Жаңа сабақтар

А.Т.Черьязданова

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3C бөлім Санды өрнек әріпті өрнек Теңдеулер

Күні: 19.02.2019 ж

Сынып: 2

Мектеп: «Юбилейное орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: А.Т.Черьязданова

Қатысқандар саны:7

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы Теңдік және теңсіздіктер.Санды және әріпті өрнектер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.3.1.1 сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/ теңдік және теңсіздіктерді құру, оқу, жазу және тану
Сабақ мақсаттары
  • сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/ теңдік және теңсіздіктерді құру, оқу, жазу және тану;
    • сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/ теңдік және теңсіздіктерді құрып, оқиды, жазады;
Бағалау критерийлері Теңдік пен теңсіздікті үйренеді.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Теңдіктер,теңсіздіктер :

Теңдіктер , теңсіздіктерді құрастыра алады;

Талдауға арналған сұрақтар :

  • Теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? (=)
  • Теңдіксіздікті жазу үшін қандай белгіні
Құндылықтарды дарыту Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.
Пәнаралық байланыстар Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.
АКТ қолдану дағдылары АКТ – мен байланыс http://shkolnayastrana.ucoz.uo
Бастапқы білім Оқушылар күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Үш тілде амандасу

Топқа бөліну ( Екі түрлі түсті атпен)

Сабақтың ортасы

30 мин

Қазақтың ұлтық ойындары туралы түсінік беру.

1.Бәйге ойыны Жеке жұмыс «Біз не білеміз» әдісі арқылы өткенді пысықтау.

Ауызша есептер

2. Топтық жұмыс«Көкпар «ойыны

«Анықта» әдісі арқылы теңдік,теңсіздік, әріпті өрнек, санды өрнекті анықтаймыз.

10+7*5х3 20+30*10х5

7х2*14 :2 60-30*60 -20

18:2*3х3 3х5 *15

100-50*50+404х4* 4+4

200* 2х10 5х2 * 5+5

40+7*47-7 20+9*30-1

3. Ұжымдық жұмыс «Теңге ілу» ойыны «Сен білесің бе?» әдісі арқылы (Ауызша логикалық тапсырмалар)

Логикалық сұрақтар.

1.Нұржан дүкеннен 4 төртбұышты доп алды. Біреуін Айболға берді. Нұржанда неше доп қалды? ( төртбұрышты доп болмайды)

2.Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетіп тұр? (үш)

3.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (үш стакан)

4.Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар.Менің тәтемнің інісінің аты кім?(Медет)

5. Сіз жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз?(2 орын)

6.Қолымызда 10 саусақ бар. Он қолда неше саусақ бар. ( Әр қолда 5 саусақ болғандықтан 10 қолда 50 саусақ бар)

7.Талдың басында 5 торғай отыр. 1 еуін атып алды. Талда неше торғай қалды? (0)

8.Үйрек бір аяғымен тұрса 10 кг тартады, егер 4 аяғымен тұрса қанша кг тартады? (10 кг)

9.Үш жылқының неше аяғы бар? (12)

10.Қайыңда 5 алмұрт өсіп тұр. Айбол біреуін үзіп алды? Қайыңда неше алмұрт қалды? (Қайында алмұрт өспейді)

11.Мен бір сан ойладым. Оған 10 ды қосқанда, 45 шықты. Мен қандай сан ойладым? (35)

4. Жұптық жұмыс

«Қыз қуу» ойыны » Ойлан ,жұптас,есепте» әдісі арқылы (даптермен жұмыс)

№2

1.1000тг

2.500тг

3.200тг

Бас бармақ, бағдаршам,от шашу арқылы бағалау

20тг,10тг

1000тг

Сабақтың соңы

5мин

Қорытынды. Бекіту.
— Балалар, сонымен біз нені үйрендік? Не білдік?
Кері байланыс.

Бағалау: жинаған ұпайларын санап, ойын автоматынан сыйлық алу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай т ексеруді жоспарлайсыз?

сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/ теңдік және теңсіздіктерді құру, оқу, жазу және тану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
тапсырмалары барысында қиындық туындаған оқушыға жеке қолдау көрсетіледі. Оқушылардың теңдік және теңсіздік туралы түсініктерін бақылау арқылы бағалау. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады

Сабақтың тақырыбы:Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға түбір мен қосымшаның жазылуы туралы берілген түсінікті бекітуге мүмкіндік туғызу;
  2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ереже айту, сурет бойынша жұмыс, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың түрі. ойын — сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер,

Топқа бөлу.

  • бүгін сабақты ойын — сайыс түрінде өткіземіз. Және топ болып біліміді ортаға салып, өз жетістіктерімізді көрсетеміз. Әр топтың ұпайын белгілеп отырамын.

1 — топ: «Түбір» 2 — топ: «Қосымша»

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Әр топы төрт сұрақтан арқылы тексеру

1 — жұп «Түбір»

  1. Сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігі
  • Сөздің түбірге жалғанған бөлігі

  • Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз.

  • Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса …..

  • 2 — жұп «Қосымша»

    1. Сөз мағнасын өзгертетін қосымша
  • Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

  • Бір түбірден бірнеше туынды сөз

  • Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса …..

  • ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

    ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Күн ретін жазу. Көркем жазу.

    Мысалы: су- рет-ші, қуыр-шақ-тар, өсім-дік-тер, кі-тап-та

    62-жаттығу.

    1 — топ «Түбір» — бірінші қатарындағы суреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап жазу

    2 — топ «Қосымша» — екінші қатарындағы суреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап жазу. Жалғау жалғанған сөздерді сөз құрамына талдау

    Тест тапсырмасын орындау «Кім жүйрік»

    1. Түбір сөзді тап

    а) жаңалық ә) қобыз б) кітаптар

    2. Түбірге жалғанған бөлік не деп аталады

    а) қосымша ә) түбір б) түбір, қосымша

    3. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз

    а) түбірлес ә) туынды б) түбір

    4. Қосымшалы сөзді тап

    а) жұмысшы ә) ойын б) доп

    Сәйкестендіру тесті. Берілген қосымшалы сөздерге тиісті түбір сөзді сәйкестендір:

    Халық құлпы

    Ерік халқы

    Құлып бөркі

    Құлақ орны

    орын құлағы

    бөрік еркі

    Ойын: «Жоғалған қосымша» сөзіне төмендегі қосымшалардың тиістілерін қосып жаз

    1 — топ «Түбір» — Күй

    — ші, — ге, — ла, — лер, — шы, — дың, — лар

    2 — топ «Қосымша» — Жыр

    63-жаттығу.

    1 — жұп «Түбір» — бірінші жолдағы сөздерге — жуан қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жазу. Жұлдыз -деген сөзге сөйлем құру

    2 — жұп «Қосымша» — екінші жолдағы сөздерге — жіңішке қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жазу. Киіз — деген сөзге сөйлем құру

    Ойын: ««Жоғалған қосымша» (карточкамен жұмыс)

    Түбір сөздерге қосымшалардың тиістісін жалғап жаз.

    Қобыз, жұмыс, сый, біл, өнер — ді, — шы, — лық, — ты

    түсін, өрнек, көк, ойын — тің, — шық, — гіш, — шіл

    ағаш, теңіз, біл, балық, аяз — тар, -гіш, — ші, -шы, — дың

    жаңа, оқу, күріш, сурет — лық, — ші, — лық, — тің

    Ү. Қорытындылау — Балалар Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады? Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай қосымша жалғанады? Мысал келтір.

    Үйге тапсырма: 64-жаттығу, 134-бет.

    Оқушыларды бағалау. Күнделікке қою.

    Қорытынды: . Оқушылар тапсырмалар орындай отырып жаңа тақырыпты өздері меңгере білді. Әртүрлі тапсырмалар болды, тест жұмыстары, ой қозғау тапсырмалары және өзіндік жұмысын көрсетті


    Зайтуна Есмаганбетова

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.