Тараз қаласы, Талас ауданы, Қызылəуіт ауылы
Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп жанындағы шағын орталық тəрбиешісі Базарбекова Сымбат Бибосыновна
Күні: 30.09.2019 жыл.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Уақыты: 9.30.
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» қуыршақ театры.
Мақсаты:
1.Балаларға ертегіні мұқият тыңдатып, мазмұнын әңгімелеуді үйрету.
2.Балалардың ойын арқылы тапқырлық, ақылмен мақсатқа жету қабілеттерін дамыту.
3.Баланың айналасын, өзін тануына, нағыз достарын тани білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсіл: көрсету, әңгімелеу, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер:түлкі мен тырнаныңқуыршағы, суреттер, ширма, слайд.
Билингвизм: Ертегі-сказка, түлкі- лиса, тырна- журавль, дос- друг, татулық-дружба.
Іс- әрекеті | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық
ізденіс. Таңқалдыру сәті: Ертегі көрінісі. Сергіту жаттығуы. Ойын: «Дұрыс жауабын айт» |
Психожаттығу:
-Арайланып таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Жарқырайды даламыз Тату бола білейік Қайырлы күн тілейік! Қайырлы күн балалар! -Балалар бүгінгі сабағымызға бізге қонақтар келіп отыр.Балалар жан-жақтарына қарандаршы қандай ертегілердің суреттерін көріп отырсыңдар? -Ал ертегілерде барлығы тату ме? -Балалар сендер достық, татулық дегенді қалай түсінесіндер? -Дос көп болған жақсы ма? — «Доссыз адам жапырақсыз ағашпен тең» дейді.Жапырақ ағашқа көрік береді, сол сйяқты досы көп адам әрқашан жайнап, жарқырп жүреді, өйткені бірге ойнап бір-біріне көмектеседі. -Мысық тышқанды қуып кіреді. -Мысық тышқан сендердің бұларын дүрыс емес. Біздің топ тың балалары бір-бірін ренжітпейді.Мен сендерге достықтарын бұзған «Түлкі мен тырна» ертегісін қуыршақ театры көрінісімен айтып беремін. Ертегіні басынан аяғына дейін айтып беремін. Мысық пен тышқан достасады. -Мысық тышқан бізбен бірге сергіту жаттығуын жасаңдар. -Қызыл ала добым бар, Ойнайықшы шат күліп. Лақтырғанда добымыз, Әуелеп бір кетеді. Тату болсақ өзіміз, Бәрімізге жетеді. -Балалар,мен сендерді ойынға шақырамын «Дұрыс жауабын айт». Ойынын шарты мынадай, бір баланы шақырып үстелдің үстіндегі катточканы тандатып сол карточкадағы сұраққа дұрыс жауап беру керек. -Назым келіп қалаған түсіңді таңда. Назым бізге тырна туралы тақпақ айтып беру керек. -Матвей сен түлкі туралы қандай жұмбақ білесін? -Кәусар бәзге дос туралы мақал-мәтел айтып беру керек екен. -Мынау суретте көріп тұрған жануардың қандай жануар екенін, ол қалай дыбыстайтынын және қалай жүретінін көрсет. -Бейбарысқа да дос туралы мақал мәтел айтып беру сұрағы түсіпті. -Сымбат тырна туралы қандай жұмбақ жасырасын бізге? -Асылхан ал сен қандай мақал білесін достық туралы. -Мысықтын дауысымен жүрісін сал. -Жарайсыңдар балалар! Сендердің білімділіктерінін арқасында мынау бөлшектерден нелердін суреттері жасырылып тұрғанын білдік. -Ал енді осы құрастырған суреттерімізді орыс тілінде айтайық. -Ертегі-сказка, түлкі-лиса, тырна-журавль, дос-друг, татулық-дружба. -Көрдіңдерме балалар түлкі мен тырна ұқсап ренжісіп қалмау үшін, бір-бірінді ренжітпейтін, алдамайтын, өтірік айтпайтын дос болу керексіңдер. |
Балалар тәрбиешімен бірге тақпақты айта отырып қймылды-қозғалыс жасайды. Қонақтармен амандасады.
Орындарына отырып тәрбиешіні тындайды. Бір-бірімен ұрыспайды,тату ойнайды. Балалар қолдарына доптарын алып, тақпақты айтып қймыл-қозғалыс жасайды. Ынталы: -Ұзын сирақ тырналар Бай келеміз жырға біз Оңашаны сүйкміз Жиналып ап билейміз Ұшқан кезде жиналып Жұрт қарайды қызығып Бұлттан әрі асқанда Ән шырқаймыз аспанда. Бағым: -Өзі қу, Жүрген жері айқай-шу. Аружан: -Жат асыңа қарайды, Дос басыңа қарайды. Демеу: -Дос сыртынан мақтар, Жау көзіңе мақтар.Шапағат: -Бөлеймін ұшсам Аспанды жырға Мен болам асқан Сида құс тырна. Байтөре: -Дос табу оңай сақтау қйын,жау болу оңай тоқтату қйын. |
Кутілетін нәтиже:
Білу: Балалар «Түлкі мен тырна» ертегісімен танысып тыңдай білді.
Меңгерді: Оқу іс-әрекетін түсініп достық жайлы меңгерді.
Жасай алды: Тақпақ мақал-мәтелдерді айта алды.