Жаңа сабақтар

Утегалиева Гүлшат

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары Мектеп: Амангелді атындағы орта мектепКММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Утегалиева Гүлшат
Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.2.7 — Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар біледі:

  • Отынның түрлерімен, отынның энергиясы туралы түсінік алады, отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінеді, отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын қолданып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар:

  • Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын қолданып, жоғары деңгейдегі есептерді шығара алады.
Бағалау критерийлері:
  • Отынның түрлері, отын энергиясы туралы түсінік алу; отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінеді.
  • Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын қолданып есептер шығарады;
  • Отын жанғанда энергияның бөлінуін түсіндіре алады, жоғары деңгейдегі есептерді шығара алады.
Тілдік мақсаттар: Коммуникативтік дағдылар: Отын энергиясы, отынның жану жылуы туралы ауызша және жазбаша сипаттай алады.

Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің мәнін анықтай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: отын энергиясы, органикалық отын, жылу мөлшері,меншікті жану жылуы, масса

Диалогқа қатысты сөз тіpкестері:

Отын энергиясы дегеніміз ………………………

Органикалық отын түрлері

Меншікті жану жылуы ….. әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі…

Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің формуласы…………………

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» идеясы негізінде оқушыларды ұлттық бірлік пен келісімді қарым қатынас жасау, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру
Пәнаралық

байланыстар

География, математика, химия
Алдыңғы білім Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Отынның түрлері арқылы топқа бөлу

І топ – Мұнай

ІІ топ – Табиғи газ

ІІІ топ — Көмір

Отын түрлерінің суреттері

Интерактивті тақта, компьютер, кестелер

Бейнематериал

интернет жүйесінен

Оқулық

Оқулық

Үлестірме қағаздар

дереккөзден

«Ыстық орындық» әдісі арқылы өтілген тақырыпты қайталау

  1. Жылу мөлшері дегеніміз не?
  2. Жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді?
  3. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?
  4. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы қандай әріппен белгіленеді, өлшем бірлігі қандай?
  5. Денені қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін қандай формуламен есептейді?

Қалыптастырушы бағалау «Жарайсың»

Сабақтың ортасы

4 минут

3 минут

6 минут

15 минут

3 минут

«Отын энергиясы» видеоролигін көрсету арқылы «Кинометафора» әдісі бойынша оқушының ой-өрісін байқау мақсатында проблемалық сұрақтар қою

  1. Табиғатта отынның қандай түрлері кездеседі?
  2. Отын жанғанда энергия бөлінуін қалай түсіндіруге болады?

Дескриптор:

1.Бейнефильмді көру арқылы ойын жүйелеп, отын түрлерін атайды;

2. Ойларын өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау: «Керемет»

«Оқушылар үнін» тыңдау әдісін қолдана отырып, ағымдағы жаңа тақырыпты ашамын.

Отын деп жану процесі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөлініп шығатын жанғыш затты айтады. Отынның жануы дегеніміз – тотықтырғыш химиялық реакция. Осы реакция барысында С көміртек атомдары О оттек атомдарымен қосылып, CO2 көмірқышқыл газының молекуласын түзеді. Бұл процес жылу бөліну арқылы жүзеге асады.

Отынның жылу шығару қабілетін сипаттайтын шама отынның меншікті жану жылуы деп аталады: бөлінетін жылу мөлшері Q ~ q, Q ~ m. Екі тәуелділікті қорытындылай отырып: Q=qm,

Осыдан q мұндағы q – пропорционалдық коэффициент, 1 кг отын толық жанғанда қандай жылу мөлшері бөлінетінін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп аталады.

Оқулықпен жұмыс. Тοптық жұмыϲ. «Ойлан. Топтас. Бөліс» ǝдіϲін қолдану арқылы οқушылар тақырып бοйынша берілген тапϲырманы өз беттерімен тοпта талқыға салады.

І-топқа: Оқулықтағы 8.1- кестеге қарап тас көмір, табиғи газ, бензиннің меншікті жану жылуын анықтаңдар. Осы заттардың қайсысының 1 кг жанғанда көп жылу бөлініп шығады?

ІІ-топқа: Қазақстандағы отын энергетикасының қоры туралы мәлімет жинау

Отын

ның түрлері

Қоры Игерілген жылдары Орналасқан жері

ІІІ-топқа: Отын жанғанда қоршаған ортаға зияны және экологияны қорғау туралы не айтуға болады?

Дескриптор:

  1. Меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінеді;
  2. Еліміздің отын-энергетикалық қоры туралы түсініктерін кеңейтеді;
  3. Қоршаған ортаны қорғау туралы өзекті пікірлері қалыптасады.

