Жаңа сабақтар

Сакенова Роза Жамбековна

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылы
«Оспан Әлібаев атындағы ЖОББМ» КММ-нің
Бастауыш сынып мұғалімі Сакенова Роза Жамбековна

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Күні: 23.01.2019

Сынып: 3-сынып

Мектеп: О.Әлібаев атындағы ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Сакенова Р.Ж.

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы Негізгі және туынды зат есім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар жасай алады:

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Құндылықтарды дарыту Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім 5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Жаңа топ құру

«Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Бес қадам» әдісі. Зат есім туралы не білесіңдер?

ҚБ: «Бағдаршам»

«Ыстық орындық» әдісі

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақтардан игерген білімдерін пысықтайды:

– Зат есім дегеніміз не?

– Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

– Дара зат есем дегеніміз не?

– Күрделі зат есім дегеніміз не?

– Жалпы есім дегеніміз не?

– Жалқы есім дегеніміз не?

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Оқушыларды топқа бөлу.

Барлық оқушыларға суреттер немесе (күйші, әнші, қобызшы) қима қағаздар үлестіріліп беріледі. Суреттер немесе қима қағаздар бойынша топқа бөлінеді.

күйші әнші қобызшы

Әр топ өз суреттеріне байланысты топтарын қысқаша таныстырады.

1-топ:Құрманғазы Сағырбайұлы — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алды. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Назым», «Балқаймақ», сияқты күйлері бар.

2-топ: Роза Рымбаева- әнші, профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды.

3-топ:

Оқу мақсатын таныстыру

Әр топ сөздерді сызба негізінде сөз құрамына талдайды.

түбір + жұрнақ = туынды сөз

Түбір сөздердің қай сөз табынан жасалғанын анықтайды. Қорытынды жасайды. Әнші, қобызшы, күйші сөздерін сөз құрамына талдай отырып, қорытынды жасайды.

қобыз-қобызшы қобыз- түбір, -шы -жұрнақ

ән-әнші ән- түбір, — ші -жұрнақ

күй-күйші күй- түбір, — ші –жұрнақ

Оқушыларға негізгі, туынды зат есім туралы түсінік беріледі.

Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейді:ана, бала, кесте, көз.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейді: іскер, суретші, оқулық.

Бағалау дескрипторы:

— негізгі, туынды зат есімді ажыратады;

— олардың жасалу жолдарын біледі.

Күтілетін нәтижені анықтау

Шаттық шеңбер

Топ ережесі

«Бес қадам»

«Ыстық орындық»

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Қ. Сығырбаев, Р,Рымбаева, Қорқыт ата суреттері

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы ІІ. Негізгі бөлім

Ширату тапсырмасы.

3.2.3.1 (МК; Ө) Мәтінді тыңдау.

21-жаттығу. Оқушыларға «Ананың асыл арманы» мәтіні тыңдатылады. Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.

(Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру. Сұрақтарға жауап беру.

• Әйел барлық ақшасына әдемі суретті сатып алу себебі неде деп ойлайсың?

• Ұл балалар анасының үш жыл бойы кестелеген орамалына неге аң-таң болды?

• Өнердің киелілігі адамды қандай сезімге бөлейді?

«Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарды жазып, сандықшаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі.

Екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді.

Үшінші топ (Ж; Қ) Мәтін кейіпкерлерін сипаттау. Оқушылар мәтіндегі кейіпкерлерді анықтап, олардың іс-әрекеттеріне талдау жасап, мінездеме береді. Мәтін мазмұны бойынша өз пікірлерін білдіреді.

Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.

ҚБ: Смайлник

Ұжымдық жұмыс: Қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдау.

Түсіндірме сөздікпен жұмыс

көгал-газон– біркелкі, тегіс жерге өсірілген, шөбі қысқа, көп жылдық өсімдіктер алаңы.

шебер- өнері дамыған, іскер адам.

кестеленген- мата бетіне жіппен тігіп түрлі өрнек салу.

3.4.2.4 Сөздерді салыстырып оқы.

Өнер — өнерпаз

Сурет — суретші

Шебер — шеберлік

Сый — сыйлық

• Олардың әрқайсысына сұрақ қой, айырмашылығын байқа.

