қандай жерлер үнемі қараңғы болады?

-Табиғи және жасанды жарық көздеріне мысал келтір

Өткен сабақты бекіту мақсатында пысықтау сұрақтарын қойып болған соң ,жаңа сабаққа кірісемін

Жұмбақ жасырамын

Миға шабуыл

(Ұ) «Кім шапшаң» ойыны

Естиміз,бірақ көре алмаймыз,

Айтамыз,бірақ жаза алмаймыз,

Бұл не?

-Дыбыс

-Ендеше бүгінгі сабағымыз қандай екен?

-Дыбыс туралы

Сабақтың мақсатын хабарлау:

-табиғи дыбыс туралы білеміз

-табиғи дыбыс көздерімен танысамыз

«Дыбыстарға еліктеу» ойыны

Мақсаты: дыбыс түрлерін ажырату.

Аудиоәуендер тыңдату.

ҚБ. Мұғалімнің қолпаштауы. «өте жақсы», «керемет»

Суретинтернет желісінен алынды

Сиқырлы қорапша

Сабақтың ортасы (Ұ)Оқулықпен жұмыс.«Суреттер сөйлейді» әдісі

Дереккөздер арқылы саралау

Тапсырма: Суретке мұқият қара.

Суреттен қандай дыбыс көздерін көріп тұрсыңдар?

— Олар қандай дыбыс шығарады?

Табиғи дыбыс көздеріне тағы қандай мысал келтіре аласыңдар.

Дескриптор:

-суреттен дыбыс көздерін атай алады.

-табиғи дыбыстардың дыбысын сала алады.

-табиғи дыбыс көздеріне мысал келтіре алады.

ҚБ. Мұғалімнің қолпаштауы «өте тамаша», «жарайсың»

Ұ,Т: Тәжірибе жасау «Ойлан,бөліс!»

Дыбыс қалай таралады?Сұраққа қарапайым тәжірибе жасау арқылы жауап бер.

Топтық жұмыс

1. Су құйылған ыдыс және тас дайындап ал.

2. Тасты жоғарырақ көтеріп барып, судың ішіне таста.

3. Судың бетінде пайда болған толқындарға мұқият қара. (Толқындар дыбыстардың таралу жолын көрсетеді)

· Сұрақтарға жауап бер:

— Суға түскен тастан пайда болған толқындар қалай таралды?

— Су толқындарының орталығы қай жерде?

· Тәжірибеге сүйеніп, дыбыстың қалай таралатынын түсіндір.

Дескриптор:

— суға түскен тастан пайда болған толқындардың

таралуын сипаттайды;

— тәжірибенің негізінде дыбыстардың таралу ерекшелігін түсіндіреді .

Сергіту сәті.

Австралия жаңбыры

Австралияда жел тұрды . (алақанды үйкелеу)

-Жаңбыр тамшылай бастады. (саусақты соғу)

-Жаңбыр күшейе түсті . (алақанды соғу)

-Нөсер қатты төкті. (алақанды санға соқты)

-Міне бұршақ жауды . (аяқпен соғу)

-Дауыл басыла бастады. (алақанды санға соқты)

-Жаңбыр сейілді. (алақанды кеудеге соғу)

-Жаңбыр сіркіреді. (саусақты тырсылдату)

-Жел басыла бастады . (алақанды үйкелеу)

-Алақай, күн шықты! ( қолды жоғары көтеру

Тапсырма бойынша саралау

Көбірек қолдауды қажет ететін

Табиғи дыбыс көздерін ата. «Кім тапқыр»

Дескриптор

— табиғи дыбыс көздерін атайды

ҚБ: дескрипторға сүйене отырып оқушыларымды бағаладым

Көп қажет етпейтін: «Дыбыста және анықта»

Жасанды және табиғи дыбыстарды дыбыста.Айырмашылықтарын айт.

Дескриптор

-табиғи және жасанды дыбыстарды дыбыстай алады

-айырмашылықтарын айта алады

ҚБ:Дескрипторға сүйене отырып бағалап,ауа тамшылары бейнесі суретіне «Жарайсың», «Керемет жауап» деген сөздер жазып үйлестіремін

Қабілеті жоғары:

Дыбыс қалай таралады? Тұжырымдарды оқы. Дұрыс тұжырымдардың тұсына «таңбасын қой.

