Жаңа сабақтар

Ибраим Сара Орысбаевна

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

«№ 11 жалпы білім беру орта мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Ибраим Сара Орысбаевна

Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Ашық сабақ.

Пəн: Қазақ тілі Мектеп:№11
Күні:25.11.2019 ж Мұғалімнің аты-жөні: Ибраим Сара
Сынып: 4«Ғ» Қатысқандар саны:25

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.3.7.2 – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату жəне тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою.

4.2.4.1 – мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау

4.3.6.1 – каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар жасай алады:

Тапсырмадан бірыңғай мүшені ажыратады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.Бірыңғай мүшені таба алады.

Сұрақ қоя алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін таба алады.Сұрақ қоя алады.Мәтіннің негізгі ойын анықтап ат қояды.

Бағалау критерийлері Мəтіндегі негізгі

ойды анықтау;

Берілген тапсырмалардан

сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табу. Сұрақ қоя білу.

Тілдік мақсаттары Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап, көпшілік алдында сөйлейді;Сөйлеу мəдениеті қалыптастырылады.
Құндылыққа баулу Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, адамгершілікке,ауызбіршілікке тəрбиелеу.
Пəнаралық байланыстар Əдебиеттік оқу, музыка.
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта, компьютер.
Алдыңғы білім Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет Ресурстар
Сабақтың басы 5минут Психологиялық дайындық

Қазақ тілі-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.

Топқа бөлу

Сандармен бөлу

«Жедел жауап» әдісі

1.Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?

2.Сөйлемнің дара мүшесі деген не?

3.Сөйлемнің күрделі мүшесі деген не?

4.Сөйлемнің бірыңғай мүшесі деген не?

Топқа бөлу
Сабақтың ортасы

3минут

4 минут

3 минут

2 минут

3 минут

5 минут

5 минут

Сергіту сәті

2 минут

Топтық жұмыс

5 минут

Топтық жұмыс Суретпен жұмыс

Абай шығармалары -ұрпаққа мәңгі мұра

Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер?

Абай шығармалары ұрпаққа мұра деп неге айтқан?

Абай Құнанбаевтың биыл 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Абай мұралары адамгершілікке, парасаттылыққа шақырады. Ол өз халқын ғана емес, бәрін де білім –ғылымға үндеген ұлы тұлға.

Абай Құнабаевтың қара сөздері,өлеңдері.мысалдары ғасырдан, ғасырға ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра.

Мектебімізде осы мерейтойға орай Абайтану кабинеті ашылды.

Біздің мектепте осындай және қандай кабинеттер бар?

Сөйлемнің бірыңғай мүшесі

Көркем жазу

Өзендер,көлдер — жердің берекесі.

Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне жалғанады.

Өзен ,көлдер-жердің берекесі.

Оқулықпен жұмыс

35-жаттығу Өлеңді нақышына келтіріп оқы.Бірыңғай мүшелерді тап

Жау-жау ,жаңбыр ,тағы да,

Дала,тауға көрік бер.

Менің еккен бағымда

Өссін жүзім,өріктер!

Бірыңғай мүшенің соңғы сөзінен не

байқадың?

37-жаттығу Өлеңнің мәнін түсініп оқы.

Бірыңғай мүшелерді тап. Дәлелде.

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын білуге

Көкірегінде болсын көз.

Дәптермен жұмыс

38-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Бірыңғай мүшені тап. Қандай кезде тыныс белгісі қойылады

1.Серік пен Сәкен театрға бірге келді.

2.Орманда аю,түлкі,қасқыр және сілеусіндер кездеседі.

3.Олардың бақтарынан алма,алмұрттың,шие мен шабдалының неше түрін кездестіресің.

4.Күндіз де,түнде де қар жауды.

39-жаттығу Сурет арқылы әңгімелеу. Оқыту.

Мәтіндегі сөйлемнен тақырыбын табу.

Мәтінге байланысты мақал-мәтелдер келтір.

Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің, топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі

Шығармашылық жұмыс

1-топ

Сызба бойынша сөйлем құрастыру

,

2-топ «Алатау» өлеңі

Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,

Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.

Тулаған аққан бұлақ тасқынында

Асаудай ойнақ салар балық шоршып.

(Ж.Жабаев)

3-топ Жұмбақ

Көтеріп орман,тоғай,тастың бәрін,

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым (Жер)

4-топ Жаңылтпаш

Ықылас пен Ыбырай

Ыдыстарын тасымай,

Ырыскүлден үлгі алмай,

Ынтасыз жүр тілді алмай

Слайд,презентация,

оқулық,

№2дәптер

Дәптермен жұмыс

Оқулық

Дәптермен жұмыс

Оқулық

А-4 қағазы,қарындаш

Сабақтың соңы 3 минут Үйге тапсырма беру

36-жаттығу мәтінге тиісті тыныс белгілерін қойып жазу.Бірыңғай мүшелердің астын сыз.

Кері байланыс

Біз не үйрендік?

Бағалау

Жеке, жұптық, топтық

Рефлексия

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Жұптық тапсырма берілді. Жай оқитын оқушылар уақытты көбірек алады.Оқушылар жай оқыса да пікірін,түсінігін айтатыны қуантады.Қабілеті жоғары оқушылар бар. Оларды ізденуге ,шығармашылыққа баулу үшін жан-жақты білім алу үшін тақырыпқа сай тапсырма беруді жоспарлап отырмын. Бүгін сабақта оқушылар жұптасып, топтасып «Жедел жауап», «Суретпен жұмыс» әдісін пайдаланып

сабақты меңгерді деп ойлаймын

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәтіне «Желсіз түнде жарық ай» әнін пайдаландым.

Осы сабақта қолданылатын

қауіпсіздік техникасы оқу құралдарын дұрыс пайдалану,үшкір заттардан абай болу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқу мақсаты дұрыс қойылды.Тақырыпты түсінді деп ойлаймын.

Түсінбей қалған оқушылар кездеседі.Себебі жай қабылдайтын оқушылар бар.Оларға сурет арқылы және қарапайым түрде түсіндіремін.Түсінбей қалған оқушылар келесі сабақта сұрақ қою арқылы жауап береді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.