Жаңа сабақтар

Есбергенова Сагадат Асхатовна

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбек жай-балабақшасының

І санатты тәрбиешісі

Тақырыбы: «Берекелі күз келді»

Мақсаты:

1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; ән айтып би билеу.

2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.

3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.v

(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)

Тәрбиеші: Құрметті балалар, қонақтар, ата-аналар «Берекелі күз келді» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Күз- байлық, күз-молшылық, күз-қуаныш, күз-шаттық дей отырып, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,

Қош келдіңдер халайық, сергісін бой- дей келе ортаға бүлдіршін қонақтарымызды жыр шашуымен шақырамыз!

Тақпақтар:

  1. Дөп дөңгелек сапсары, Нұрасыл

Ішінде бар дәні

Қызығасын көріп

Менің атым өрік

  1. Пісіп тұрған алмамын Айсана

Тамсандырар бар дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

  1. Мен моншақты шиемін Айзере

Құмарсыңдар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім.

  1. Жапырақты тасалап Сымбат

Өскен жері бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін-ай

Оның аты құлпынай

  1. Асқабақтың дәмі

Таңдайымда әлі

Кептірілген дәмі

Таптырмайтын дірі Арсен

Тәрбиеші: Ал балалар балалар

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші.

Сендерді бір көрмекші!

Сыйлықтарын бермекші.

(Есік қағылады. Топқа күз ханшайымы өзінің достарымен келеді)

(Әуен ырғағымен топқа «Күз ханшайымы» достарымен бірге кіреді.)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен Күз ханшайымы боламын! Мен сендерге өзімнің достарымды ерте келдім! Қане балалар күз мезгілі туралы кім көп біледі екен. Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. сонымен қатар сіздерге арнап ойын да, әнде, биде ала келдім.

Тәрбиеші: Ән салыңдар күліндер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздін тойын тойлайық.

Би билейік, ойнайық.

Ортаға «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерін биімен қарсы алайық!

Би: «Жаңбыр»

Тәрбиеші: Рахмет Күз ханшайымы. Билерін бізге ұнады. Олай болса балалар қане бәріміз ойын ойнайық.

Ойын: Жемістер мен көкөністерді жинау.

Шарты: себеттерге көкөністермен жемістерді жинап салу.

Тәрбиеші: Балалар күз мезгіліне арнап Күз ханшайымы достарымен бірге ән айтып бермекші. Қане бәріміз бірге ән айтайық.

Ән: «Күз келді»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. әндерің қандай тамаша! Ендігі кезекте ата-аналарды ортаға шақырып, қалай шапшаң екенін және күз мезгілінде қалай еңбектенгендерін сынап көрейік.

Ойын: «Көкөністерді тазалау»

Шарты: Екі ата-ана ораға шығып мына тұрған көкөністерді үзбей тазалау қажет.

Тәрбиеші: балалар біздің қонақтарымыздың тағыда билері бар екен. Билерін тамашалайық.

Би: «Тентектер»

Тәрбиеші: Рахмет балалар өнерлерін біздің балаларға ұнады. Енді балаларды ортаға шақырып ойын ойнайық.

Ойын жаттығу: «Күн мен жаңбыр» қимылмен орындау.

Тәрбиеші: Ата-аналар, балалар Күз ханшайымы достарымен бірге ән орындап бермекші. Қол соғып қошеметтеп отырайық.

Ән: «Жау жаңбыр»

Күз ханшайымы: Құрметті ата-аналар, балалар сіздерге көп рахмет. Сіздермен бірге көңіл көтеріп, ойын ойнап қуанып қалдық. Біздің баратын жерлеріміз бар. Бір жыл айналып келгенше сау болыңдар. Міне менің сіздерге тартуым бар. (себеттегі алманы топқа тастап кетед) Қош сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Рахмет сізге Күз ханшайымы. Қош сау болыңыздар!

Құрметті ата-аналар сіздерге көп рахмет. Балаларымыз аман болсын. Шарамызды қорытындылай келе, ата-аналардың қолдан жасаған бұйымдарын марапаттаймыз.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбек жай-балабақшасының

І санатты тәрбиешісі Есбергенова Сагадат Асхатовна

«Жасыл шырша жанында!»