Бір бағытта таралатын дыбыс.
Барлық бағытта таралатын дыбыс.
Жақын жерден шыққан дыбыс қатты естіледі.
Тек адам сөйлегенде ғана дыбыс таралады.
Алыстан шыққан дыбыс жәй естіледі.

Дескриптор

-дыбыстың таралуына қатысты дұрыс тұжырымдарды анықтайды.

ҚБ: «3 рет шапалақ» топтар бір бірін бағалайды.

Дәптермен жұмыс

Суретке қара. Табиғи дыбыс көздерінің суретін боя.

ҚБ: оқушылар бірін-бірі смайлк арқылы бағалайды.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмасы.

Бағалау критерийі:

Дыбыс көздерін қаттылығына қарай жіктейді.

Тапсырма. Тіркестерді оқы.Сәйкестендіріп сызыңдар.

Желдің сыбдыры

Қатты дыбыс

сағаттың дыбысы

тікұшақтың гүрілі

Жай дыбыс

құлынның шабысы

судың сылдыры

пойыздың дауысы

Дескриптор

— қатты дыбыс шығаратын дыбыс көздерін анықтайды;

— жай дыбыс шығаратын дыбыс көздерін анықтайды;

— қатты және жай естілетін дыбыстарға мысал келтіреді.

1 сыныпқа арналған жаратылыстану оқулығы 82-бет

Су,ыдыс,тас

Сергіту сәті жинағынан

Суреттер интнрнеттен алынды

Интернет желісінен

1сынып жұмыс дәптері

57-бет

Қалыптастырушы бағалау жинағынан

Сабақтың соңы

2 минут

Сұрақ-жауап. «Еркін микрофон»әдісі

1.Дыбыс деп нені айтамыз?

2.Дыбыс көздерінің қандай түрімен таныстық?

3.Табиғи дыбыс көздеріне нелер жатады?

4.Сендер қандай дыбыстар естідіңдер? Бұл дыбыс табиғи немесе жасағанды дыбыс па?

5.Біз музыканың даусын күшейткенде не жай қойған кезде дыбыс ұлғайтқыштағы күрішке қандай әсері болады?

Рефлексия

Рефлексия «Күн және бұлт»

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Сиқырлы қорапша» әдісінде өткен сабақты қайталау мақсатында сұрақтар қойып сараладым.

Дереккөздер арқылы саралау «Суреттер сөйлейді»

Суретке мұқият қара.

Суреттен қандай дыбыс көздерін көріп тұрсыңдар?

— Олар қандай дыбыс шығарады?

Табиғи дыбыс көздеріне тағы қандай мысал келтіре аласыңдар.

Тәжірибе жасау. Топта ұжыммен қарапайым тәжірибе жасайды

Топтық саралау тапсырмасы

А деңгей

Оқушылар суретті қарай отырып, табиғи дыбыстарды айтады

В деңгей: «Дыбыста және анықта»

Табиғи және жасанды дыбыстарды дыбыста.Айырмашылықтарын айт.

С деңгей

Дыбыс қалай таралады? Тұжырымдарды оқып,дұрыс тұжырымдардың тұсына«таңбасын қой.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Дыбыстарға еліктеу» ойыны дыбыс түрлерін ажырату.

Аудиоәуендер тыңдату.Мұғалімнің қолпаштауы. «өте жақсы», «керемет» бағаланады.

«суреттер сөйлейді» әдісінде мұғалімнің қолпаштауы «өте тамаша», «жарайсың» мадақтаулары қолданылды.

саралау тапсырмасын орындағанада дескриптор арқылы, «Үш шапалақ » әдісі қолданылды.

Оқушылар әр топты смайликтер арқылы бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында жүргізіледі

«Дыбыс»туралы бейнеролик көрсетілген соң проектор өшіріп қоямын.

тәжірибе жасағанда қауіпсіздік ережесін оқушыларға алдымен айтқызып аламын,содан соң өзім де толықтырып айтамын.

Зарина Асетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.