Жаңа сабақтар

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ЖАСАМПАЗ ҰРПАҒЫ

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ЖАСАМПАЗ ҰРПАҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ
АТА-АНА МЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ РӨЛІ

Чубанова А.М.

Тәрбиеші, МКҚК №162 бөбекжай-балабақшасы Алматы қаласы

Жоспар:

Кіріспе

Рухани жаңғыру- ұрпақтың дара жолы.

Негізгі бөлім:

  1. Бала дамуындағы ата-ана мен қоғамның рөлі.
  2. Жаңа технологиялар
  3. Ғұлама жазушылардың бала тәрбиесіне қатысты ой пікірі

Қорытынды:

Бала- біздің болашағымыз.

«Адамдарды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершiлiктiң белгiсi. Адамның шынайы байлығы затта емес,рухани қазынада»

В. Сухомлинский

Елдің болашағы тәрбие ісіне тәуелді. Отбасы – адам баласы үшін ең жақын әлеуметтік орта. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір- жеке тұлғаның азамат болып өсуінің негізгі ортасы. Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары – баланы әлеуметтендірудің маңызды екі мектебі. Мектепке дейінгі қызметкерлердің басты мақсаты — жеке тұлғаның қоғамдық өмірге қалыптастырып, баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, балабақшамен тығыз байланысты.

Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие жолында аянбай, жалықпай, барлық күш жігерімен қажымай, талмай еңбек ететін ол — ұстаз. Тәуелсіздіктің жиырма жылдан артық тарихи жолын саралай келе, елбасының тұңғыш мемлекеттік ресми идеология — «Мәңгілік Ел» идеясын жариялауы болашаққа тізгін болып табылады. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Мәңгілік Ел болу — барша қазақстандықтардың тарихи мақсаты. Мәңгілік Ел идеясы – қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.

Жас ұрпақ өкілдеріне отбасында тәрбие беруде ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің, халықтық педагогиканың маңызы орасан. Халықтық педагогиканың негізінде ұлттық сана-сезімді, ар-ожданды, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті, қоғамдағы ережелер мен ұстанымдарды, ұлттық рухты ұрпақ жадына тоқыту әрекеті жүзеге асырылады.М. Әуезов «Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік жырынан нәр алуының маңызы айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме, жыр-дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік пен армандау қабілетін ұштайды.Отбасында ата-анасы және өзге де отбасы мүшелері баланың тәлімді де тәрбиелі болып өсуіне ерекше назар аударатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда баланың бойына жас кезінен ұлттық сана-сезім мен рухани-адамгершілік құндылықтардың негізін орнықтырудың маңызы өте зор. Себебі бала жасынан қалыптасқан мінез, тәлім-тәрбие, қарым-қатынас қағидалары көбінесе есейгенде де сақталынады. Ата-аналардың балаға деген қамқорлығы шексіз. Қамқорлық- мейірімділіктің қайнар көзі, сөнбес сәулесі екені баршамызға ақиқат. Дегенмен «Жақсылықтың өзі өлшеммен» деп бекер айтпаған. Сондықтан шектен тыс қамқорлықты жақсылықтың жолы деп қарауға болмайды. Әрине, әр ата-ана өз баласына қамқор болуға әрқашан дайын. Бірақ, сол қамқорлық ақыл- парасатқа негізделген, болашақ болмысын айқындайтын жақсылықтың жолы болуы керек.

Инновациялық технологиялар – заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен позитивті нәтиже жетуге бағытталған тәрбиелеу құралдарының, оқыту тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі мүмкін. Инновациялық технологиялар педагогикалық іс-әрекет үдерісінде өзінің тиімділігін дәлелдеген білім берудің прогрессивті технологиялар мен стереотиптік элементтерін үйлестіреді. Мәңгілік елдің жасампаз ұрпағын тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі ерекше баланың жан-жақты білім алу үшін ата-ана бала бойындағы ерекше қасиеттермен дамыту қажет. Мысалы түрлі үйірмелерге апарып, баланың қызығушылығын арттыру керек. Кейбір балалар өз ойын жеткізе алып өзіне не қажет екенін айта алса, кейбір балалардың іс-қимылы арқылы білуге болады. Оларды 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тілге, математикаға, логикаға оқытуға арналған «E-Blocks» интерактивті бағдарламасымен қамтамасыз ету. Балалардың жан-жақты дамуына, тілдерге ерте оқытуға, Қазақстан халқының мәдениеті мен ұлттық мәдениетті оқытуға бағытталған оқыту кешендерін:

  • сөйлейтін қаламы бар «Даналық әліппесі»;
  • сөйлейтін қаламы бар «ZEREK»;

  • «Интерактивті дыбыстық картасы», сонымен қатар жетекші отандық және шетелдік инновациялық әдістер мен технологияларды одан әрі тереңірек зерттеуін, бейімделген технологияларды анықтау және апробациядан өткізу, білім беруді жаңғыртумен байланысты әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес болу мақсатында оларды ендіруді қажет етеді.

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.