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Гүлдер» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы:

Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал

Сиқыршы:

Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:

1.Амангелі Айназ

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау ,қарлы шың.

2.Әнуар

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оранып.

3.Еркеназ

Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

4.Әбілахат

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

5.Камила

Өлеңде әзір, биде әзір,

Ойында әзір, бәріде әзір.

Кел, Жаңа жыл, біздерге,

Кел, Жаңа жыл,жаңа жыл.

6.Қарақат

Оралама ол енді,

Айтар едік өлеңді.

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге ойыншық берсе екен.

7.Аягөз

Жылдың әнін бастайық.

Аяз-ата кеп қалды .

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды.

8.Ақниет

Безендіріп шыршаны.

Жыл қуантты баршаны,

Той –маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

9.Ақбота

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтары тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

10.Аршат

Аспан жерге төгеді,

Ақ кумісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізғе қарай жылыстап.

11.Инабат

Мерекеге келдік

Тақпақ айтып бердік .

Ойыншықтары тізілген,

Шыршыныда көрдік.

12.Айарыс

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз .

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Жүргізуші: —Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 — рет
Аю: — Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр — тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір — ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» — дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: — Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес…
Балалар: иә.

(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

Маша. – Керемет….(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю:- Әрең таптым — ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік… (деп ашып жатқанда ішінен түлкі шығады)

Түлкі: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап — қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі — түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
— Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Жүргізуші: Алыс жолдан Аяз атамыз бен Ақшақарымыз келгенше ұлдарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Гномдар»
Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 — рет
(әуенмен бірге Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Ит жылы:
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар

Отыр ата, сәл дем ал.

Ән: «Жасыл шырша жанында»

Тақпақтар:

13.Ерік

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

14.Орынғали

Төрлет төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

15.Бейбарыс

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады

16.Аяулым

Ақ таяғын оранып

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр

Ақ күпіге оранып

17.Шерәлі

Аяз ата аппақ

Кәмпиттері тәтті ақ

Кәмпиттерді көп берсен

Тағы айтамын тақпақ

18.Айназ Ерболат

Жаңа жыл жол болсын

Басқан қадам оң болсын

19.Орынгүл

Жаңа жыл жаңа жыл

Бақыт жылы болғайсың

20.Арсен

Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

21.Мадияр

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

22.Қайсар

Жаңа жылмен жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді анамызды

Қонақтардың бәрінде.

Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата — аналар, содан соң балалар)

«Шырша» биі (Қыздар)
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, өткелі жатқан жылымыз қалай аталады? «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

(Тауық топқа кіреді)
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: — Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Жаңа жыл иесі Ит:

Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Жүргізуші:
— Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой — буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір….
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз — Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата — аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбек жай-балабақшасының

І санатты тәрбиешісі Есбергенова Сагадат Асхатовна

Тақырыбы: Ертегілер елінде. «Қасқыр ешкі жеті лақ»

Білім беру саласы «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет»

Мақсаты: Балаларға ертегі туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлеріне құрметпен қарауға, ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыру. Ертегіні сахналауға үйрету.Бір-бірімен дос болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру көрсету сахналау

Көрнекі құралдар: Ертегі суреттері сахна киімдері үйшік

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру

(талпындыру)

Шаттық шеңбері:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне біздер қандаймыз!

Орман тоғай шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан дос біргеміз!

Балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қимылмен қайталайды.
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Қане бәріміз қонақтармен амандасайық!

Сұрақ-жауап

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде күн қандай болады?

-Біздерге не ұшып келеді?

-Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасындар ма?

-Қандай ертегі білесіңдер?

Жарайсыңдар балалар!

Ғажайып сәт: Есік қағылып топқа Ешкі келеді. Балалармен амандасады.

Ешкі: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен ертегілер елінен сендерге қонаққа келдім.

Тәрбиеші: Қош келдің Ешкі. Біздің балаларымызбен бірге бол.

(Ешкі балалардың қасына отырады.)

-Балалар сендер қуырмаш ойынын ойнағанды ұнатасыңдар ма?