• Туынды зат есімді сөз құрамына талда.

Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Жұпта талқылаған соң топ болып кеңеседі. Ойларын ортаға салады.

Бағалау дескрипторы

— мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге сұрақ құрастырады;

— сұрақтарға өзіндік пікірін білдіріп, жауап береді;

— негізгі, туынды зат есімді анықтайды;

Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны.

3.4.2.4 (МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады.

Мысалы: Дд ддд Дд

Достық — алтыннан да қымбат. (мақал)

Оқушыларға қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдау ұсынылады. Дос — түбір, тық — жұрнақ.

Оқушылар қандай зат есім екенін, оның қалай жасалғанын анықтайды.

Бағалау дескрипторы:

-сөз құрамына талдайды;

-негізгі, туынды зат есімді анықтайды;

3.4.2.4, 3.3.5.1 (Ө, Т, Ж, қ) 22-жаттығу Мақалдың қатесін түзеп, көшіріп жаз.

• «Өлеңшінің қолы алтын,

Өнерлінің сөзі алтын».

Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар топқа бөлініп, мақалдың қатесін түзеп, мағынасын ашады. Туынды зат есімдерді тауып, сөз құрамына талдайды.

Бағалау дескрипторы:

— мақалдың қатесін түзейді;

— туынды зат есімдерді табады;

— сөз құрамына талдайды;

— мақалды қатесіз, сауатты жазады.

.

3.4.2.4 (Жұптық жұмыс) Семантикалық картамен жұмыс

( «+», «-» таңбаларын қою арқылы орындалады)

• Сәйкес сөздерді белгіле.

Сөздер Негізгі зат есім Туынды зат есім

Орындық

көз

дәрігер

мүсінші

білім

қобыз

оқушы

тілші

жұмысшы

Оқушылар тапсырманы жұптаса ақылдаса отырып картаны толтырады. Неліктен негізгі, туынды зат есім екенін дәлелдеп, сол сөздермен сөйлем құрап айтады.

Бағалау дескрипторы:

— сөздерді сөз құрамына талдап, негізгі, туынды зат есімді анықтайды;

— туынды зат есімнің жасалу жолын түсіндіреді.

Топтық жұмыс:

1-Топ: Негізгі зат есім

2- топ : Туынды зат есім

3-топ: Венн диаграммасы

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»

(Ө; Ж, Ж) Саралау. Шығармашылық үзіліс.

• Түбірге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса.

• Туынды зат есімдермен сөйлем құрап жаз.

Кітап, егін, мал, таза, шебер, сый, дос, орын, саз.

— лық, — лік, — хана, — шы, — ші,-дық, -тық, — гер,

Бағалау дескрипторы:

— тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды зат есімдер жасайды; туынды зат есімдермен сөйлем құрайды;

— құраған сөйлемдерін қатесіз жазады.

Рефлексия: «Мұғалімге хат» әдісі арқылы түсінбеген сұрақтарын жазып, почта жәшігіне салады.

Үй тапсырмасы

Негізгі, туынды зат есімдерге 10 мысал жазу.

3.1.2.1 (МК; Ө; Т; Қ) Өлеңді оқу. Өз ойын жүйелі жеткізіп, сөйлеу барысында тілдік

нормаларды дұрыс қолдану.

Дескриптор:

o Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

o Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

o Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Дәптермен жұмыс

Кітаппен жұмыс

10-слайд

Семантикалық картамен

Топтық жұмыс түрлері

(Т; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау.

Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне

ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- әрекеттеріне кері байланыс жасай

Сабақтың соңы (Ө; Ж; Қ ) Жасырынған мақалды табу. Мағынасын талдау.

Құпия жазылған мақалды сағат тіліне қарсы бағытта оқиды.

Шешуі: Өнерлінің өрісі кең.

Тест: 1. Зат есімді тап.

А)бала ә) шегеле б) сулама

2. Жалпы есімді тап.

А) Атырау ә) қала б) Құтжол

3. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді не, диміз?.

А) негізгі ә) туынды б) жекеше

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мақалдың мағынасына талдау жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты мұғалімнің басшылығымен бағалайды. (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?

Зарина Асетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.