Әйгілі түрік ойшылы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы:

«Сәбиінде көкірекке түйгені

Өлгенінше санасында жүреді!

Ұяда не көрсе, соныіледі,

Сүтпен сіңген өле-өлгенше жүреді!» — деген бәйіті «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деген мақалдармен үндес. Яғни, Ж.Баласағұн бұл шығармасында өмір есігін енді ғана ашқан жас ұрпақты отбасында және қоғамдық ортада адамгершілікке тәрбиелеудің орны бөлектігін атап көрсеткен. Міне, сонда ғана әрбір бала ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі қасиеттерді, әдеп ережелерін өз өміріне серік етіп өседі дейді.

Біздің міндетіміз-отбасындағы әрбір баланың жадына «Қазақстан – менің Отаным» деген қастерлі сезімді егу болып табылады.Отбасының жеке тұлғаның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуындағы орны мен рөлі жайында кеңестік педагогика ғылымы саласында әртүрлі пікірлер орын алғаны белгілі. Көрнекті педагог А.С.Макаренко: «Жақсы да, жаман да семьялар болады. Семья ойдағыдай тәрбиелейді деп кепіл болуға болмайды. Семья қалай тәрбиелесе, солай тәрбиелесін деп біз айта алмаймыз. Семьялық тәрбиені біз ұйымдастыруға тиіспіз және мемлекеттік тәрбиенің өкілі ретінде бастапқы ұйымдастырушы мектеп болуға тиісті. Семьяларға мектеп басшылық етуге тиісті»,-деп өскелең ұрпақты қалыптастыру ісінде отбасына қарағанда мектеп жетекшілік рөл атқаруы керек деген ұйғарымды ұсынды. Ал, педагог-ғалым В.А.Сухомлинский: «Мектеп, семьяны, әсіресе шешені толық дәрежеде алмастыра алмайды… Мектеп пен ата-ананың міндеті — әр балаға бақыт беру. Бақыт алуан қырлы.Ол – адамның өз , еңбекті сүйіп, онда жасампаз бола білуінде де және қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауында да, басқа адамды сүйіп, өзі де біреудің сүйіктісі болып балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде. Тек ата-аналар мен бірлесіп ортақ күш-жігержұмсағанда ғана мұғалімдер балаларға зор адамдық бақыт бере алады», — деп тек отбасымен бірлескенде ғана қоғам ізгі қабілет-қасиеттері бойында тоғысқан жеке тұлғаны тәрбиелей алады деген тұжырымға келуге болады. Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын білуіне қарай ағартушылық көмек көрсету, яғни жеке әңгімелер жүргізу, психологиялық тестер өткізу, мамандармен пікірлесу де (логопед, психолог, диетбике, дәрігер) өз көмегін береді. Ата-аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру, ақпарат құралдарына балабақша өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, балалардың (ашық есік күні) сабақтарына қатысу сияқты шараларда өткізіледі. Қазіргі жас отбасыларында, жас аналарға осындай көмек пен кеңестер өте қажет екендігін күнделікті өмір практикасында көрудеміз.

Отбасы — адам өмірінде, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Ата-ана мен отбасының өзге мүшелері баланың жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік тәрбие берудің формалары мен әдістерін нақты жүзеге асыра білуі тиіс. Қоғамда рухани-адамгершілік тәрбие беру үдерісінде ұлттық және әлемдік деңгейдегі құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, жеке тұлғаның бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамытудың мәні зор. Себебі адамгершілік — адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ғана ардақталады. Ал, қоғамдағы адамгершілік тәрбиесі — адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, парасатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруде жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің бір бөлігі. Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісінің басты мақсаты — ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол жас ұрпақ өкілдерін тәрбиелеу болып табылады.

Ата-ана сұранысымен талап-тілектерін қанағатттандыра отырып, білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс жасау керек. Жас бала дегеніңіз ол- ұрығын жарып, жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық сияқты да, ал тәрбиеші болса – жаңадан көктеп келе жатқан нәзік шыбықты күтуші бағбан іспетті. Бала тәрбиесі отбасынан басталып, балабақшадан жалғасын табады. Бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші роль атқарады. «Бала – балабақша – отбасы» үштік одағының өзара түсіністік негізіндегі ынтымақтастығы бала тәрбиесінде жақсы нәтижесін беру керек. Бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті сезінген педагог пен баласының жақсы адам болып қалыптасуы үшін бәріне дайын ата-ана тілегі мен көмегі мектепке дейінгі мекеменің жұмысын нәтижелі етпек.Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт –дәстүрін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші-ата-анасынан, екіншісі-ұстасынан, үшіншісі-құрбысынан деген екен. Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтын аян. Сол себепті халық даналығы:сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді деуі заңды. Халық даналығы айтқандай: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле». Балаға берілген тәрбие мен білім нәтижелі болу үшін ата-ана мен балабақша қызметкерлеріне балаға деген үлкен махаббат пен төзімділік және қажырлы еңбек керек. Міне, сонда ғана «мәңгілік елдің» жасампаз ұрпағы тәрбиеленетінін ұмытпайық.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.