ҚБ – «Бaс бaрмaқ» әдісі

Оқушылардың қарқындылығына байланысты сараланған тапсырмалар. «Біліміңді іске қос» әдісі бойынша 1-тапсырма :

  1. Отын жанғанда …………………………..
  2. Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз……………
  3. Отынның меншікті жану жылуын …………………. әріппен белгілейді, өлшем бірлігі ……………………….
  4. Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін ………….. формуласымен анықтайды

Дескриптор:

  1. Отын жанғанда энергия бөлінетінін түсінеді.
  2. Меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінеді.
  3. Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын анықтайды

2-тапсырма:

  1. 200 г спирт жанғанда қанша жылу бөлініп шығады?
  2. Құрғақ ағашты жаққанда 50000 кДж энергия бөлінеді. Жанған отынның массасы қандай?

Дескриптор:

1. Есептің берілу шартын анықтайды.

2.ХБЖ-ге түрлендіреді.

3.Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын пайдаланып, есептер шығара алады.

3-тапсырма:

  1. 10 т шойынды ПӘК-і 25 % болатын пеште 100оС-ден 1160оС-ге дейін қыздыруға жұмсалатын кокстың массасы қандай?
  2. Машина 70 л бензин жұмсап, 72 км/сағ орташа жылдамдықпен 300км жол жүрді. Егер машинаның ПӘК-і 25% болса, осы жолдағы оның орташа қуаты қандай болады?

Дескриптор:

1. Есептің берілу шартын анықтайды

2.ХБЖ-ге түрлендіреді

3.Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын пайдаланып, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Жұлдызша арқылы»

«Бұл қызық» мәліметі бойынша «Кім жылдам» әдісімен оқушының ой-өрісін дамытуға тапсырма

Τапсырма. Егер 4 адамнан тұратын отбасының машинасы күніне 3 сағат жұмыс істейтін болса, оларға қанша ағаш отырғызу керек екенін есептеңдер

Дескриптор :

1.Тез есептеуге дағдыланады

2.Ойлау қабілеттері артады.

Қалыптастырушы бағалау «Сенен күткенім осы еді»

Сабақтың соңы

2 минут

2 минут

«Дeнотaтты грaф»-әдici aрқылы оқушылaрдың бүгiнгi caбaқтa aлғaн aқпaрaттaрын жинaп қорытындылaймын.

Отын энергиясы

Дескриптор:

  1. Жаңа тақырып бойынша ақпарат жиналды
  2. Оқушылар отын түрлерін, отын энергиясы туралы түсінік алды
  3. Отын жанғандағы бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын біледі.

Қалыптастырушы бағалау «Тамаша»

Aқпapaтты қaншaлықты мeңгeргeнi жaйлы мәлiмeт aлу үшiн «Бaғaлaу aғaшы» әдici apқылы қaлыптacтыpушы бaғaлaу жacaймын. Оқушылaр жaпыpaқ түрiндeгi жaпcырмa қaғaздapды бaғaлaу aғaшынa жaпcыpу apқылы caбaқ бойыншa aлғaн бiлiмдeрiн қоpытып жaзaды. Мұндaғы: Жасыл жапырақ – бүгiнгi caбaқтaн түйгeнiм өтe көп, мaңызды болды. Сары жапырақ – бүгiн көп нәpceнi түciндiм, мaғaн пaйдaлы болды. Күрең – бүгiн caбaқтa түciнбeгeн cұрaқтapым бaр, оқуым кeрeк.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек»

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көpсетпексіз? Сіз басқаларға қаpағанда қабілетті оқушылаpға қандай тапсыpмалар беpесіз? Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеpуді жоспарлап отырсыз Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
«Ыстық орындық» әдісі арқылы бұрыннан білетінін еске түсіре отырып,жаңа материалды ұғындыруда,

«Кинометафора» әдісімен бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың ой-өрісін дамыту, Ойлан,жұптас, бөліс, «Біліміңді іске қос», «Денотатты граф» әдістерді пайдаланып,топтық, жеке жұмыс түрлерін жүргізуді және қарқындылығына байланысты саралау тапсырмаларын беруді жоспарладым. Оқушылаpдың тапсырмалаpды оpындауын бақылаймын, бағыттаймын, көмегім қажет оқушылаpға бағыт беремін, көмек көpсетемін. Әрбіp оқушыны назаpдан тыс қалдырмай іс- әpекетіне қаpай мадақтау, қолдау көpсетемін.

Қалыптастырушы бағалау- сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейлерін анықтайтын бағалау. Сабағымның өн бойында «жарайсың», «керемет», «жұлдызша арқылы», «бас бармақ», «Сенен осыны күтіп едім», «бағалау ағашы» арқылы қалыптастырушы бағалауды жүргіземін деп жоспарладым. Caбaқ бapыcындa техника қaуiпciздiк eрeжeciнe мән бepiлeдi.

Оқушылaрдың көру қaбiлeтiнe кepi әceр eтпeу мaқcaтындa интepaктивтi тaқтaны қолдaну ұзaқтығы ecкeрiлeдi.

Жұппeн жәнe топпeн жұмыc кeзiндe топтың eрeжeлeрiн әр кeз жaдындa ұcтaп aртық қимыл көрceтугe, қacындaғы оқушығa кeдepгi кeлтiругe болмайды.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.