Жаңа сабақтар

Аязбаева Перуза Мырзалиевна

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже аулы

№ 193 жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Аязбаева Перуза Мырзалиевна

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері.

Күні : 13.02.2019 ж Пәні : Қазақ әдебиеті 9-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Абайдың қарасөздері
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Абайдың қара сөздері туралы түсінік алып,мазмұнын меңгереді.

Абайдың қарасөздерінің ерекшеліктерін, айырмашылықтарын түсінеді, тәрбиелік мәнін ашады.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:

Абайдың қара сөздері тақырыбын түсініп, түрлерге жіктейді,қызметін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ақынның шығармаларының тақырыбын ажыратып, әрқайсысының маңызын айта алады.

Кейбір оқушылар: Абайдың қарасөздерінің тақырыбын анықтайды, тәрбиелік мәнін ашады,саралайды.
Тілдік мақсат Оқушылар: Ақынның шығармаларының тақырыбын оқып, түсінігін айтады.
Пәнге бағытталған лексика және терминдер: А.Құнанбаевтың шығармаларының ерекшелігі
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

А.Құнанбаевтың шығармаларының маңызы не?

Қарасөздері өмірде қандай қызмет атқарған?

Жетістік критерийі 1.Тақырып мазмұнын меңгерді

2.Жаңа термин сөздердің мағынасын түсінді,салыстырды

Алдыңғы оқу Абай Құнанбаев кім?
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Сабақта орындалуы тиіс іс-әрекеттер Ресурстар
Басталуы

1 мин

4 мин

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

1.Түгендеу .Сәлемдесу .

2.»Сұрақ-жауап” әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Дескриптор :

-Сұраққа нақты жауап береді. 1

-Ақынның өмірін,шығармашылығын біледі. 1

-Өлеңдерін жатқа айтады. 1

3.Абай атаның қара сөздері арқылы 4 топқа бөліну

1- сөз — Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық

17-сөз — Ақыл, қайрат, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

29- сөз — Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар.

33-сөз – Егерде мал керек болса,қолөнер үйренбек керек.Мал жұтайды,өнер жұтамайды.

Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағы
Ортасы-

10 минут

10 минут

3 минут

5 минут

Негізгі бөлім

«Құпияға толы хат»

Оқушыларға конверт беріледі. 4 топқа да сұрақ болады. Сол сұраққа жауап беру. «Сегіз аяқ» өлеңінен :

1 топқа: «Бойда қайрат, ойда көз, Болмаған соң айтпа сөз» ішіндегі тірек сөзге мақал-мәтел табу.

Мысалы : :«Қайрат, көз, сөз»

Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.

Жауға айтқан жылы сөз, суға жазған сертпен тең.

Көз қорқақ, қол батыр.

Су-ырыстың көзі, еңбек кірістің көзі.

Ақылға толы жүрегің, күш-қайрат пен жігерің.

Қайратты ерге мал тұрар

2-топқа : «Еңбек етсең ерінбей,Тояды қарның тіленбей» ішіндегі тірек сөзге мақал-мәтел табу.

Тірек сөздер : Еңбек,қарын,тіленбеу,тіленбеу .

……

3-топқа : «Ұстаздық қылған жалықпас,Үйретуден балаға» ішіндегі тірек сөзге мақал-мәтел табу.

Тірек сөздер: Ұстаз,үйрену,бала

……

4-топқа :«Толғауы тоқсан қызыл тіл,Сөйлеймін десең , өзің біл» ішіндегі тірек сөзге мақал-мәтел табу.

Тірек сөздер : Толғау,тоқсан,тіл,қызыл,сөйлеу,өзі.

……

Дескриптор :

-Өлең сөздің мағынасын түсінеді. 1

-Негізгі тірек сөзді дәл табады. 1

-Мақал-мәтелдерді мағынаға сай айтады. 2

Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абай Құнанбайұлының 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар.

Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағнаны білдіреді.

Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды, көркемдік сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері адамзат баласына ортақ сөз.

«Топтық жұмыс» Талдау –табыс кілті.

Бірінші қарасөзі: Он жетінші қарасөзі:

Жиырма тоғызыншы қарасөзі: Отыз үшінші қарасөзі

(қара сөздерінің тәрбиелік мәнін ашу)

Дескриптор :

-Қарасөздің мағынасын түсінеді ; 2

-тәрбиелік мәнін ашады. 2

«Сөздікпен жұмыс»

Мәдмәлат – мақсат , мұрат .

Ғақлия – көркем сөз , дана сөз , асыл сөз .

Нәфсі – құмар

Ахирет – бақиға аттанар кездегі пенде киетін киім

Ғаделет-махаббат сезім

Жеке тапсырма :

Абайдың қара сөздерін оқығаннан кейін түйген ойым…

Дескриптор :

-Ойын ашық,нақты жеткізеді. 2

— Түйінді сөйлеммен,тұрақты тіркеспен,мақал-мәтелмен айтады. 2

«Құпияға толы хат»
Аяқталуы

4 мин

1 мин

Рефлексия: Сабақтан түсінгендерін жазбаша жазады.

Үйге тапсырма: Абайдың қара сөздерін оқу. Баспасөз беттерінен Абай туралы ақпарат іздеу, зерттеу..

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.