Олай болса, Ешкімен бірге ойын ойнайық

Ойын: «Қуырмаш»

Қуыр қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Анаң келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

Тәрбиеші: -балалар бізге қонаққа кім келді?

-Ешкінің төлін не деп айтамыз?

Олай болса біз қазір «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен танысамыз!

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде бір ешкі мен жеті лақ болыпты. Олар орманда үй салып лақтарымен бірге сол үйде тұрыпты. Ешкі күнде тоғайға барып лақтарына азық жинап келетін болған.

Ол тоғайға барарда лақтарына:

Ешкі: балаларым, шырақтарым мен тоғайға барып азық алып келемін, есікті ешкімге ашпандар қасқыр келсе сендерді жеп кетеді деп ескертетін болған. Ешкі тоғайға кеткеде орманда жүрген бір қасқыр үйді көріп сол үйге кедеді екен.

Қасқыр: ой мына ормандағы үйде лақтар тұрады екен. Бүгін менің жолым болды. Қарыным тоятын болды деп қуанады.

Қасқыр: тук-тук, балаларым шырақтарым, аналарың келді. Сендерге азық әкелді. Есікті ашыңдар деп айтады.

Лақтар қуанып есікті ашып жібереді. Сол кезде қасқыр лақтарды көріп қуанады. Мен сендерді жеймін. Менің қарыным аш дейді екен.

Лақтар: Қасқыр қасқыр сен бізді жеме біз саған ән айтып берейік. Әніміз ұнасаса бізді жеуіңе болады дейді. Сөйтіп лақтар қасқырға ән айтып береді.

Ән: «Төлдер»

Қасқыр: сендердің әндерін маған ұнады. Сендер менің көңілімді көтердіңдер. Енді сендерді жемеймін, сендермен дос боламын.

Оы кезде тоғайдан азық жинап ешкі келеді.

Ешкі: Ой, балаларым мен сендерге есікті ешкімге ашпаңдар деп айттым. Ал сендер қасқырға есік ашып, оңың қасында отырсыңдар, егер қасқыр сендерді жеп кетсе мен жылап қалар едім деп айтады.

Сол кезде қасқыр былай дейді.

Қасқыр: Жоқ Ешкі мен лақтарды жемеймін. Олар мағани ән айтып көңілімді көтерді енді мен сендермен дос боғым келеді дейді.

Оны естіген Ешкі: олай болса, бәріміз дос болып бір-бірімізбен тату болайқ, бәріміз бірге ән айтып би билейік дейді екен. Осылайша олар дос болыпты.

Ән: «Аяқпенен топ-топ-топ!» осылай ертегіміз аяқталады.

Тәрбиеші: балалар ертегі сендерге ұнады ма?

Сұрақ-жауап:

-Ертегіде кімдер бар?

-Қасқыр кіммен достасты?

-Олар қалай достасты?

-Ешкінің төлі қалай аталады?

-Қасқыр қайда жүреді?

Балалар қонақтармен амандасады.

Балалар өз ойларымен бөліседі

-ия

-бауырсақ, шалқан, маша мен аю т.б

Балалар Ешкімен амандасады.

-Ия

Балалар ойынды қимылмен орындайды.

-Ешкі

-Лақ

Балалар ертегіні тыңдайды.

Балалалр әнді орындайды

Балалар өлеңді бірге айтады.

-Қасқыр, лақ, ешкі

-лақтармен

-ән айтты

-лақ

-орманда

Рефлексиялық

түзету

Ертегіні сахналау арқылы оқу қызметін қорытындылау. Балалар рөлдерге бөлініп ойнайды.

Өз ойындарына ризашылық білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі туралы түсініктерді біледі

Меңгереді: ертегі желісі арқылы бір-бірімен дос болуға деген түсініктерді меңгереді

Түсінеді: ертегіні сахналау арқылы ойнай алады.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбек жай-балабақшасының

І санатты тәрбиешісі Есбергенова Сагадат Асхатовна

Тақырыбы: «Біз құстарды жақсы көреміз!»

Мақсаты:Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу. Өлеңдердің мағынасын түсіну,сөздік қорынбайыту.Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа дегенмейірімін ояту,адамгершілікке баулу.Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жүру барысы: Балалар-ау балалар,

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып!

