Жаңа сабақтар

Гинаятова Жумагул Асылбекқызы

Атырау қаласы КМҚК № 21 «Алтын кілт» бөбекжай – бақшасы

тәрбиешісі Гинаятова Жумагул Асылбекқызы

Тақырыбы: «Ана – гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы» Ертеңгілік.

Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Ән:“Ақ әжем”
Мариям: Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Каусар: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
Балтамған:. Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
Мадина: Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
Эльмир: Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Мақсат:Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Би: «Қуыршақтар»

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктем ханшайымын шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем Ханшайымы: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем Ханшайымы: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн — әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.

Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)

Көктем Ханшайымы: Қандай керемет есімдер. Көп — көп рахмет балалар сендерге

Қанекей менімен әдемі қыздар билейсіңдерме?

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші: Көктем ханшайымы рахмет сізге біздің қыздарымыздың көңілін бір көтеріп тастадыңыз. Али: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Арсен:Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

Ляйсан:

Менің әжем ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Әділет:Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әже

Әлімжан :Менің әжем жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Милена:Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем

Музыка әуенімен:

Күлдіргі кіреді.

Сәлеметсіңдерме, балалар қонақтар!бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын.Балалар менімен ойнауға дайынсыңдарма?

Балалар:иә

Ойын: «Гүл жинау».
Жүргізуші: Күлдіргі сізге көп-көп балаларымыздың ойында көңілдерін көтердіңіз!

Перизат:Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Құндыз:Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Зере:Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Ән: «Ойыншықтар әні»Құндыз,Каусар,Перизат.
«Көбелектер биі»

Құрметті:ата-аналар,ұжымдастар 8-наурыз мерекелерініз құтты болсын.

Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!-дей отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.