Жаңа сабақтар

Оқушылар шығармашылығы

Ару қалам — Астана!

Астана — ару қала асқақтаған,

Өзіңе жету де бір асқақ арман.

Өзіңе барған жандар таң қалып,

Көрінгендей келешектің жастығы алдан.

Адам еттің жетім менен жесірін,

Болашақтың ашып бізге есігін.

Сол жағыңда сарқырап ағар Ертісің,

Оң жағыңда тербеліп ағар Есілің.

Астана — ару қала жайнаған,

Тіршілік бар алуан түрлі қайнаған.

Бәрі еңбек етіп жатыр тынымсыз,

Қызу тірлікке толған сенің айналаң.

Астана — ару қала келбетің,

Сен гүлдендің арқасында еңбектің.

Биыл ,міне, 20 жасқа қадам бастың,

Бала емессің, енді сен де ер жеттің.

Астана — ару қала қазақтың,

Желбіреп туы тұр, әне, азаттың!

Осы күнге жетуді ел аңсады,

Жемісі қанша жыл тартқан азаптың.

Тапшылық жоқ өзіңде баспананың,

Ажарын келтіріп тұр бас қаланың.

Бәйтерек — символы бұл жас қаланың,

Бәйтерек — символы бұл Астананың.

Құлпырдың қас пен көздің арасында,

Қазақтың ұлан-ғайыр даласында.

10 жасқа толғаныңда қуантып ең,

Еңкейген шал, еңбектеген баласын да.

Көркің ассын көз сүрінген көріктен,

Көшең толсын тәтті сары өріктен.

Атың сенің күллі әлемге мәлім боп,

Қыран құстай көріне бер биіктен.

Байзоллина Айсая

11 – сынып оқушысы

«Әкем — қорғаным, анам — байлығым! »

Шуақ берер алтындарым, ай — күнім, Көлеңкесін түсірмейтін қайғының. Тірек болар, тілек тілеп әрдайым, Әкем-қорған, асыл анам-байлығым.

Күні-түні еркелетіп өсірген,

Қателессем қателікті кешірген.

Ата-анаға алтын да тең келмейді,

Анам-әкем қайғыңды мен сезінем.

Сендердің арқаларың күлгеніміз,

Алаңсыз бұл өмірде жүргеніміз.

Күлкілерің жүздеріңнен кетпесе екен,

Мәңгі соғып тұрса екен жүрегіңіз.

Ескерусіз қалған емес арызым,

Әкем — данам, анам — асыл абызым. Бар әлемнің жинасам да жақұтын, Өтелмейді-ау мендік пенде парызым.

Еңбектерің қай кезде де мақталады, Әрбір ақыл санамызда сақталады. Қолдау болар қанатты сөздеріңмен, Баланың қамшыланар бақ-талабы, Байлықтарым үміттерің ақталады.

Жанұзақова Айгүл

11 – сынып оқушысы

Ұстаз жолы – өнеге

(Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айнагүл Жақсығұлқызына)

Мұздай қатқан қайғымды жібіт күнім,

Таусылғандай көңілде жігіт күнім.

Алып шығып қараңғы тар қапастан,

Ұялаттың көңілге үміт гүлін.

Ардақтаған халықпыз ақын ұлды,

Поэзиямен достастырып, жақын қылды.

Шаба қалсам бәйгеге асыл ұстаз,

Үйде отырып қысасың тақымыңды.

Белдескен хайуанға беріспеген,

Жетіп жатыр ерліктер ер істеген.

Құлагердей құламай аман жүрсем,

Ораламын бәйгеден жеңіспенен.

Сезген жұртың бәрін де көзбен көрген,

Білгем солай боларын, сезген денем.

Редакторы болғанда «Бірлік нұрының»,

Үстем болды мерейің өзгелерден.

Бара жатыр көгінде самғап құсым,

Әрқашанда ұстазым ардақтысың.

Сіз баулыған біліммен мына ұлың,

Ашып тіпті жегендей жаңғақ ішін.

Құбылса да әйтеуір көңіл күнде,

Құбылмайды ешқашан өмір күнде.

16 жыл өмірді сүрсем – дағы,

Жайсаң жанды таппадым сіздей мүлде.

Айналаға көңілің жарық шашып,

Сіз дегенде қалмайды шабыт жасып.

Сіз үйреткен білім мен қағидамен

Міне, өмірім келеді қалыптасып.

Байзоллина Айсая

11 – сынып оқушысы

Ауылым- алтын бесігім

Шертілгендей жүректен асыл әнім,

Ақ таңыңа шомылып атырамын.

Шыр етіп дүниеге келгенімде,

Тербеттің бесік болып атырабым.

Ауылым-атырабым, өскен жерім,

Қадіріңді әйтсе де кеш білмедім.

Әлдилеп құшағында тербетеді,

Жарқылдаған жасының, ескен желің.

Сағынғанда қарсы алып күлімдедің,

Ұштасқандай өзіңмен түнім менің.

Шабыт алып туған жер тау-тасынан,

Арыстандай ақырған жырым менің.

Жүрмесе де жерінде керік, құлан,

Сағыныштан өзіңе еніп тұрам.

Теңіз болып тербелсем айдынында,

Өзен болып өзіңе келіп тұрам.

Барады зымыраумен құйын ғұмыр,

Бөлегенде шаттыққа үйімді нұр.

14 жыл ішіме сақтап келген,

Қабыл алғын туған жер сыйымды бұл.

Қыран болып өзіңе самғап келем,

Алды өзіңнен бастауын ардақты өлең.

«Перзентіңмін» деп қалай айта алам мен,

Жаза алмасам өзіңе арнап өлең.

Махсотова Фариза

11 – сынып оқушысы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.