Құстар келді жар салып!

«Үйрек биі»

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай болады?

-Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Ия, балалар көктем мезгілінде ауа-райы жылынып, қар еріп, жан-жануарлар өріске шығады, құстар оралады. Қар астынан шыққан гүл бәйшешектер жерге көрік беріп тұрады. Міне, көктем мезгілінде өсындай ерекшелік болады екен.

Балалар, қазір Сәуір айы болғандықтан, біз сәуір айында құстар мерекесін тойлаймыз. Осы айда «Құстар» ұшып келеді екен.

-Балаалар, сендер құстарды көрдіңдер ме?

-Қандай құстарды білесіңдер?

-Құстар неше топқа бөлінеді?

-Дала құстарын атаңдаршы?

-Үй құстарына қанай құстар жатады?

-Жарайсыңдар, балалар!

Жұмбақ жасыру. «Тал басында тамаша үй» ол не?.(Ұя)

-Ия балалар біз құстардың келуіне арнап ағаш басына ұя жасайды екенбіз.

-Қане, балалар құстарға арнаған тақпақтарыңды айтып беріндерші?

Амангелді Айназ.

Құстар, құстар келеді,

Даланы жырға бөледі,

Көктем келді деп бізге

Жылы хабар әкелді.

Аягөз.

Құстар біздің досымыз,

Бау-бақшаны қорғайды.

Ұя жасап қарсы алсақ,

Құстар бізді қолдайды.

Арайлым

Біз қамқоршы баламыз,

Құстарға ұя саламыз.

Жем-су беріп қыс бойы,

Балапанын бағамыз.

Қайсар

Торғай, торғай торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың,

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Ерік

Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан

Бір томардан томарға

Секең-секең ауысқан.

Аяулым

Ой балалар, балалар

Құстарда да ана бар

Құстарда да бала бар,

Құс ұясын бұзбайық,

Обалына қалмайық.

Ән: «Көктем келді».

Жүргізуші: -Жарайсыңдар, балалар!

Әуен ойнап топқа тауық келеді. Қолында себеті бар.

Тауық: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен жолда келе жатырып жұмыртқамды жарып алдым. Енді менің көңіл күйім болмай тұр. Сендер менің көңілімді көтеруге көмектесіңдерші, балалар!

-Жарылып қалған жұмыртқамның ішінде сендерге арналған тапсырма бар еді, соны орындаңдар.

Бірінші тапсырма: Қазір құстардың дыбысы естіледі. Сендер соның дыбысын айырып беріңдер, жане дыбысын бірге қайталаңдар!

Тауық: Ой балалар, менің көңілім аздап көтеріліп қалды. Енді тағы бір тапсырмам бар соны орындасаңдар тіпті жақсы болар еді.

Екінші тапсырма: Балалар сендерде өз аналарыңның балапандарысындар ғой. Менде өз балапанымды есіме алып сендермен бірге серуенге шығып бой жазайық.

Әуен ойнап балапан киімін киген балалар тауықтың артынан еріп серуенге шығады. Секіреді, су ішеді. Ойнайды. Осы кезде күн күркіреп қатты дыбыс естіліп жаңбыр жауады. Балапандар тауықтың қанатының астына паналайды.

Ойын: «Тауық пен балапандар»

Би: «Балапандар»

Тауық: -Ой жарайсыңдар, балалар! мен енді қайтайын, жұмыртқамды жарып алмай ұяма апарайын. Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Балалар, құстар туралы қандай тиым сөздерді білесіңдер?

-Құсты таспен атуға болмайды.

-Құстың ұясын бұзуға болмайды.

-Жұмыртқаны жаруға болмайды.

Жүргізуші: Балалар, қане бәріміз құстарға арнап ән айтайық.

Ән: «Құстар әні»

Жүргізуші:

Қамқоршы боп жүреміз,

Табиғатқа құстарға,

Аялаймыз оларды,

Жақсы көріп бәріміз

Құрметті қонақтар, сүйкімді балапандар құстар мерекесіне арналған

«Біз құстарды жақсы көреміз!» атты шарамызды «Құстар» бимен аяқтаймыз.

Би: «Құстар биі»


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.