Жаңа сабақтар

Ижапқұлова Гүлжазира Кенжебайқызы

Атырау облысы,Қызылқоға ауданы,Миялы селосы

“Нұр-Шуақ” бөбекжай-бала бақшасы

Ижапқұлова Гүлжазира Кенжебайқызы

II-санатты тәрбиеші

Тақырыбы: «Дос-болайық бәріміз»

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт — дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт — саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.

Көрнекілігі: суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, бүлдіршіндер, қонақтар мен құрметті ата — аналар қауымы.

Бүгінгі біздің «Дос-болайық бәріміз»- деп аталатын мәдени – бала бақша ішілік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

Елім менің – Қазақстан Отаным,

Алға өрле үшінші мың жылдықпен

Тек достықпен, өзгеде ел — халықпен — деп бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату — тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

Енді кезекте Көбелек тобының бүлдіршіндері дайындаған жаттауларына кезек берейік.

Раяна:

Жан біткенде жас тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.

Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жанымды.

Жер-дүние тербеліп,

Дала,қала құлпырды.

Азамат:

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын біздің туда ортақ.

Ақпыз,қара,сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Нұрайым:

Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.

Абдурахман:

Достық – шырағымыз,

Достық – ұранымыз.

Достық туымыз,

Достық әніміз.

Еркеназ:

Дос болып түрлі халықтар,

Жасай тұғын ғасырмын.

Бақыттымын әлемге

Ұмытылмас асылмын.

Сұлтан:

Бейбітшілік ұраны,

Жарқыраған алтын күн.

Ән қанаты қыраны

Еркіндігі халқымның.

Қарақат:

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз.

Би: «Өзбек» Көбелек тобының қыздары. Раяна,Нұрайым,Аяжан,Айбибі.

Аян:

Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным — Қазақ елім.

Мирлан Нұрислам:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

Орынгүл:

Жасампаз жыр — әнім,

Өзіңсің ғажапстан .

Өсиет, ұраным,

Отаным –Қазақстан.

Жүргізуші: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Дидактикалық ойын: «Қай ұлттың бас киімі?»

Ойын шарты: Көрсетілген әр ұлттың бас киімін сұрау.

Ән: «Көктем» Көбелек тобының бүлдіршіндері.

Би: «Боз жорға» Көбелек тобының ұлдары.

Қоныс Нұрислам:

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!

Ақниет:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!

Әнуар:

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер!

Самғат:

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз,қара,сарымыз.

Нұрбақыт:

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала тауымыз.

Айбибі:

Ортақ жұпар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы ұлымыз.

Рахметолла Нұрислам:

Сары,ақпыз,қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Біз Отанда тұрамыз,

Біз мектепке барамыз.

Би: «Орыс» Көбелек тобының қыздары: Еркеназ,Қарақат,Орынгүл.

Ән: «Біз-өмірдің гүліміз» Көбелек тобының бүлдіршіндері.

Жүргізуші: Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Көбелек» тобының дайындаған «Дос-бәріміз болайық» ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.